102
Педагогикалық
креативтілікті
қалыптастырудағы
қиындықтар
креативтілікті
баяулататын
бірқатар
психологиялық
кедергілермен
байланысты, мысалы: конформизм; ӛз пікірін айтудан қорқу, күлкілі болып
кӛрінуден қорқу; ерекше ойларды саналы және бейсаналық түрде басу;
стереотиптік ойлау; типтік мәселелерді стандартты түрде
шешу әдеті;
ойлаудың инерттілігі; идеяны кездейсоқ түсінуді күту; ӛзіндік идея үшін
түпнұсқа идеяны іздеу т.б.
Педагогикалық креативтілік педагогикалық іс-әрекетте дидактикалық
және коммуникативтік жағдайларда «егер... онда...» ұстанымын басшылыққа
алатыны белгілі. Сондықтан болашақ информатика мұғалімдерінің
педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда арнайы ұйымдастырылған
орта болуы тиімді. Бірыңғай жүйеден тыс жерде жұмыс істейтін
педагогикалық креативтілікті дамытудың әртүрлі
әдістері білім алушыға
сыртқы болып табылады, әлсіз мотивациялық негізге ие және белгілі бір
міндеттерді (мәселелерді) шешуде қысқа мерзімді әсерлерге әкеледі.
Педагогикалық креативтілік тек мінез-құлық (жағдайлық) қасиеті емес,
терең (жеке) қалыптасуы үшін оның қоршаған орта жағдайларының әсерінен
тұлғаның тұрақты белсенділігі, оның ӛзін-ӛзі дамыту негізінде іске асуы
маңызды.
Эксперимент сӛзі
латын тілінен experimentum- тәжірибе, үлгі деген
сӛзінен шыққан. Ғылыми тілде және зерттеу жұмысында «эксперимент»
термині, әдетте келесі түсініктер қатарын құрайды: тәжірибе, мақсатты
бағытталған қадағалау, тану нысанын қайта қарау, ерекше жағдайда олардың
жүзеге асуын ұйымдастыру, болжамдарды тексеру [199].
Жоғарыда келтірілген деректерді талдау кӛрсеткендей, педагогикалық
креативтіліктің қалыптасуындағы ең үлкен ӛзгерістер, әдетте, ең үлкен және
ӛзгерістер кӛп болған топтарда қол жеткізіледі. Бұл эксперимент соңындағы
нәтижелерді білім алушылардың алғашқы алған білім деңгейін,
педагогикалық креативтілігінің қалыптасуы деңгейін салыстыруға, сонымен
қатар бақылау топтарымен немесе жаппай тәжірибемен салыстыруға
мүмкіндік береді. Алынған деректерді материалдарды статистикалық ӛңдеуге
болады;
- корреляция коэффициентін ұсыну. Бұл бір-бірімен тығыз байланысты
ӛзгерістер зерттеудің жалпы болжамынан туындайтын ұсыныстарды жүзеге
асыратын топтарда қол жеткізілді.
-
тиімділікті анықтау. Болашақ
информатика мұғалімдерінің
педагогикалық креативтілігін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігінің
жоғары кӛрсеткіштерін тұжырымдау.
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін
қалыптастыруды зерттеуде
анықтау, қалыптастырушы және бақылау
Достарыңызбен бөлісу: