дер кезінде хабар беретін кондырғылар орнатылған. Жер сілкінуді
алдын ала болжау үшін арнайы сейсмологиялық институт жұмыс
істейді. Мұнда ең жаңа құралдармен бірге үй жануарларының
кӛмегімен (мінез-құлықтарының ӛзгерістеріне негізделген) жер
сілкінуге
болжам
жасалады.
Республиканың
климат
ерекшеліктеріне байланысты жазда аңызақ (ыстық құрғақ) желдер
жиі болады. Аңызақ Желдер егістіктерге зиянын тигізеді, күшті
дауылдар тұрғын үйлерді, байланыс жүйелерін, жолдарды қиратуы
мүмкін. Ғарыштық метеорологиялық зерттеулер арқылы аңызақ
желдер алдын ала болжанады. Табиғаттағы апат құбылыстарын
алдын алу үшін тұрғын үйлерді апатқа тӛтеп беретіндей етіп салу,
елді мекендерді орналастыруда табиғат ерекшелігін ескерудің
маңызы зор. Табиғаттағы заңды түрде жүретін ырғақтық (циклдық)
апат әкелетін ӛзгерістерді (теңіз деңгейінің кӛтерілуі, жұттардың
болуы және т.б.) ескерген жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: