Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет74/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   206
ЖАРЫҚ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯСЫ – жарық толқындарының 
қабаттасуы нәтижесінде бірін-бірі күшейтуі немесе әлсіретуі. Егер 
екі толқынның ӛркештері мен ӛркештері, сайлары мен сайлары дәл 
келсе, онда олар бірін-бірі күшейтеді; ал біреуінің ӛркештері 
екіншісінің сайларына дәл келсе бірін-бірі әлсіретеді. Жарық 
интерференциясы 
кезінде 
қабаттасқан 
жарық 
шоғының 
қарқындылығы бастапқы шоқтың қарқындылығына тең болмайды. 
Механикалық толқындар да интерференцияланады. Жарық 
интерференциясына қатысты кейбір құбылыстарды Исаак Ньютон  
бақылаған. Бірақ ол ӛзінің корпускулалық теориясы тұрғысынан 
бұл құбылысты түсіндіре алмады. 19-ғасырдың басында ағылшын 
ғалымы Томас Юнг және француз физигі Огюстен Френель  жарық
интерференциясын толқындық құбылыс ретінде түсіндірді. Кез 
келген жарық толқындары қабаттасқанда интерференция құбылысы 
байқалмайды. 
Тек 
когерентті 
толқындар 
ғана 
интерференцияланады. Жарық интерференциясының кӛмегімен 
жарық толқындарының ұзындығы ӛлшенеді, спектр сызықтарының 
нәзік түзілісі зерттеледі, заттың тығыздығы мен сыну кӛрсеткіші 
тәрізді қасиеттері анықталады. 
ЖАРЫҚ ҚЫСЫМЫ – жарықтың шағылдыратын немесе жұтатын 
денеге түсіретін қысымы. Күн маңынан ұшып ӛткен кезде 
құйрықты жұлдыздың (кометаның) құйрығының қисаюына жарық 
қысымының әсері болатындығын 1619 ж. алғаш рет неміс 
ғалымы Иоганн Кеплер болжаған. 1873 ж. ағылшын физигі Джеймс 


Максвелл электрмагниттік теорияға сүйене отырып, жарық 
қысымының шамасын анықтады. 1899 ж. орыс физигі Петр Лебедев 
жарықтың қатты денелерге, кейінірек газдарға (1907 – 10) түсіретін 
қысымын ӛлшеді. Жарық қысымын жарықтың электрмагниттік 
теориясы  мен кванттық теориясы негізінде түсіндіруге болады. 
Жарық қысымы әсерінен Жердің жасанды серіктерінің орбиталары 
аз да болса толықсиды. 
ЖАРЫҚТЫҢ СЫНУЫ – екі ортаның шекаралық қабатына 
түскен сәуленің екінші ортаға ӛткен бӛлігінің бастапқы бағыттан 
ауытқуы. Жарықтың сыну заңдары былай тұжырымдалады: 
1. түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бӛлетін шекаралық 
бетке жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түскен 
сәуле мен сынған сәуле ӛзара қайтымды болады; 
2. түсу бұрышы синусының (α) сыну бұрышы синусына (φ
қатынасы тұрақты шама болады: мұндағы n – ортаның сыну 
кӛрсеткіші. Берілген заттың вакууммен салыстырғандағы сыну 
кӛрсеткіші сол заттың абсолюттік сыну кӛрсеткіші деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет