Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет228/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   258
Бадминтонды кез келген жерде ойнауға болады жəне ол барлық 
жас кезеңдеріндегі адамдар үшін қолжетімді. Бұл ойын үшін арнайы 
дайындық жəне арнайы білім қажет емес. Бадминтонмен айналысу 
шапшаңдақтың, ептіліктің, иілгіштіктің, көру өткірлігінің, реакция 
дəлдігінің, шыдамдылықтың, сонымен қатар спорттық-техникалық 
дағдылардың дамуына əкеледі. Осыған орай бадминтон көптеген 
спорт түрлерінің құрамдас бөлігі мен сауықтыру жолдары болып та-
былады. 
Стол теннисi – арнайы ережелерге сəйкес ойын столының үстiн-
де жұмыртқа тəрiздес шарды қалақшаның көмегiмен ұрғылап ойнауға 
негiзделген спорт түрi. Ол шапшаңдық реакциясын, төзімділікті, 
ептілікті, сонымен қатар техника-тактикалық əрекеттерді басқаруда 
реактивті жəне координациялық қабілеттерді дамытады. 
Стол теннисі белсенді тынығудың маңызды факторы болып та-
былады, себебі онымен əртүрлі жастағы адамдар ойнай алады. 
Қашпа доп (лапта) шапшаңдық, ептілік, қозғалыс координация-
сы мен басқа да дене сапаларының дамуына ықпал етеді. 
Ойынның негізгі элементі – бағытты өзгертіп отыра жүгіру. 
Жүктеме жылдамдық, темп, жүгіріп өтілген жердің ұзындығы мен 
жаттығу дəрежесіне байланысты, энергия шығыны 3500-4000 ккал 
құрауы мүмкін. Жүгіру кезінде ЖЖЖ 160-190 екп/мин-қа жетуі 
мүмкін. Ойын үдерісінде көру, есту, тепе-теңдік анализаторларының 


455
жетіле түсуі орын алады. Көру қабылдауы негізінен алаңдағы 
ойыншының əрекеті мен жүріс-тұрысын анықтайды. 
Спорттық ойындар үдерісінде ептілік, қозғалыс координация-
сы мен моторика қалыптасады. Секіру, лақтыру, бүгу, жазу, ай-
налу, бұрылу, жұлқа көтеру (серпу), көтеру жəне т.б. əрекеттер 
шұғылданушының өсуіне, дамуына жəне сымбатына жағымды 
ықпал етеді. 
Қазіргі дене тəрбиесінде ойындар кең қолданысқа ие жəне олар 
дене жаттығулары арасында белсенді тынығудың айтарлықтай 
бөлігін құрайды. 
Туризм – (франц. tourіsmetour – серуендеу, жол жүру) – табиғат 
аясында сан алуан табиғи қимыл əрекеті, адамның бос уақытындағы 
саяхаты, белсенді тынығудың бір түрі. Туризм – халықтың 
рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, жүйке жүйесін, 
күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді 
жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін 
арттырып, мəдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының 
өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мəртебесін əлемге танытуға 
мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) туризм, 
ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) туризм; саяхат 
мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, 
балалар туризмі; əлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, 
жəрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді. Спорттық туризм 
түрлеріне су, тау, жаяу, шаңғы жəне велотуризм жатады. Туризмнің 
сауықтыру ықпалы 3 маңызды факторларға: сыртқы орта, климаттық 
жағдай (көктем, жаз, қыс, күз) жəне əрекет түрлеріне (жаяу, шаңғы, 
су жəне т.б.) байланысты.
Жаяу жорықтардың аса маңызы зор. Олар кез келген ауа 
райы мен жыл мезгілінде барлық жастардағы адамдарға арналған 
белсенді тынығу ретінде қолданылады. Осыған орай жаяу жорықтар 
сауықтырудың жақсы жолы болып табылады. Туристер көбіне, биіктік 
айырмасы 500-1500 м болатын, 5-7 км/сағ. жылдамдықпен күніне 
20-60 км жүріп өтеді. Эстетикалық-танымдық жорық 4-5 км/сағ.-қа 
тең орташа жылдамдықпен жүзеге асырылады жəне психологиялық 
босаңсу, демалу əсерін тудырады. 31-кестедетуристік маршруттарға 
тəн ұзақтық, темп пен жорық ұзындығы көрсетілген. 


456
31-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет