І
ІЛЕ — Балқаш кӛлі алабындағы ӛзен. Қазақстанның Алматы
облысында және ҚХР-дың Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық аудан
аумағында, Орталық Тянь-Шань тауларынан (Тәңіртаудан) бастау
алатын Текес пен Күнес ӛзендерінің қосылуынан пайда болып,
Балқаш кӛліне құяды. Ұзындығы 1001 км (Текес саласымен 1439
км), Қазақстан аумағында 815 км. Су жиналатын алабы 140000 км²,
Қазақстан аумағында 77400 км². Жоғарғы бӛлігі таулық сипатта. Оң
саласы Қаш ӛзені құйғаннан кейін аңғары кеңейеді. Қапшағай
қаласына дейін Іле жағасы аласа, кең аңғармен ағады,
жайылмаларының кей жерлері батпақтанады. Қапшағай шатқалы
тұсында ӛзен арнасы бӛгеліп, Қапшағай бӛгені салынған.
Тӛменіректе Күрті ӛзені құйғаннан кейін аңғары едәуір
кеңейіп,Сарыесікатырау және Тауқұм аралығымен
ағады.
Ірі
салалары: Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын,
Үсек (Ӛсек), Қорғас. Балқаш ауданында ӛзеннен Шетбақанас,
Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары
тарамданады. Сағасынан 340 км жерде Іле салаланып, үлкен атырау
құрайды. Оның ұзындығы 130 км, енді жері 100 км-ге дейін, ауданы
9000 км². Іле ӛзені мұздық, жауын-шашын, жер асты суларымен
толығады. Су ресурстарының шамамен 30%-ы Қазақстан, 70%-
ы Қытай аумағында қалыптасады. Кӛп жылдық орташа ағымы
Қайырған бекетінде (шекара тұсында) жылына 12,35 км³, Балқашқа
құятыны 11,85 км³. Суының минералдығы 286 мг/л-ден 877 мг/л-ге
дейін (шекара маңында) ӛзгереді, атырау басында (Үшжарма) – 320
– 345 мг/л.
К
КАЙНОЗОЙ, кайнозой эрасы, кайнозой эратемасы (грек. kaіnos –
жаңа, zoе – ӛмір) – Жердің геологиялық дамуының соңғы 65 млн.
жылын қамтитын уақыт мерзімі және соған сәйкес келетін тау
жыныстарының қабаты. Кайнозой эрасы тӛменнен жоғары
қарай палеоген,неоген және тӛрттік кезеңдеріне бӛлінеді (кестені
қ.). Кайнозой эрасында құрлықтар, олардың жер бедері осы күнгі
қалыпқа келді. Палеоген кезеңінде тектоник. белсенділік артқан.
Оның басты себебі – оңтүстіктен ығысқан микроконтиненттердің
(қазіргі Иран,Ауғанстан, Үндістан аумағы) Еуразия құрлығымен
соқтығысуы. Мұхиттардың нобайы қазіргіге жуықтап, деңгейі
палеогеннің аяғында күрт тӛмендеген (қазіргіден 400 м шамасында
тӛмен болған). Ол тек миоценнің ортасында ғана қазіргі деңгейге
жеткен. Палеоцен мен эоцен дәуірлерінде Гренландия Еуразиядан
бӛлініп, су асты жотасы бойымен бір-бірінен алшақтаған.
Құрлықтардың барлығында терең регрессиялар байқалған. Теңіз
Шығасыр Еуропаның оңтүстігінде (Қара теңіз алабы), Кавказ алды
аумағында және олардың шығысында, Каспий сырты (Тұран)
аудандарында сақталған. Ежелгі теңіз алаптарының жүйесі – Тетис
біртұтас мұхит алабы ретінде ӛмір сүруін тоқтатып, Атлант және
Үнді мұхиттарымен жалғасқан Жерорта т. (Ион, Левантия) және
шығыс пен Солтүстік жағындағы Паратетис алаптарына бӛлініп
кетті.
Паратетис
батысында
– Альпі,
Карпат
және
Динартауларының етегінен басталып, шығысында – Каспий мен
Аралға дейін созылған. Эоценнің соңы мен олигоцен дәуірінде
Жердің құрылымдық сұлбасы, құрлықтардың нобайы мен
мұхиттардағы орт. жоталардың орналасуы қазіргі түрге жақын
келген. Миоценде Альпі – Гималай тау белдеуінің қалыптасуы
жалғасып, олардың кӛптеген шыңдары 7 мың м-ге дейін, ал ең биік
деңгейлерге тӛрттік кезеңде жетті. Миоценнің соңында Үлкен және
Кіші Кавказ тау жүйелері, Батыс Сібір тақтасы мен Торғай ойысы
пайда болды. Қарқынды кӛтерілімдер Тянь-Шаньда, Қазақстанның
шығысында, Алтай – Саян алқабында, Байкал алды және
Байкалдың Оңтүстік мен солтүстігінде, Становой жотасы мен
Охотск массивтерінде орын алды. Жер бетіндегі күрделі ӛзгерістер
климаттың ӛзгеруіне әкелді. Палеоген кезеңінде экватор, екі
тропиктік және екі субтропиктік белдеулер қалыптасқан, ал
олигоцендегі салқындау кезеңінде оларға екі қоңыржай белдеу
қосылған. Солтүстік жарты шарда аридтік климат Батыс Сібірдің
оңтүстігінде, Солтүстік Африкада, Таяу және Орта Шығыста,
Солтүстік Азияда, Оңтүстік Қазақстанда, Моңғолияның батысында,
АҚШ-тың Оңтүстік мен Мексикада басым болған. Миоцендегі
салқындау бірінші кезекте полюс және қоңыржай ендіктерді
қамтыған. Антарктидада жабын мұздықтар ұлғайып, Солтүстік
жарты шарда тау мұздықтары пайда болған. Плиоцен дәуірінде
экваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай және суық климат
белдеулері қалыптасқан. Тӛрттік кезеңде құрлықтық мұзбасулар
(Солтүстік жарты шарды қамтыған) орын алған. Мұзбасу
орталықтары Балтық және Канада қалқандарында орналасқан,
олардағы мұздың қалыңд. 3 км-ге дейін жеткен. Мұз қабаттары
Альпі, Карпат, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Орал, Гималай
тауларының етегіне дейін басып жатқан. Альпіде тӛрт мұзбасу:
гюнц, миндель, рисс және вюрм кезеңдері болған. Мұзбасулар
мұхит деңгейіне ӛте үлкен әсер еткен. Ең жоғары мұзбасу кезінде
мұхит деңгейі 150 м-ге тӛмендеп, ал мұз еріген кезде сол шамаға
кӛтерілген. Мезозой мен кайнозой эраларының аралығында
жануарлар әлемінде кембрийден бері қарай алғашқы ірі дағдарыс
болған. Алып динозаврлардан бастап, ұсақ фораминиферлерге
дейін жойылып кеткен, ал сақталып қалғандары ӛз мәнін жойған.
Олардың орнын тез дами бастаған сүтқоректілер басты. Теңіздерде
омыртқалылар: сүйекті балықтар, шеміршекті акулалар мен
скаттар; алғашқы сүтқоректілер – киттер, сиреналар, дельфиндер
пайда болған. Жер бетін жайлаған жорғалаушылардан –
қолтырауындар,
кесірткелер,
тасбақалар
мен
жыландар;
қосмекенділерден – алып саламандралар, бақалар дамыған.
Палеогеннің басында приматтардың ең қарапайымы – лемурлер,
яғни жартылай маймылдар – антроподтар шыққан. Плиоценнің
соңы мен тӛрттік кезеңнің басында Шығасыр Еуропаның Оңтүстік
мен Қазақстанда жылу сүйгіш мастодонттар, пілдер, гиппарион,
семсер тісті жолбарыс, этруск мүйізтұмсығы, т.б. ӛмір сүрген.
Плейстоценнің соңы – голоценнің басында қатал климатқа
бейімделген мамонттар, жүндес мүйізтұмсықтар мен үлкен мүйізді
бұғылар жойылып кеткен. Жер беті флорасы арасында жабық
тұқымдылар дамуын жалғастырған. Олардың ішінде тропиктік
және субтропиктік ормандарда пальма, магнолия, мирт, фикус,
алып секвоя, араукария мен кипаристер ӛсті. Қоңыржай климатты
алқаптарда үлкен жапырақтылар мен ұсақ жапырақтылар – емен,
бук, каштан, терек, қайың, т.б. ӛскен. Палеогенде ӛте ірі латеритті
және латеритті-шӛгінді боксит (Австралияда, Африкада, Латын
Америкасында, Жерорта теңізіндегі бірқатар аудандарда, Оңтүстік
Орал, Солтүстік Қазақстан платформаларында, Тӛм. Ангар мен
Батыс Байкал), ең ірі марганец (Никополь, Чиатура, Батыс Африка),
бірқатар оолитті темір (Солтүстік Америка, Батыс Сібірдің
Оңтүстік мен Солтүстік Қазақстанда), ең ірі мұнай (Иран, Ирак,
Орталық Азия, Венесуэла) кен орындары кендері түзілген.
Кайнозой эрасының түзілімдерінде барлық кӛмір қорының 15%-і
шоғырланған. Оның ішінде таскӛмір қабаттары Сахалинде,
Жапонияда, Қытайдың шығысында; қоңыр кӛмір кен орындары –
Германияда (Рейн алабы), АҚШ-та (Солтүстік Дакота) және
Украинада; сынап кен орындары Испанияда, Италияда,
Югославияда және Ресейде; мыс және молибден кен орындары
АҚШ, Чили, Боливия мен Перуде шоғырланған. Неоген
түзілімдерінде мұнай мен газдың есептелген қорларының үштен
бірі шоғырланған. Алып мұнай-газ кен орындары Иран –
Месопотамия мен Кордильер – Анд аймағында: Иран, Ирак, Сауд
Арабиясы, Кувейт, Катар, Венесуэла, Мексика шығанағында
орналасқан. Ал Еуразияда мұнай мен газ кен орындары
Кавказда, Каспий ойпатында, Батыс Түрікменстанда, Карпатта
және Сахалинде орналасқан. Неоген магматизмімен ірі қалайы
(Анд), алтын, күміс, мыс кен орындары байланысты. Неоген
кезеңінде калий және ас тұзы, фосфорит, трепел, құрылыстық
таужыныстары түзілген. Тӛрттік түзілімдермен әр түрлі
кенқайраңдар, шӛгінді кендер, бейметалл кен байлықтары, жер
асты сулары мен мұздықтар байланысты. Дүниежүз. мұхиттың
терең сулы алқаптарында темір-марганецті және мыс-ванадийлі
тасберіштер (конкреция) шоғырланған.
Достарыңызбен бөлісу: |