Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Шамадан тыс шыныққандықтың физиологиялық



Pdf көрінісі
бет137/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Шамадан тыс шыныққандықтың физиологиялық 
сипаттамасы
Жаттығу сабақтарының дұрыс ұйымдастырылған режимін
жүктемелер мөлшері мен тынығу ұзақтығын сақтамау адамның ша-
мадан тыс шыныққандық күйіне əкеп соғады. 
Организмнің толық қалпына келуін тоспай қарқынды 
жүктемелерді жүйелі түрде орындай беру, яғни əрі қарай жалғастыра 
беру спортшыларда шамадан тыс шыныққандық күйінің дамуына 
əкеледі.
А. С. Солодков (1995) бойынша шамадан тыс шыныққандық 
дегеніміз – жаттығу жүктемелерінің арасында тынығудың 
жеткіліксіздігі салдарынан зорығудың прогрессивті дамуынан 
туындаған спортшы организмінің патологиялық күйі. Бұл күй 
шығу генезі бойынша жүйке жүйелерінің бұзылуларына (неврозға) 
теңбе-тең келеді. Шамадан тыс шыныққандықтың басты белгісі – 
жүктемелер арасындағы жеткіліксіз тынығу. 
Бұл күй қимыл жəне вегетативті қызметтердің аса 
бұзылуларымен, өзін-өзі нашар сезінумен, жұмысқа қабілеттіліктің 
төмендеуімен сипатталады. Спортшыларды кешенді зерттеу бары-
сында симпатикалық жүйке жүйесі тонусының басым келетіндігі 
(жоғары ортостатикалық сынама), көпшілік шағымдардан (80% 
жағдайларға дейін) көрінетін психикалық эмоциялық күйдің 
тұрақсыздығы, секемшілдік, көз жасаурау, ашуланшықтың жоғары 
болатындығы, жүрек-тамыр қызметінің бұзылулары айқындалған. 
Кейбір тұлғаларда депрессия, əлсіздік, жаттығуға қызығушылықтың 
болмауы, спортшының «дистанцияда ұйықтауы» күйі орын алады. 


270
Корректуралық тест мəліметтері бойынша ақыл-ой қабілетінің 
төмендеуі байқалған, яғни төмен жəне орташадан төмен баға (60% 
жағдайларда) басым болса, ал жоғары жəне орташадан төмен бағалар 
мүлдем байқалмаған. 
Мидың электрлік белсенділігін зерттеуде невроз клиникасы-
на сəйкес (неврастения немесе психастения типі) өзгерістердің
2 типі айқындалған, не үлкен ми жарты шарлары қыртысында қозу 
үдерістері мен симпатикалық жүйке жүйесі тонусы басым келетін 
жағдайларда ЭЭГ-да негізгі тыныштық ырғағы – альфа-ырғақтың 
өте аз байқалуы немесе мүлдем болмауы жəне 14-17 Гц-ке дейін 
фондық белсенділіктің жиілеуі, не депрессия күйі жағдайларында 
альфа-ырғақтың төмен амплитудасы мен жиілігі (8-9 Гц) байқалған. 
Шамадан тыс шыныққан спортшыларда ми қыртысы белсенділігінің 
жұмыс алды күйдің бұзылуы, сонымен қатар жұмыс кезіндегі ЭЭГ 
ерекше ретсіздігі мен тұрақсыздығы, циклдік локомоциялар темпін 
реттейтін ми жұмыс ырғақтарының көрінуі (қозғалыс темпінде баяу 
потенциалдардың) 2 есе төмендеуі орын алған. Ми үдерістерінің 
бұзылу дəрежесі спортшылардағы жұмысқа қабілеттіліктің 
төмендеуі мен патологиялық симптомдардың көрінуімен сəйкес кел-
ген. 
Шамадан тыс шыныққандықтың дамуында 3 сатыны бөліп 
көрсетеді:
1) Бірінші саты спорттық нəтижелердің өсуінің тоқтауымен неме-
се олардың айтарлықтай емес төмендеуімен, өзін нашар сезінумен, 
жүктемеге организм реакциясы адаптивтілігінің төмендеуімен си-
патталады;
2) Екінші саты спорттық нəтижелердің прогрессивті 
төмендеуімен, қалпына келу үдерістерінің қиындауымен жəне əрі 
қарата хал-жайының нашарлауымен байланысты; 
3) Үшінші саты жүрек-тамыр, тыныс алу жəне қимыл жүйелері 
қызметтерінің аса бұзылуымен, спорттық жұмысқа қабілеттіліктің, 
əсіресе, төзімділіктің дереу төмендеуімен, хал-жайының ауыр-
лауымен, ұйқының үнемі бұзылуымен, тəбеттің болмауымен, 
спортшының салмағының түсуімен көрінеді. 
Шамадан тыс шыныққандықтың жиі тіркелетін невроздық, 
кардиалгиялық, вегетативті-дистониялық жəне аралас клиникалық 
синдромдары жатады.
Шамадан тыс шыныққандық күйінің алдын алу спортшы 


271
организмінің қызметтік мүмкіндіктеріне барабар (адекватты) 
жаттығу мен тынығу режимдерін сақтау болып табылады.
Шамадан тыс шыныққандық күйінің ауырлығына байланыс-
ты бұзылған жұмысқа қабілеттіліктің қалпына келуі не дене 
жүктемелерін төмендетуді, не оларды мүлдем тоқтатуды қажет етеді.
Спортшыға 1-2 апта немесе 1 ай бойына белсенді тынығу немесе 
толық демалыс керек. Түрлі реабилитациялық заттар – дəрумендер, 
биологиялық белсенді заттар, массаж, физиотерапия жəне т.б. 
қолдану ұсынылады. 
Кейбір авторлар шамадан тыс шыныққандықты екі типке 
жіктейді, оның 2-типі бойынша жалғыз коррекция əдісі ұзақ уақыт 
бойына (6-8 айға дейін) жүктеме сипаты бойынша қарама-қарсы 
басқа бұлшық ет қызметі түріне ауыстыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет