Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Сауықтыру дене шынықтыруы кезіндегі энергия шығыны



Pdf көрінісі
бет231/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Сауықтыру дене шынықтыруы кезіндегі энергия шығыны
Энергия шығыны маршрут түріне, күрделілігіне жəне 
қозғалыстың қарқындылығына байланысты. Мəселен, тыныштық 
күйге қарағанда, салмағы 15 кг дейін болатын жолдорбаны арқалап, 
орташа темпте жүру кезінде энергия 5 есе артық жұмсалса, ал 10 км/
сағ.-қа дейінгі жылдамдықпен жолдорба арқаламай шаңғымен жүру 
кезінде 10 есе көп шығындалады. 
Тау туризмі бұдан да көп энергия жұмсалуына əкеледі, бұл 
спортшының жеке жабдықталуына, орта немесе жоғары биіктікке 
орай оттегі жетіспеушілігіне, қалың қар жəне т.б. көптеген 
факторларға байланысты. 
Неғұрлым аз энергия шығыны су туризміне тəн. 
Адам салыстырмалы дене тыныштығы күйінде (отырғанда, 
тұрғанда) орта есеппен, 1,0-1,25 ккал/мин. энергия шығындайды. 
Бұл мөлшер адам бойына, дене салмағына, жынысына жəне ауа тем-
пературасына байланысты ауытқып отырады. 
Денсаулықты сақтау, жоғары жұмыс қабілеттілігін ұстап тұру 
жəне тотығу алмасу үдерістерінің қалыпты өтуі үшін адам қимыл 
белсенділігіне көбіне, 1600-1800 ккал болатын негізгі алмасудан тыс 
шамамен, 1200-2000 ккал жұмсау керек. 
Дене жүктемелерінің қарқындылығы дəрежесі мен олардың 
көлемі қимыл белсенділігі режиміне сəйкес келу қажет. Дене 
шынықтыру сабақтары кезінде энергия шығынын есептеуде жүктеме 


460
кезіндегі ЖЖЖ-мен энергия жұмсалудың арақатынасын ескеру ке-
рек (32-кесте).
32-кесте
Дене жүктемелері кезіндегі бағдарлы энергия шығыны
Дене шынықтыру түрлері
Дене массасы 70 кг болғандағы 
энергия шығыны, ккал/сағ.
Таңертеңгілік гигиеналық жаттығу, 
15 мин
45-60
Емдік гимнастика, 30 мин
(жаттығу режимі)
150 дейін
Сауықтыру гимнастикасы, 60 мин
(жаттығу режимі)
300 дейін
Бассейндегі емдік гимнастика, 25-
30 мин
150-160
Терренкур, 60 мин
450
Сол немесе басқа дене шынықтыру түрі дене жүктемесіне 
толеранттылық анықталатын велоэргометрде (немесе тредмил, 
степ-тест арқылы) алдын ала тестілеу кезіндегі ЖЖЖ бойын-
ша бақыланады. Бұл тестілеу кардиореспираторлық жүйелердің 
функциялық күйі туралы бағалауға мүмкіндік береді (33-кесте). 
33-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет