Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет91/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

45. Қарға мен түлкі
Бір жапырақ ет тауып алып, қарға ағашқа қонды. Мұны түлкі 
көрді, етті жегісі келді. Қарғаның астында тұрып, түлкі тілді 
безеді: – Жаным қарға! Саған қарасам: сұлусың, сымбаттысың, 
патша болуға лайықсың, шын патша болар едің, ән сала білсең, 
– деді.
Бар күшін жиып: – Қарық-қарық! – деп ауызын қарға 
ашқанда, жерге ет жалп түсіп кетті.
– Ақылың болса, қарғам, патша болар едің, – деп күліп, етті 
алып түлкі кетті.
ІІ.
ҮНДІСТАН МЫСАЛДАРЫНАН
46. Жыланның басы мен құйрығы
– Мен де бастайын, – деп жыланның құйрығы басымен талас-
ты. – Алдында бастап сен жүре алмайсың: көзің жоқ – соқыр, 
құлағың жоқ – саңыраусың, – деп бас айтып еді; құйрық тұрып: 
– Күштің бәрі менде: сені алып жүрген мен, ағашқа мен ора-
лып, сені жібермеймін десем, сен тырп етпейсің, – деді.
Сонда бас тұрып:
Олай болса, бөлініп кетейік, – деді.
Бастан бөлініп құйрық жорғалап жөнелді. Бір қадам да бас-
тан ұзамай жарыққа кез келіп, құйрық домалап жер астына 
түсіп кетті.
47. Жіңішке жіп
Бір қатынға бір кісі «Жіңішке жіп иіріп бер» деді. Қатын 
жіпті иірді, жібің жуан деп, кісі жіпті жаратпады, «Бұ жіп жуан 
болса, міне жіңішке жіп» деп, қу даланы қатын көрсетті. Кісі: 
«Мен түкті көрмейм» деді. Қатын: «Жіп сондай жіңішке, сен 
түгіл мен өзім де көрмейм» деді.


230
Ақымақ қуанды: «Тағы осындай көзге көрінбейтін жіңішке 
жіп иіріп бер» деп, ақшасын алдын ала төледі.
48. Енші үлесі
Бір адамның екі ұлы болды. Әкесі: – Мен өлгенде қалған 
мүліктің бәрін қақ бөліп алыңдар, – деді.
Әкесі өлген соң балалар таласпай енші бөліп ала алмады. 
Дауласып, екеуі көршісіне келді. – Әкең қалай бөл деп еді? – 
деп көрші сұрады.
– Мен өлгенде қалған мүлікті қақ бөліп алыңдар, – деп әкеміз 
айтқан деп, балалар көршіге жауап берді.
– Олай болса, киімді екі бөліп жыртыңдар, аяқ табақты қақ 
бөліп жарыңдар, жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкіні екіге жа-
рып қақ бөліңдер, – деп көрші балаларға түсіндірді. Балалар 
көршінің айтқанын қылып, мүліктің бәрінен айрылып, қара 
тас тай кедей болып қалды.
49. Маймыл
Бір адам ағашқа барып, ағаш кесіп алды. Ағаштың бір ба-
сын көтеріп томарға сүйеп қойып, ағашқа аттай мініп, арамен 
ағашты тіле бастады. Тілген жырыққа сына қағып, тілген са йын 
сынаны алып қайта қағып тіле берді. Мұның бәрін ағаштың 
басында отырып маймыл көрді. Ағаш тілген кісі ұйықтап еді. 
Маймыл келіп ағашқа аттай мінді, кісідей ағашты тілмек болды. 
Бірақ сынаны жұлып алғанда, ара тілген жырық маймылдың 
құйрығын тістеп қалды. Маймыл ойбайлап, жұлқынып 
қышқаштан шыға қашпақ болды. Кісі оянып, маймылды ұстап 
алып, мойнынан байлап қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет