47
сүйенуді кӛздейтін тұғыр. Бұл тұғырға негізделген зерттеуде адам –
әлеуметтік-тарихи дамудың ӛнімі ретінде танылады. Білім беру мазмұнының
құрылымын жасауға негізделген тұлғалық тұғыр, қалыптасу үшін
маңызды
мінездемелерді кӛрсететін жеке қасиеттерге: тұлғаның бағдарына, оның
құндылықтық ұстанымдарына, ӛмірлік жоспарларына, алдына қойған
мақсаттарына және әрекетте және мінез-құлықтағы басым мотивтеріне тірек
ретінде түсіндіріледі.
Тұлға мәселесі бірнеше ғылымдардың (философия, психология,
педагогика, әлеуметтану және т.б.) зерттеу нысаны.
Философияда тұлға
таным және іс-әрекеттің субьектісі ретінде, психологияда ол сапалық
қасиеттердің, психикалық үдерістердің (мінез-құлық, темперамент, қабілет
және т.б.) жиынтығы ретінде, педагогикада
оқыту және тәрбиелеу,
қалыптастыру нысаны ретінде, әлеуметтануда қоғам ӛміріндегі әрекеттік
салалардың зерттеу пәні ретінде қарастырылады.
Тұлғаның құрылымы - тұлғалық қасиеттерден тұратын, белгілі мінез-
құлықты және темпераментті айқындайтын, сондай-ақ
маңызды қасиеттерді
құрайтын жеке биологиялық қасиеттердің жиынтығы. Психологиядағы
тұлғаның гуманистік теориясы ӛзін-ӛзі белсендіруге бағытталған туа біткен
талпынысты тұлғаның дамуының негізі ретінде қарастырады. Гуманистік
теория шеңберінде, тұлға ол - ӛзін-ӛзі жетілдірудің нәтижесі ретіндегі «Мен»,
адамның ішкі әлемі болып табылады және тұлғаның құрылымы - «шынайы
Мен» және «жетілген Мен» екеуінің ӛзара қатынасы, сондай-ақ ӛзін-ӛзі
жетідірудің қажеттіліктерінің дамуының жеке деңгейі.
Тұлғаға бағытталған оқыту моделін іске асыру үшін, біріншіден, білім
беру үдерісінің тұжырымдамасын оқыту
мен білім берудің жиынтығы
ретінде емес, жеке тұлғаны дамыту, білім мен оқытуды үйлесімді түрде
біріктіретін қабілеттерін дамыту ретінде қабылдау маңызды. Екіншіден, білім
беру
үдерісіндегі
негізгі
қатысушылардың:
басқарушылардың,
мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналардың қарым-қатынасын
анықтау қажет. Үшіншіден, білім беру үдерісінің инновациялық тиімділігінің
критерийлерін анықтау керек [118].
Болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігін
қалыптастыруда танымдық іс-әрекеттер кезінде олардың әрқайсысының жеке
тұлғалық ерекшеліктеріне айрықша назар аударылып,
тұлғаның жеке
психологиялық ерекшеліктерін, мақсаттарын, қабілеттерін, мотивтерін және
басқа да қажеттіліктерін ескеру кезінде тұлғалық тұғыр негіз болды.
Тұлғалық
тұғырды
қолдану
болашақ
информатика
мұғалімінің
педагогикалық креативтілікті қалыптастыруда оқуға деген жеке қабілеттерін
дамыту, қазіргі қоғамның ӛміріне тиімді қатысуға қабілетті адамдарды
дайындауға жол ашады. Болашақ информатика мұғалімдеріне ӛздерінің
білімін дербес басқару үшін,
мақсаттарды қалыптастыру, жоспарлау
тапсырмаларын орындау, бағалау қағидаларын тұжырымдау және т.б. үшін
белсенді болу ұстанымы басшылыққа алынады.