Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет89/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

38. Қасқыр мен ешкі
Тауда-таста жайылып жүрген ешкіні қасқыр көрді; барайын 
десе тасқа шыға алмады да: «Ей, ешкі, ойға түссеңші, мұнда жер 
жазлық, шөп те тәтті» деді. Сонда ешкі тұрып қамқор қасқырға: 
«Ойға мені шақырғандағы сенің сығалағаның менің тамағым 
емес, сенің өз тамағың» деді.
39. Ағаш пен қамыс
Бір судың жағасында тұрып, ағаш пен қамыс керісті
қағысты: «Мен мықтымын» деп ағаш айтты. «Мен мықтымын» 
– деп қамыс айтты. «Азғантай жел болса қисайып, майысып 
жығыласың» – деп, ағаш қамысты сықақ қылып күлді. Қамыс 
үндемей қалды. Со арада дауыл келіп соқты. Олай қисайды, 
бұлай қисайды, жан-жаққа жығылды. Сынбай қамыс аман 
қалды. Желге қарсы қарысып тұрып-тұрып, ағаш шорт сынып 
кетті.
40. Екі жолдас
Бір ағаштың ішінде екі кісі келе жатыр еді. Алдынан аю 
шығып қарсы тұра жүгірді. Тұра қашып, жүгіріп ағаштың ба-
сына шығып, біреуі жасырынды. Жол үстінде біреуі қала берді. 
Амалы құрып өтірік өлген кісі болып, жолға жығыла кетті.
Келіп аю иіскеді. Кісі демін алмады. Бетін аю иіскеді, өлген 
деп, жүре берді.


227
Аю кеткен соң, ана жолдас ағаштан түсті де: – Е, саған аю не 
сыбырлады? – деп, күлді. Сонда жолда жалғыз қалған жолдас 
тұрып: «Қиын жерде жолдасын қиып қашқан жаман кісі деп 
маған аю сыбырлады» деді.
41. Қасқыр мен қозы
Сүт ішіп жатқан қозыны қасқыр көрді. Қозыны жеуге 
қызығып, қасқыр көзі оттай жанды. Соқтығуға қозыға қасқыр 
ыңғайланды: «Сен, қозы, суымды лайлап, маған су ішкізбедің» 
деді.
«Мен сенен төмен тұрмын, ернімнің ұшымен ғана су іштім, 
суды мен қалай лайлаймын?» деді.
«Жарайды, былтыр менің әкемді сен боқтадың!» деді.
«Былтыр жаз мен туғам да жоқ» деді.
«Сөзге сен болмассың. Аш қарынға сені мен жейм! – деді де, 
қозыны қасқыр бас салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет