45
теориялық ұстанымдарға тікелей байланысты және зерттеудің ғылыми-
негізделген тұғырларға негізделген
әдіснаманы талап етіледі.
Сондықтан,
болашақ
информатика
мұғалімінің
педагогикалық
креативтілігін ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыру
мақсатында ғылыми зерттеуді ұйымдастырудағы ерекше міндеттердің бірі
зерттеудің әдіснамалық негізін айқындайтын әдіснамалық тұғырларды
іріктеу мен таңдау. Бұл келесі шарттармен шешіледі: зерттеу мәселесіне
байланысты әдіснамалық тұғырлар зерттеудің
мақсаттары мен міндеттеріне
толық сәйкес болуы қажет, әрі зерттелетін құбылыстың ақиқат әрі біртұтас
тұтас бейнесін алу үшін бір емес, бірнеше тұғырларды пайдалану маңызды.
Ш.Т.Таубаева әдіснаманың әдістері туралы ілім екендігін тұжырымдап,
оларды зерттеу жұмысымен айналысушының ойлау сипатының, танымдық
үдерісінің жетілдірілуінің бағытын анықтаушы ретінде қарастыру
қажеттілігін ұсынады. Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір
гносеологиялық ұстанымдар негізінде қаралған
бастапқы әдіснамалық
тұжырымда жүзеге асады» [113].
Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл танымның ұстанымдары,
әдістері мен формалары, үдерістері мен педагогикалық нақтылықты қайта
құру жайлы ілім [114].
Педагогикалық ғылыми зерттеулердің жиі басшылыққа алынатын
В.И.Загвязинскийдің анықтауы бойынша, педагогиканың
әдіснамасы - бұл
педагогикалық білім және оны меңгеру үдерісі, яғни педагогикалық таным
туралы ілім. Олар:
1. Педагогикалық білімнің құрылымы мен әрекеті, оның ішінде
педагогикалық мәселелер туралы ілім;
2. Әдіснамалық мағынасы бар бастапқы, негізгі, іргелі,
философиялық,
жалпы ғылыми және педагогикалық ережелер (теориялар, тұжырымдамалар,
болжамдар);
3. Педагогикалық таным әдістері туралы ілім (тар мағынадағы әдіснама)
115
.
Ғалым-педагогтар әдіснамалық бағдар ретінде «тұғыр» ұғымын жиі
қолданады. Бұл ретте, педагогикалық зерттеулерде және педагогикалық
жобаларды әзірлеу барысында кӛптеген тұғырлар: жүйелік, жүйелік-
әрекеттік, кешенді, жеке тұлғалық, т.б. қолданылады. Тұғырлардың әр
түрлілігі олардың эвристикалық құндылықтарын
қамтамасыз етеді және
педагогикалық құбылыстар мен үдерістер, педагогикалық теорияны құру,
педагогикалық ғылым мен практиканы тұтасымен дамытуды жан-жақты
қарауға және зерттеуге үлкен мүмкіндіктерді ашады. Осы мағынасында,
«әдіснама» ұғымы «тұғыр» ұғымынан мазмұндырақ. Тұғыр ғылыми зерттеу
немесе ғылыми қайта құру үдерісінің барлық кезеңінде басты бағдар ретінде
әрекет етсе, әдіснамалық міндеттерді атқарады [116].
Педагогикалық тұғырларды таңдау олардың қолданылу жағдайының
мақсатына (педагогикалық және білім беру мақсаттары)
және ерекшелігіне
(студенттерге, мұғалімдерге немесе оқу ортасына қатысты) байланысты
46
болады. Ұсынылатын педагогикалық тұғырлардағы айырмашылықтар да
маңызды: бағдарлама шеңберіндегі білім алушылардың әр түрлілігін
(мысалы, гендерлік немесе мәдени болмысы) ескере отырып, түрлі тұғырлар
қолданған жӛн.
Педагогикалық креативтіліктің қазіргі заманғы зерттеулеріне сәйкес,
педагогикалық үдеріс – болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық
креативтілігін қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады,
және ол
жалпы педагогикалық дайындықтың құрамдас бӛлігі ретінде және жоғарғы
педагогикалық білімді кәсіби оқытудың формасы ретінде
жүйелік, тұлғалық,
Достарыңызбен бөлісу: