5) Практикалық жаттығулар:
- сананың әдеттегі жағдайынан ерекше жағдайға ауысуға ықпал етуі
тиіс (бұл шығармашылықты қабылдаудың тұтас әсеріне жетуге,
эмоционалды белгі қоюға және ӛзін‐ӛзі ынталандырудың ішкі әдістеріне
шығуға мүмкіндік береді);
- зияткерлік, ерікті және эмоционалды оқу-танымдық іс-әрекеттердің
ӛзара әрекеттесуін ӛзектілендіруі маңызды (үйренген дағдыларды барлық
психикалық деңгейлерде бекіту үшін);
- мәселемен шынайы қақтығысты қамтамасыз етуге, оған кірігуге
ықпал етуі тиіс (осылайша ойлаудың кӛрнекі‐пәрменді түрін жандандыруға);
- қарама
-қарсы ұғымдардың, бейнелердің, идеялардың қақтығысын
қамтамасыз етуге және міндеттерді шешудің стереотиптік тәсілдерінің
жеткіліксіздігін кӛрсетуге тиісті;
- ақпаратты инкубациялау кезеңін қамтамасыз етуі;
- стереотиптік тәжірибеден бас тартуға әзірлікті дамытуы;
- заттардың кӛп мүмкіндіктілігін кӛру қабілетін дамытуы;
-
қауымдастықтарды пайдалану қабілетін дамытуға тиіс
[196].
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастырудағы креативті
кәсіби оқу тапсырмаларының жіктелуі (ККОТ) (кесте 11) қарастырайық.
97
Кесте
11.
Болашақ
информатика
мұғалімдерінің
педагогикалық
креативтілігін қалыптастырудағы креативті кәсіби оқу тапсырмаларының
жіктелуі (ККОТ)
ККОТ
жіктеу
үшін
негіздеме
ККОТ типтері
ККОТ мысалдары
Мұғалімнің
іс-әрекеті
түрі
бойынша
Мақсаттық
Педагогикалық олимпиада мақсатын
құрыңыз.
Жоспарлау
Заманауи коммуникация орталарын
пайдаланып сабақтан тыс тәрбиелік
іс-шараның жоспарын құрыңыз.
Ұйымдастыру
Кәсіби-педагогикалық конкурс туралы
ереже әзірлеңіз
(мысалы, «Үздік
мұғалім», «Білім беру кӛшбасшысы»
және
т.б..);
білім
бағыты
мамандықтарының бірінші курс
студенттері үшін «Педагогикалық
дебют» конкурсының ережесі мен
мазмұнын әзірлеңіз.
Нәтижелерді
бағалау,
рефлексия
Мектепте педагогикалық практикада
ӛтілген сабағыңыздың оң және теріс
жақтарын айқындаңыз.
Орындалаты
н фунциялар
саны
бойынша
Монофункциона
льды
Түрлі типтегі тапсырмалар жүйесін
құрыңыз және таңдалған тақырып
бойынша
оларды
оқушылардың
орындау әдістемесін сипаттаңыз.
Мультифункц
иональды
Белгілі
бір
мәселені
шешуге
бағытталған мұғалімнің ата-аналармен
ӛзара әрекеттесуінің тиімді әдісін
жасаңыз (ата-аналарды педагогикалық
ағарту,
оқушылардың
ынтасын
арттыру, оқушылардың кәсіби ӛзін-ӛзі
анықтауға
кӛмектесу,
олардың
психологиялық мәселелерін шешу
және т.б.)
Дербестік
деңгейі
бойынша
Дербес
шешілетін
Пәннің зерттелетін бӛлімі бойынша
интеллектуалды
немесе
дидактикалық ойын әзірлеңіз; топпен
бірге
ӛткізу
үшін
оны
ұйымдастырудың барлық сәттері
туралы ойланыңыз.
Оқытушының
кӛмегімен
Оқытушымен
бірге
пәннің
оқытылатын бӛлімі бойынша ӛзіндік
98
шешілетін
жұмыс жоспарын жасаңыз.
Білім алушылар
тобында
шешілетін
Педагогикалық
креативтілікті
қалыптастыру
деңгейін
бағалау
критерийлерін жасаңыз
Орындалу
орны
бойынша
Аудиториялық Педагогикалық креативтілік туралы
педагогикалық
мәлімдемелер
жинағына афоризмді ұсыныңыз
Аудиториядан
тыс
(үйде
орындалатын,
ӛндірістік
практикада)
Бағалаудың артықшылықтары мен
кемшіліктерін
кесте
түрінде
сипаттаңыз. Бағалау құралдарының
артықшылықтары мен кемшіліктерін
кесте түрінде сипаттаңыз (дәстүрлі
бес балдық, он балдық, тестілеу,
портфолио; балдық-рейтингтік жүйе)
Білім
беру
мекемесінде
шешілетін
(мысалы,
олимпиадада)
Креативтілікті
қалыптастыру
әдістемесінің
сипаттамасын
ұсыныңыз.
Интерактивт
і білім беру
технологиял
арының
мүмкіндікте
рін қолдану
бойынша.
Интерактивті
білім
беру
технологиялар
ын
қолдану
арқылы
шешілетін.
Презентация түрінде оқушылардың
жеке
даму
деңгейін
бағалау
критерийлерін
жасаңыз
және
ұсыныңыз
Интерактивті
білім
беру
технологиялар
ын қолданбай
шешіледі.
«Қазіргі
мұғалім:
ол
қандай?»
тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
Қиындық
деңгейі
бойынша
Тӛмен
Пәннің оқыған бӛлімі бойынша
кроссворд құрастырыңыз
Орташа
Пәннің оқытылатын бӛлімі бойынша
кӛп деңгейлі тесттің екі нұсқасын
жасаңыз
Жоғары
Жасӛспірімдердің белгілі бір тобын
қолдау және қолдау технологиясын
жасаңыз (девиантты мінез-құлқы бар;
кәсіби ӛзін-ӛзі анықтауға мұқтаж;
дарынды)
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыру әдістемесінде
дәстүрлі дәрістер, оқытудың проблемалылығы идеясына негізделген
99
лекциялар, кеңес сабақтар және т.б. іске асырылды. Бұл ең алдымен,
теориялық білімді меңгеру, мотивацияны қалыптастыру, болашақ
информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастырудың
мазмұнын зерттеу мақсаттарына қол жеткізуде іске асырылды. Болашақ
информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін ағылшын тілінде
меңгерілетін
пәндерді
оқытуда
қалыптастыруды
жүзеге
асыруда
диагностикалық, эмоциялық, перцептивті-топтық, іс-әрекет құраушыларын
қамтитын педагогикалық креативтілікті ынталандыру маңыздылыққа ие.
Креативтік оқытудың әзірленген әдістеріне байланысты қазіргі уақытта:
- болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби дайындығында оларды
пайдалану қажеттілігі, оқытушылардың жеткіліксіз дайындығы;
- білім алушылар мен оқытушыларға қолжетімділігі шектеулі әрі ұдайы
жаңартылатын ғылыми ақпарат кӛлемінің ӛсуі;
- ЖОО-да болашақ информатика мұғалімдерін даярлаудың заманауи
дәстүрлі әдістемелері және алуан түрлі бағыттағы болашақ мұғалімдерді
даярлау кезінде креативті оқыту әдістерін пайдаланудың әмбебап үлгісінің
болмауымен байланысты қайшылықтар.
Жоғарыда аталған қайшылықтарды шешу жолдарының бірі ЖОО-да оқу
үдерісін іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру мен
кешенді пайдалану. Креативті оқыту әдістерін кешенді қолдану болашақ
информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыруға
тиімді ықпал етеді. Сондай-ақ, болашақ информатика мұғалімдерінің оқыту
мазмұнын ӛздігінен меңгеруі деңгейінің ӛсуіне, болашақ кәсіби
педагогикалық қызметтерінде білім берудің әлемдік дамуынан қалыс
қалмауға жол ашады. Креативті оқыту әдістерін пайдалануда кезінде
оқытушы мен білім алушылардың оқу белсенділігі артады. Бұл олардың ӛз
идеясын білдіруге, басқа адамдардың кӛзқарастарына сыни қарауға,
тұжырымдамалық қорытындыны анықтауға мүмкіндік береді.
Креативті оқыту тапсырмаларын болашақ информатика мұғалімдерінің
педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда кешенді қолдану психикалық
қызметті (ойлау, сӛйлеу, әрекет ету және жағдайға бейімделу) жандандыруға
жол ашады. Сонымен қатар, болашақ информатика мұғалімінің
педагогикалық креативтілігінің қалыптасуы, кәсіби сапасының жетілдірілуін
жоғарылатуға әсер етеді.
Жаңа білім беру парадигмасына сәйкес, жұмыстың мамандануы мен
сипатына қарамастан, кез-келген болашақ маман іргелі білімге, кәсіби
дағдылар мен қызмет іскерліктеріне, жаңа мәселелерді шешуде
креативтілікке және зерттеу жұмысында тәжірибеге, әлеуметтік-бағалау
қызметінің практикалық дағдыларына ие болуы керек. Білім берудің соңғы
екі құраушы білім алушылардың ӛзіндік жұмысы үдерісінде қалыптасады.
Ӛзіндік жұмыс оқу іс-әрекетінің барлық түрлерінің міндеттерін аяқтайды.
Сонымен қатар, білім алушының ӛзіндік жұмысы (БӚЖ) қазіргі заманғы
жоғары білікті маманның қалыптасуында маңызды рӛл атқарады. Сондықтан,
білім алушылардың ӛзіндік жұмысы үшін материалды мұқият таңдау керек.
100
Оның негізі - ғылыми-теориялық курс, білім алушылар алған білім кешені.
Тапсырмаларды бӛлу кезінде білім алушылар оларды орындау бойынша
нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары, қажетті әдебиеттер тізімін
алады
[197].
БӚЖ тиімділігін қамтамасыз ететін міндетті шарт оны ұйымдастыру мен
жүргізуде кезеңділікті сақтау болып табылады. Басқарылатын БӚЖ келесі
кезеңдерін бӛліп кӛрсетуге болады.
Бірінші кезең – дайындық. Ол БӚЖ үшін тақырыптар мен
тапсырмаларды бӛле отырып, жұмыс бағдарламасын құруды; семестрге БӚЖ
жоспарлауды;
оқу-әдістемелік
материалдарды
дайындауды;
білім
алушылардың дайындық деңгейін диагностикалауды қамтуы тиіс.
Екінші кезең – ұйымдастырушылық. Бұл кезеңде білім алушылардың
жеке және топтық жұмысының мақсаттары анықталады; кіріспе дәріс
оқылады, жеке-топтық нұсқаулық кеңестер ӛткізіледі, оның барысында БӚЖ
және оны бақылау нысандары түсіндіріледі; аралық нәтижелерді ұсынудың
мерзімдері мен нысандары белгіленеді.
Үшінші кезең – мотивациялық-белсенділік. Оқытушы осы кезеңде жеке
және топтық іс-әрекеттің оң уәжін қамтамасыз етуі керек; аралық
нәтижелерді тексеру; ӛзін-ӛзі бақылау мен ӛзін-ӛзі түзетуді ұйымдастыру;
таңдалған мақсатқа сәйкес ӛзара алмасу және ӛзара тексеру.
Тӛртінші кезең – бақылау және бағалау. Ол жеке және топтық
тапсырмаларды және оларды бағалауды қамтиды. Нәтижелер реферат,
баяндама, сызбалар, кестелер, хабарламалар, модельдер, есептер және т.б.
түрінде ұсынылуы мүмкін (пән мен мамандыққа байланысты). БӚЖ бақылау
аралық және қорытынды тестілеу, аудиторияда жазбаша бақылау
жұмыстарын жазу, аралық бақылау тапсырмаларын тапсыру, аралық
сынақтар және т.б. кӛмегімен жүзеге асырылуы мүмкін [198].
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін
қалыптастырудағы оқыту мақсаты мен мазмұнына байланысты оқыту
формасын анықтау маңызды.
«Форма» ұғымы латын тілінің forma сӛзінен - заттың (құбылыстың) түрі,
үлгісі, құрылғысы немесе сыртқы түрі мағынасында түсіндіріледі. Демек,
оқыту формасы - оқу-тәрбие үдерісіндегі оқыту мазмұнын кӛрсету. Оқыту
формалары ретінде: жеке, жұптық, ӛзара оқыту, топ, шағын топта оқыту
атауға болады. Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық
креативтілігін қалыптастырудағы оқу үдерісінің тиімді іске асуы креативті
оқыту әдістері мен құралдарының бірегей үйлесімділігімен жүзеге асады.
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін
қалыптастыру әдістемесіндегі оқыту құралдары - білім берудегі оқытушы
пен білім алушылардың оқыту, тәрбиелеу мен дамыту мақсаттарына қол
жеткізуге бағдарланған оқу ақпараттары, құралдары ретінде пайдаланылатын
заттары.
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін
қалыптастыру әдістемесінде ақпараттық құралдар, дидактикалық
101
материалдар, оқу-әдістемелік жинақтар, оқытудың техникалық құралдары
пайдаланылды. Оқыту құралдары пайдаланылатын шарттар мен олардың
функционалдық мүмкіндіктерінің болашақ информатика мұғалімдерінің
педагогикалық
креативтілігін
қалыптастырудағы
оқыту
мақсатына
байланысты анықталған міндеттерге сәйкес айқындалатын біртұтас жүйені
құрады.
Біз
бұл
тармақшада
болашақ
информатика
мұғалімдерінің
педагогикалық креативтілігін ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді
оқытуда қалыптастырудағы оқыту мазмұнын қарастырдық, келесі
тармақшада оқыту әдістерін іске асыру үдерісінің толыққанды сипаттамасы
мазмұндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |