388
энергия шығыны дененің 1 м
2
беткейіне 10 жастағыларда 49,5 ккал
болса, 16-18 жастағыларда 43 ккал тең болады.
Дене жүктемелерін орындау
кезіндегі энергия шығыны, соны-
мен қатар адамның жасына да тəуелді болып келеді. Бірдей дене
жүктемесін орындау кезінде ересектерге қарағанда жасөспірімдерде
энергиялық алмасу жоғары болады. Жас артқан сайын сол бұлшық
ет жүктемесіне энергия шығыны төмендей бастайды. Жүріс кезінде
шығындалатын энергияны зерттеу барысында 1 м жолға неғұрлым
балалар үлкен
болған сайын, соғұрлым энергиялық шығындардың
аз болатыны дəлелденген. Велоэргометрде жүктемені
орындау
кезінде 1 минутта 1 кгм жұмысқа 8-9 жастағы балалар 7,6 мл, ал ере-
сек тұлғалар – 5,4 мл оттегі жұмсаған, яғни балаларға қарағанда 1,4
есеге аз оттегі пайдаланған.
Сайып келгенде, жас ұлғайған
сайын бұлшық ет жұмысының
үнемділігі арта түседі
(22-кесте). Мұны, сонымен қатар организмнің
дамуы барысында механикалық тиімділіктің өсуі де көрсетеді. Вело-
эргометрде жұмыс орындау кезінде ол ересектерде – 15-20% бол-
са, 6-9 жастағыларда 12,3%-ға тең болған. Спорттық жаттықтыру
ықпалынан жаттығулардың энергиялық құндылығы төмендейді. Жас
спортшыларда спортпен шұғылданбайтын құрдастарына қарағанда
оттегіні пайдалану аз дəрежеде артатыны байқалған.
22-кесте
Достарыңызбен бөлісу: