Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет103/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
ұйым. Олардың мақсаттарының бірі – билік органдарының айқындығына, есеп 
берушіліктеріне қол жеткізу. Transparency International бөлімдері көптеген елдерде 
құрылған, олардың барлығын ең алдымен қаржы саласындағы айқындықты 
қалыптастыруға бағытталған жемқорлыққа қарсы идеология біріктіреді. Бұл - ұзақ 
уақыттан бері сыбайлас жемқорлықтың сан алуан салалардағы көріністерін зерттеп, 
анықталған мәселелердің шешу жолдарын ұсынатын көпшілікке танымал ұйым. 1993 
жылы Transparency International әлемдегі жемқорлық деңгейін жүргізетін статистикаға 
балама 
ретінде 
пайда 
болды 
десек 
те 
болады.
Біз өз шолуымызда аталған ұйымның мәліметтерімен қатар, Интернет-сайттарда 
жарияланған ресми халықаралық статистикаға да сүйендік. 
Ең алдымен «жемқорлық» сөзінің мағынасына тоқтала кетейік. БҰҰ-ның 
халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы анықтамалық құжатында былай 
делінген: «Сыбайлас жемқорлық- бұл жеке мақсаттарында пайда көру үшін 
мемлекеттік билікті пайдалану». Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық бойынша 
тәртіпаралық тобының жұмыс анықтамасында былай делінген: «Сыбайлас жемқорлық - 
мемлекеттік немесе жеке секторлардағы белгілі бір міндеттерді орындау міндеттелген 
тұлғалардың, жеке қызметкер, тәуелсіз агент, мемлекеттік лауазымдық тұлғаның
жүктелген міндеттемелерді бұза отырып, жеке басы үшін және өзгелері үшін заңсыз пайда 
көру мақсатында пара алуы немесе басқа да іс-әрекеттері». БҰҰ секретариаты әр түрлі 
елдер тәжірибесі негізінде дайындаған Басшылық құралда сыбайлас жемқорлық сөзіне 
былайша түсініктеме береді: 1)ұрлық, лауазымды тұлғалардың мемлекет меншігін иеленуі 
және ұрлауы; 2) жеке пайдасы үшін ресми мәртебесін биресми қолдана отырып, қызметтік 
жағдайын пайдалануы; 3) жеке бас пайдасы мен қоғамдық парызы мүдделері арасындағы 
қақтығыс. 
Ары қарай біз Сингапур, Малайзия, Қытай, АҚШ, Финляндия Ресей, Эстония 
елдерін мысалға ала отырып, осы елдердің жемқорлықпен күресу тәжірибелеріне 
тоқталамыз. Талдау жұмыстары үшін не себепті осы елдер тәжірибесі таңдалынып 
алынды?
Сонымен, Transparency International ұйымының 2013 жылы жариялаған 
мәліметтеріне сүйнесек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Азия 
өңіріндегі ең төмен ел Сингапур болып табылады екен. Transparency International 
ұйымының есебі бойынша сыбайлас жемқорлықтың ең төменгі деңгейі 10 балл деп 
есептелінсе, 9,2 баллдық жүйемен Сингапур елі 4-ші орында тұр. Бұл рейтингте 
Қазақстан 2,2 баллмен 145-ші орынды иеленгенін айта кеткен жөн. Дамыған Сингапур 
елінің сыбайлас жемқорлықпен күресудегі жетістікті тәжірибесі біз үшін құнды, себебі 
біздің де менталитетіміз «азиаттық», сонымен қатар бұл «цифрлық экономикасы» бар 
мемлекет тәжірибесі болып табылады. 
Қазақстан үшін, саясаттанушылар мен зерттеушілердің пікірінше, сыбайлас 
жемқорлықпен күресудің Малазиялық тәжірибесі де ойға қонымды. Малайзияның 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған стратегиясы мен оның жоғары деңгейде іске 
асырылуы бұл тәжірибені оқып зерттеуге деген қызығушылығымызды арттыра түседі. 
Қазақстан мен Малайзия елдерінің шамамен бірдей халық саны, мемлекеттік аппарат 
саны, экономикасының көлемі сияқты ұқсастықтары Малайзия елінің тәжірибесі 
тұрғысынан әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жоюға жағдай жасайтын мәселелерді 
қарастыруымызға мүмкіндік береді. Малайзия да Қазақстан сияқты көпұлтты әрі 
поликонфессионалдық 
мемлекет.
2013 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі 
Агенттігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының құрылымдық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет