ЖЫРА — жауын және қар суларының бұзу әрекетінен пайда
болған рельефтің ойық формасы. Ұзындығы бірнеше километрге
жетеді, тереңдігі 10— 15 м және одан да тереңірек болады.
Жыралар әсіресе борпылдақ жыныстарда тез пайда болады.
Жыралардың ӛсу жылдамдығы жылына 3—5 м-ге, тіпті 25 м-ге де
жетеді.
ЖОТА – кӛтеріңкі жер бедерінің атауы. Оның биіктігі, ұзындығы
және пішіндері, әдетте, жер бедерінің даму ерекшелігіне және
түзілген тау жыныстарыныңлитольдік құрамына байланысты.
Жоталар таулы жер бедерінің басты құрамдас бӛліктерінің бірі.
Олар бірлесіп тау тізбегін құрайды. Тау жоталары бір-бірімен
қиылыспайтын тау торабынан таралып – радиальді Жота, басты
жотадан қарама-қарсы жаққа қарай екінші қатардағы жоталар
таралып – қазбауырлы жота, сондай-ақ бұталы жота (виргация)
болып орналасуы мүмкін. Жоталар пайда болуына байланысты
жанартаулық, эрозиялық және тектоникалық болып бӛлінеді.
Абсолютті биіктіктеріне қарай – аласа, орта және биік жота болып
келеді. Геологиялық уақыт бойында сыртқы (экзогендік)
процестердің әсерінен жоталар мүжіліп тӛбелі тауларға, ұсақ
шоқыларға айналады. Мұндайморфологиялық және геологиялық
жасы
жағынан
біршама
ескі,
мүжілген
жоталар
аймағына Сарыарқаны жатқызуға
болады.
Сонымен
қатар,
Қазақстан жерінде геологиялық жасы едәуір егде болғанымен
морфологиялық
жағынан
жас
жоталар
кездеседі
(мысалы, Қаратау жотасы)
Достарыңызбен бөлісу: