ерекшеліктері бар. Сондықтан мына тип жақсы, мынау жаман деп сипаттауға
болмайды.
Жүйке жүйесінің типі туа пайда болады, өмір бойы өзгермейді. Адамның
қандай типке жататындығы тек өте күрделі
қиындықта, басына іс түскенде
немесе қауыпты жағдайда айқын көрінеді. Адамда жүйке жүйесінің түрінің
қайсысы болса да, жетістік шыңына жетіп, қоғамның толық мүшесі бола
алады.
И.П.Павловтың зерттеулері және клиникалық байқаулары бойынша,
адамдарда жүйке қызметінің төрт типтерінен басқа,
тек жеке адамға тән
көркемпаз, ойшыл және аралық типтер ажыратылады. Мұндай жіктелудің
негізіне жоғары жүйке қызметінің І және ІІ сигналдық жүйелері арасындағы
қатынас жатады.
Көркемпаз типті адамның мінезінде, ІІ сигналдық жүйеге
қарағанда, І
сигналдық жүйеге тән қасиеттері біршама үстем болады. Бұл адамдар
тіршілік ортасындағы табиғи әсерлерге өте сезімтал болады және
құбылыстарды бөлшектеместен тұтас қабылдайды (жазушылар, суретшілер).
Ойшыл типті адамның мінезінде, ІІ сигналдық жүйенің қасиеттері І-ден
басым, көрнекті талдау-синтездеу және дерексіз
ойлау қабілеті жоғары
болады (философтар, математиктер).
Аралық тип – жүйке қызметінің екі сигналдық жүйесінің әрекеттік
теңдесуімен сипатталады. Кейде оны «орташа» тип деп атайды. Ал екі
сигналдық жүйелердің бірдей басым болуы –
дарынды тип деп аталады.
Адамның типологиялық қасиеттері генотип пен фенотипке байланысты
болады.
Генотип (тектітүр) жоғары жүйке іс-әрекетінің туа біткен
қасиеттерінен қалыптасады. Ал
фенотип (белгітүр)
тумыстан және тіршілік
жағдайларының ықпалынан иемденген белгілі қасиеттердің өзара әрекетінен
құралады. Көркемпаз типке жататын адамдардың сезімдік-бейнелік зердесі
басым болады, ал ойшылдар да қисынды-мағыналық зерде басым болады.
Расында, әрбір дені сау адамның басқаға қарағанда, бір қасиеті басым
келеді. Сондықтан адамның дарындығы қөріну үшін алдын-ала биологиялық
өте тиімді жағдай жасалғанымен шешуші маңызды орынды әлеуметтік
жағдай атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: