231
маны жиып алам деп жүргенде бұршақтың бәрін төгіп алды.
Ашуланып бұршақты шашып жіберіп, маймыл қашып кетті.
51. Сауын сиыр
Бір адамның сауын сиыры бар еді. Күнде сиырдан бір-ақ аяқ
сүт шығады. Сиыр иесі үйіне қонақ шақырды. Сүт көп болсын
деп, он күн сиырды саумады. Он күннен соң сауғанда сиыр он
аяқ сүт береді деп, ойлады.
Сауып еді: сиырдан бұрын шығатын бір аяқ сүт те шықпады.
52. Үйрек пен ай
Үйрек күнімен қарап, судан бір балық та таппады. Түн бол-
ды. Ай туды. Суға түскен айды үйрек балық деп, ұстамақ бол-
ды да, суға сүңгіп кеп кетті. Мұны көрген үйректің бәрі мазақ
қылып күлді.
Сонан бері үйрек ұялып, қорғанып
судан балық аулауын
қойып аштан өлді.
53. Шаң басқан қасқыр
Қойдан қой алмақ болып ық жаққа шығып, қасқыр шаңға
қорғалады.
Қасқырды ит көріп қойып: «Сен, қасқыр,
бекер шаңда
жүрсің, көзің ауырмасын» деді.
«Иткешім, біліп қой. Көзім ауырғалы көп болды. Қасқыр
көзіне қойдың шаңы ем дегенді естіп келдім» деді.
54. Амбар астындағы тышқан
Бір тышқан амбар [астық қоймасының] астын мекен етті.
Тақтайдың тесігінен күнде бидай төгіліп тұрды. Тышқанға
жақсы болды. Мақтанып: тесікті үлкейтіп,
тышқан өзге көп
тышқанды шақырды.
– Мұнда келіңдер! Той қылайық! Тамақ бәрімізге жетеді, –
деп. Мырза тышқан жар салды. Қонақтарды шақырып келіп,
232
қараса: тесік бітеліп қалыпты. Тышқан қонақтарын шақыруға
кеткенде, қойма иесі үлкен тесікті көріп қойып, бітеп тастапты.
55. Ең тәтті алма
Ең тәтті алма сатып әкел деп, мырза жігітін жұмсады, дүкенге
келіп жігіт алма сұрады. Сатушы алманы алып берді.
Жігіт: – Маған ең тәтті алманы бер, – деді.
Сатушы: – Бір алманы татып қара:
бәрі тәтті екенін сонда
білерсің, – деді.
Алманы тістеп дәмін көріп татып алды. Алманы қасқыр
тартқандай
қылып бір-бір жұлып жеп, мырзаға алып келді.
Мырза жігітті қуып жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: