Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет76/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   206
ЖЕЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҤРЛЕРІ - атмосфералық қысымның 
айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік 
бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел 
жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды 
аиемометр депатайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы 
Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз 
тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары 
болатын апатты дауылдарды белгілейді. Жел жылдамдығымен 
қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның 
соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес
кӛкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), 
солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), 
оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). 
Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен 
қайталануын жел ӛрнегі деп аталатын сызба күйінде кӛрсетуге 
болады. Жел бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайтынын 
білесіндер (оның құрылысын естеріңе түсіріддер). Желдерді 
жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін 
желдер, жоғары және тӛмен қысымды орталықтардан соғатын 
желдер деп жалпы үш топқа бӛледі. Жергілікті желдер қатарына 
бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум 
және т.б. жатады. Олардың кейбіреуімен сендер ӛткен 6—7-
сыныптардағы география сабақтарынан танысасыңдар. 
ЖЕЛ АҒЫСЫ – мұхит пен теңіз суының жоғарғы қабатында 
(үйкеліс қабаттары деп аталатын 100 м, кейде 200 м тереңдік) жел 
мен судың арасындағы үйкелістен пайда болатын ағыс. Бір бағытта 
ұзақ соғатын желдің әсерінен пайда болған жел ағысын дрейфтік 
(ықпа) ағыс (мысалы, Солтүстік және Оңтүстік пассаттық ағыстар, 
Батыс желдердің ағысы, т.б.) деп те атайды. 


ЖЕЛДІҢ ҚЫСЫМДЫҚ ЗАҢЫ - жерге жакын ауа қабатында 
желдің бағыты, солтүстік шарда қысым градиентінің оң жағында, 
оңтүстік шарда сол жағында жатады, бұрыш 90°-қа жақын. Егер 
желге арқаны беріп, желдің ағу бағытына қарап тұрсақ, сол жақта 
сәл алдыда тӛменгі қысым, оң жақта сәл артта жоғаргы қысым 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет