4
AНЫҚТAМAЛAP
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге
сәйкес анықтамалар
кӛрсетілген:
Креативтілік - адамның шығармашылық белсенділігімен, жаңа ӛнімнің
қажеттілігіне, түпнұсқа идеялардың туындауына, стандартты емес
мәселелерді
тиімді шешуге, ақпаратты оңтайлы түрлендіруге, қалыптан тыс
ойлауға, мінез-құлыққа,
қарым-қатынасқа, нәтижені болжауға байланысты
кӛрінетін тұлға сапасы.
Креативті педагогика –
бұл дамудың педагогикасы, яғни тарихи
бағытталған білім беру идеялары мен білім беру тәжірибесінің
құраушыларының
жиынтығы, ол ӛзінің бағытталған іс-әрекеті барысында
адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігі –
оның педагогикалық іс-әрекеттегі коммуникативтік және дидактикалық
мәселелерді дәстүрлі және цифрлық педагогикалық
технологиялар арқылы
жылдам анықтау мен олардың тың әрі тиімді шешімдерін іске асыруға
шығармашылық даярлығы
Білім беру – тарихи даму үдерісінде қоғамның
жинаған тәжірибесін
меңгерту, тұлғаны рухани қалыптастыру үдерісі.
Оқыту – мұғалім мен білім алушының ӛзара қарым қатынасының
кӛмегімен жүзеге асырылатын, ӛмір заңдарын
және қоршаған әлемнің
құбылыстарын тануға бағытталған үдерісс.
Қалыптастыру – бұл адамның барлық факторлардың: экологиялық,
әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық және т.б. әсерінен
жетілу үдерісі.
Әдіснама – әдістер туралы ілім, оларды
зерттеушінің ойлау сипатын,
оның танымдық үдерісінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру
қажет. Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық
ұстанымдар негізінде қаралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге
асады.
Достарыңызбен бөлісу: