Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Балалар организміне қажетті минералдық заттар мөлшері



Pdf көрінісі
бет197/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   258
Балалар организміне қажетті минералдық заттар мөлшері, 
тəулігіне мг
Баланың жасы
кальций
фосфор
магний
1 жасқа дейін
1000
1500
-
1-3 1000
1500
140
4-6
1000
1500
220
7-10
1200
2000
360
11-13
1500
2500
400
14-17
1400
2000
530
ересек
4500
2000
-
Өсіп келе жатқан организм үшін, сонымен бірге натрий, хлор, 
темір де аса қажет. Алайда, ересек адамдарға қарағанда балалардың 
аталмыш минералдық заттарға тəуліктік қажеттілігі 1,5-2 есеге 
кемірек келеді. Осымен қатар балалардың зат алмасу үдерістерінде 
мыс, мырыш (цинк), кобальт, марганец сияқты микроэлементтердің 
де алатын өзіндік орындары бар. 
Энергия алмасу. Ересек адамдарға қарағанда балалар-
да энергиялық алмасу жоғары болады. Мысалы, салыстыр-
малы тыныштық күйде (негізгі алмасу) 1 кг масса мен дене 
беткейінің бірлігіне энергия шығыны ересектерге қарағанда 8-10 
жаста 2-2,5 есе жоғары келеді. Балалар организмі биоэнергети-
касы қарқындылығының барынша жоғары болуы өсу мен даму 
үдерістерінің салдары болып табылады. Жəне де еске сала кететіні 
бала неғұрлым жас болған сайын соғұрлым жоғары болады. 
Энергияның көп шығындалуы тек күшейтіле жүріп жатқан 
пластикалық үдерістерге ғана емес, ересектерге қарағанда 
айтарлықтай қарқынды жүретін тыныс алу, жүрек-тамыр жүйелері-
нің жұмыстарымен, сонымен қатар жылу шығындаудың көп болуы-
мен де байланысты. Балалардың дене беткейінің ауданы дене мас-
сасымен салыстырғанда үлкен болып келетіндіктен ол қоршаған 
ортаға жылуды көбірек шығарады. Мəселен, негізгі алмасу күйінде 


388
энергия шығыны дененің 1 м
2
беткейіне 10 жастағыларда 49,5 ккал 
болса, 16-18 жастағыларда 43 ккал тең болады. 
Дене жүктемелерін орындау кезіндегі энергия шығыны, соны-
мен қатар адамның жасына да тəуелді болып келеді. Бірдей дене 
жүктемесін орындау кезінде ересектерге қарағанда жасөспірімдерде 
энергиялық алмасу жоғары болады. Жас артқан сайын сол бұлшық 
ет жүктемесіне энергия шығыны төмендей бастайды. Жүріс кезінде 
шығындалатын энергияны зерттеу барысында 1 м жолға неғұрлым 
балалар үлкен болған сайын, соғұрлым энергиялық шығындардың 
аз болатыны дəлелденген. Велоэргометрде жүктемені орындау 
кезінде 1 минутта 1 кгм жұмысқа 8-9 жастағы балалар 7,6 мл, ал ере-
сек тұлғалар – 5,4 мл оттегі жұмсаған, яғни балаларға қарағанда 1,4 
есеге аз оттегі пайдаланған. 
Сайып келгенде, жас ұлғайған сайын бұлшық ет жұмысының 
үнемділігі арта түседі (22-кесте). Мұны, сонымен қатар организмнің 
дамуы барысында механикалық тиімділіктің өсуі де көрсетеді. Вело-
эргометрде жұмыс орындау кезінде ол ересектерде – 15-20% бол-
са, 6-9 жастағыларда 12,3%-ға тең болған. Спорттық жаттықтыру 
ықпалынан жаттығулардың энергиялық құндылығы төмендейді. Жас 
спортшыларда спортпен шұғылданбайтын құрдастарына қарағанда 
оттегіні пайдалану аз дəрежеде артатыны байқалған. 
22-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет