аралдары: Балеар, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит және Кипр.
Теңізге ірі Ніл, По, Рона, Эбро ӛзендері құяды. Жас альпілік
геосинклинальдік
аймақта орналасуына байланысты, түпкі бедері
күрделі. Ең ірі қазаншұңқырлары: Алжир - Прованс, Орталық
қазаншұңқыр және Геллен шұңғымасы. Тиррен теңізінің
қазаншұңқырының тӛңірегінде сӛнген
және әрекетті жанартаулар
бар. Бүкіл Жерорта теңізі аймағына субтропиктік климаттың
―жерортатеңіздік‖ деп аталатын ерекше типі тән: қысы ылғалды әрі
жылы, жазы құрғақ және ыстық. Судың беткі қабатының
температурасы ақпанда теңіздің солтүстігінде 12° С-тан оңтүстікте
18° С-қа дейін, тамызда батысында 20 — 25° С-тан оңтүстік-
шығысында 28 — 30° С-қа дейін кӛтеріледі. Су кӛп буланады,
сондықтан тұздылығы жоғары. Батысында 36ү-ден, шығысында
39,5ү-ге дейін құбылады. Толысу толқынының биікт. 0,1 — 0,5 м,
Тунистің шығысында 1,7 м-ге жетеді. Негізгі ағыс
Гибралтардан
Ливанның жағасына дейін Африканы бойлап ӛтеді. Оқшау
теңіздерде су циклондық айналым жасайды. Теңізде балықтың 550-
дей түрі бар. Сардина, тунец, макрель, скумбрия, т.б. ауланады.
Жерорта теңізінің Адрия және Эгей теңіздерінің қайраңдарында
мұнай, газ ӛндіріледі. Теңіз арқылы аса маңызды халықаралық теңіз
жолдары ӛтеді. Басты порттары: Барселона (Испания), Марсель
(Франция), Генуя, Неаполь, Венеция, Триест (Италия), Риеака
(Югославия), Пирей және Салоники (Грекия), Бейрут (Ливан),
Александрия, Порт-Саид (Египет), Триполи (Ливия),
Алжир
(Алжир). Түркия жағалауында дүние жүзіне әйгілі курорттар бар.
Жерорта теңізінің жағалауында Испания, Франция, Италия,
Монако, Мальта, Хорватия, Босния және Герцоговина, Югославия,
Албания, Грекия, Түркия, Кипр, Сирия, Ливан, Араб елдерінің
аумағы, Израиль, Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Мароккоелдері
орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: