пайдаланған. Жетіқарақшының ең жақсы кӛрінетін айлары —
наурыз, сәуір айлары. Жетіқарақшы республиканың барлық
аумағынан айқын кӛрінеді.
ЖҦЛДЫЗ – ӛте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, ӛзінен
жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсасаспан
денелері. Күн Жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып
кӛрінеді. Күннен Жерге дейінгі аралықты жарық 81/3 мин, ал ең
жақын Центаврдағы α жұлдызына дейінгі аралықты 4 жыл 3
айда
жүріп
ӛтеді.
Жұлдыздар
Жерден
ӛте
қашық
орналасқандықтан, телескоппен қарағанның ӛзінде де нүктедей
ғана болып кӛрінеді. Айсыз түнде жай кӛзбен қарағанда 5 мыңға
жуық жұлдызды, ал күшті телескоп арқылы миллиардтаған
жұлдызды кӛруге болады. Ерте заманның ӛзінде-ақ адамдар
жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бӛлген. Қазіргі кезде 88
шоқжұлдыз бар. Кӛп уақытқа дейін жұлдыздар орнынан
қозғалмайды деп есептелген. Аристотель заманынан (біздің
заманымыздан бұрынғы 4-ғасыр) бастап, кӛптеген ғасырлар бойы
жұлдызды аспан мәңгілік және ӛзгермейтін хрусталь сфера тәрізді,
оның сыртында құдайлар ӛмір сүреді деп жорамалданды. 16-
ғасырдың соңында Джордано Бруно жұлдыздар да Күн сияқты
аспан денелері деген пікір айтты. 1596 жылы алғаш рет айнымалы
жұлдыз (неміс астрономы Йоханнес Фабрициус), ал 1650 жылы
алғаш рет қос айнымалы жұлдыз (италиялық ғалым Джованни
Риччоли) ашылды. 1835 – 39 жылдары орыс астрономы Василий
Струве, неміс астрономы Фридрих Бессель және ағылшын
астрономы Т.Гендерсон алғаш рет ең жақын үш жұлдызға дейінгі
қашықтықты анықтады. 19-ғасырдың 60-жылдары жұлдыздарды
зерттеу үшін спектроскоп, ал 1880 жылдан фотография
пайдаланыла бастады. 20-ғасырдың басында, әсіресе 1920 жылдан
кейін, жұлдыз жӛніндегі ғылыми кӛзқараста тӛңкеріс болды.
Жұлдыз физикалық дене ретінде қарастырылып, оның құрылысы
мен құрамындағы заттардың тепе-теңдік шарттары,энергия
кӛздері зерттеле
бастады.
Бұл
тӛңкеріс,
әрине атомдық
физиканың жетістіктерімен тығыз байланысты еді. 20-ғасырдың
орта шенінде ЭЕМ-діқолдануға байланысты жұлдыздарды зерттеу
мәселесі одан әрі тереңдей түсті.
Достарыңызбен бөлісу: