228
Қасқырды арыстан алып соққанда, күліп жіберіп түлкі
сөйледі: «Шырағым, әкімді жаман жолға сілтемей, жақсы жолға
сілтеу керек» деп, түлкі қойды.
43. Арыстан, есек, түлкі
Арыстан, есек, түлкі аң аулады. Көп аң ұстады. Есекке арыс-
тан олжаны бөл деді. Олжаны үшке есек бөліп: «Алыңдар!»
деді. Ашуланып арыстан есекті жеп алды да, түлкіге сен қайта
бөл деді. Олжаның бәрін төбе қылып үйіп, түлкі өзіне бір азғана
алды. Сонда арыстан тұрып: «Міне ақылды. Кімнен үйрендің
өстіп жақсы бөлуді?» деді.
«Есек соры неден қайнады?» деп, түлкі жауап берді.
44. Кісі мен пері
Бір кісінің балтасы суға кетті. Балтасын жоқтап жағада
отырған кісі зарлап жылады.
Кісіге жаны ашып, алтын балта судан алып шығып: – Мынау
сенің балтаң ба? – деп пері сұрады.
Кісі: – Жоқ,
бұ балта менікі емес, – деді.
Пері күміс балта алып шықты.
Кісі: – Бұ да менің балтам емес, – деді.
Пері суға кеткен балтаның өзін алып шықты.
Кісі: – Міне,
бұл балта менің балтам, – деді.
– Сен шыншылсың, – деп пері кісіге үш балтаны бірдей берді.
Үйге келген соң, көрген-білгенін кісі көршілеріне айтты.
Біреу оп-оңай алтын, күміс балта таппақ болды. Бар балта-
сын
өзенге суға тастап, жар басында отырып жылап зарлады.
Алтын балта судан алып шығып:
– Мынау сенің балтаң ба? – деп пері сұрады.
– Менікі, менікі! – деп қуанған кісі айғай салды.
– Өтірікшісің, – деп пері алтын балтасын бермеді. Өз балта-
сын да кісіге пері қайтармады.