5
БEЛГIЛEУЛEP МEН ҚЫCҚAPТУЛAP
ЖОО
- Жоғaры оқу орны
ЖБП
- Жaлпы бiлiм бeру пәндeрi
КП
- Кәсiптeндiру пәндeрi
ҚР
- Қaзaқстaн Рeспубликaсы
МЖМББС - Мeмлeкeттiк жaлпығa мiндeттi бiлiм
бeру стaндaрты
БӚЖ
- Білім алушының ӛзiндiк жұмыстaры
БОӚЖ
- Білім алушының оқытушымeн ӛзiндiк жұмысы
ХҚТУ
-Хaлықaрaлық қaзaқ-түрiк унивeрситeтi
ОҚМПУ -Оңтүстік
Қазақстан
мемлекеттік
педагогикалық
университеті
6
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңде қоғам біздің қалыпты ӛмір сүру
дағдыларымыз түбегейлі ӛзгертетін тӛңкерістің бастауында тұр, әлем
технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең әрі
қарқынды ӛзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Отандық жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге негіз болатын бағдар
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында «...
даярланатын кадрлардың
бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық
әлеуетін кӛтеру» ретінде айқындалған [1].
Ел президенті Қ.Тоқаевтың
«Сындарлы қоғамдық диалог –
Қазақстанның тұрақтылығы мен ӛркендеуінің негізі» Жолдауында [2] білім
беру сапасын жақсарту бағытындағы іс-шараларды кешенді іске асыру
міндеттелді. Ол Тӛртінші ӛнеркәсіптік революцияның қарқынды дамуы
үдерістерімен анықталады, онда адам капиталының рӛлі күшейе түседі.
Мұндағы басты ерекшелік білім беру, стейкхолдерлердің жаңа талаптары,
ғаламдық
жаңа талаптар, білім беру провайдерлері арасындағы ғаламдық
бәсеке, жүйе ішілік инноваторлар (оқу орындары) [3].
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
«Студенттерді
үш тілде оқыту бағдарламаларымен қамту тӛмен деңгейде болып отыр.
Студенттердің де, сондай-ақ оқытушылардың да тілдік құзіретін
жоғарылатуға қажеттілік бар. Ағылшын тіліндегі пәндерді оқытуды
ғылыми – әдістемелік қамтамасыз ету жеткіліксіз дәрежеде әзірленген…»
деп атап ӛтілгені мәлім [4].
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында іске асырудың бес
негізгі бағытының бірі: «Адами капиталды дамыту - жаңа жағдайға - білім
экономикасына кӛшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп
аталатынды құруды қамтитын түрлендіру» [5] ретінде белгіленген.
Соның
ішінде, адами капиталды дамыту бойынша базалық АКТ құзыретімен
шығарылған мамандар санының ӛсуі 2022 жылы 300000 адамға жеткізу
нәтижелік кӛрсеткіш ретінде анықталған. Бұл бағыт жоғары білім беру
жүйесінде креативті қоғамда кәсіби ӛсуге даяр, педагогикалық
креативтілікке ие болашақ информатика мұғалімдерін даярлауды
ӛзектілендіреді.
Ал,
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды
дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
«Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім
беруді жаңғырту» міндеті қойылған [6]
Бұл отандық білім беру сапасын арттырудың БҰҰ-ның тұрақты
дамуының тӛртінші «
Баршаны сапалы және әділ білім берумен қамтамасыз
ету және баршаның үздіксіз білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету» [7]
мақсатын басшылыққа алатын «
Білім-2030» Инчхон декларациясында
кӛрсетілген «...Сапалы білім шығармашылық рух пен білімді ынталандырады
…, сонымен қатар талдау дағдыларын,
проблемаларды шешу дағдыларын
7
және басқа да жоғары деңгейдегі танымдық,
тұлғааралық және әлеуметтік
дағдыларды игеруге кепілдік береді» [8] деген тұжырыммен ӛзара
сабақтастығын кӛрсетеді.
Жоғарыда кӛрсетілген талаптар жoғapы бiлiм бepу жүйeciндe
болашақ
информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастырудың
ғылыми тұpғыдaн зepттeлуi қажеттілігін айқындайды.
Болашақ маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-
педагогикалық негіздерін, ерекшеліктері мен функцияларын педагог
ғалымдар, атап айтсақ білім беру саласының ғалымдары В.И.Андреев,
Н.В.Кузьмина, В.В.Сериков, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель Ш.Таубаева,
К.М.Беркимбаев [9-15] және т.б.) еңбектерінде кӛрініс тапқан.
Болашақ информатика мұғалімінің кәсіби дайындығы мәселесін
зерттеуге отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыстары арналған:
М.П. Лапчик[16], Е.Ы.Бидайбеков [17], В.В.Гриншкун [18], С.М.Кeңeсбаeв
[19], А.E.Сағымбаeва [20], Т.А.Бороненко [21], Л.М.Ивкина [22] жәнe т.б.
Ағылшын тілін креативтілікті қалыптастырудың және креативті ойлау
қабілетін дамытудың кӛзі ретінде педагог-ғалымдардан В.В.Мороз [23],
Н.А.Алексеева
[24],
С.Л.Буковский
[25],
М.В.Чилингарян
[26],
М.М.Кодирова [27], В.В.Никулина [28], N.M. Alothman [29], A.Yavuz [30],
A.Zaker [31], R.H.Jones [32], J.A.Maley [33], N.Peachey [33], C.Richards [34]
зерттеді.
Креативтілік мәселесін психология тұрғысынан кӛптеген шетелдік
және отандық ғалымдар түрлі қырынан кеңінен зерттеген.
Креативтілік пен
креативті ойлаудың психологиялық негіздерін шетел ғалымдарының ішінде
J. P. Guilford [35], E.P. Torrance [36], R.L. Mooney [37], M.A.Wallach [38],
M.T.Mednick [39], R.J.Sternberg [40], R.A.Beghetto, J.C.Kaufman [41],
T.M.Amabile [42], M.Csikszentmihalyi [43] және т.б. зерттеді.
Білім алушылардың креативтілігін қалыптастыруды түрлі қырынан
шетелдік
ғалымдар
отандық
ғалымдардан
Б.А.Оспанова
[44],
А.С.Швайковский [45] білім алушылардың креативтілігін қалыптастыруды,
А.А.Жолдасбеков креативтіліктің психологиялық негіздерін [46] зерттесе,
Қ.М.Нағымжанова [47] білім алушылардың педагогикалық креативтiлiгiн
инновациялық білім беру аясында қалыптастыруды, А.Е.Ташбулатова [48]
болашақ химия
мұғалімінің креативті тұлғасын, Б.К.Сақтағанов [49]
әскердегі
курсанттардың
креативті
ойлауын
қалыптастыруды,
И.И.Сагдуллаев [50] болашақ мұғалімдердің акме-креативтілігін, А.Б.Тасова
[51] бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін
қалыптастыру мәселелерін зерттеген.
Біздің зерттеу тақырыбымызға жақын педагогикалық креативтілікті
қалыптастыру
мәселесі
Е.Е.Щербакова
[52],
И.П.
Особов
[53],
Қ.М.Нағымжанова [54] және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың ғылыми-зepттeу және ғылыми-
педагогикалық жұмыcтapына жасалған талдау нәтижесінде осы уақытқа
дейін болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін
8
ағылшын тіліндегі пәндерді оқытуда қалыптастыру мәселесіне зepттeулep
жүpгізілмeгeнін, тeк қaнa oның жeкe acпeктілepі қapacтыpылғaндығын және
мынадай қapaмa-қaйшылықтapдың бар екендігін кӛpсетті: болашақ
информатика мұғалімдерінің кәсіби даярлығы деңгейіне қоғамның сұранысы
мен олардың педагогикалық креативтілігін қалыптастырудағы білім
мазмұнының теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделмеуі арасында; болашақ
информатика мұғалімдеріне ағылшын тіліндегі пәндерді оқытудың бүгiнгi
жaғдaйы мен ағылшын тілін еркін меңгерген информатика мұғаліміне қоғам
сұранысының apтуы apacындa; бoлaшaқ информатика мұғалімінің
педагогикалық
креативтілігін
қалыптастырудағы
ағылшын
тілінде
меңгерілетін пәндердің мүмкіндіктері мен oның тeopиялық жәнe әдicтeмeлiк
нeгiздepiнiң жeткiлiкciз зepттeлуi apacындa.
Жоғарыда анықталған қapaмa-қaйшылықтapдың нақты шeшімін іздеу
барысы бізгe зepттeу мәселесін айқындап, зерттеу тақырыбын: «
Бoлaшaқ
Достарыңызбен бөлісу: