Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет245/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Спорттың басқа түрлері
Спорттық бағдарлау алдын ала белгіленген орындарды 
қатысушылар карта мен компас қолдана отырып, барынша тез табуға 
тырысатын спорттық жарыс түрі. Бұл спорт түрі спортшылардың 
төңіректі бағдарлау қабілеті мен жүгіру дайындығын талап етеді. 
Трасса, яғни жолдың, каналдың картаға түсірілген негізгі ар-
насы көбіне, орман белдеуінен өту керек жəне мүмкіндігінше 
қатысушылар үшін таныс емес жерлерде болған дұрыс. Бағдарлауға 
күш салу тынығумен, ал дене жүктемесі зейінді шоғырландыру 
қажеттілігімен алмасып отыратын таза ауада интервалды жүгіріс тəн. 
Бұл спорт түрі кардиореспираторлық жүйеге жағымды ықпал етеді 
жəне шұғылданушының жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын 
жақсартатын тамаша амал болып табылады.
Энергия шығыны трасса профиліне, спортшының дайындығына, 
яғни жаттығу дəрежесіне жəне ауа температурасына байланысты 
3500-5000 ккал болады. Ерлерге қарағанда əйел адамдарда энергия 
шығыны 15-20%-ға азырақ. 


493
Өкпе вентиляциясы жүгірістің темпіне (жылдамдығына) жəне 
трасса профиліне байланысты 80-нен 120-140 л/мин, ОМП ерлерде 
77 мл/кг/мин, ал əйелдерде 58 мл/кг/мин. болады. 
ЖЖЖ тыныштық күйде 45-60 екп/мин, ал жарыс (жүгіріс) 
кезінде 160 екп/мин жəне одан жоғары болуы мүмкін. 
Альпинизм спорттың жазда жəне қыста тауға, шыңға, мұзға, 
мұздақ қар, қарда жаяу, шаңғымен жүріп, өрмелеп көтерілу түрі. 
Тəжірибеде альпинизмнің барлық түрі бірге қолданылады. Атауы 
Еуропа құрлығындағы «Альпі» тауынан шыққан. 
Биік тауға тау етегі айналымы 2000 м-ден жоғары болатын 
қыраттар мен тау бастары жатады. Жеке таулар, таулар тобы жəне 
таулар тізбегі болады. Тау беткейінің түрлі формалары шыңға 
өрмелеушінің алдына көптеген міндеттер қояды. Биіктікке бай-
ланысты жұмыстар максималды, субмаксималды жəне жоғары 
қарқындылықты болуы мүмкін. Ұлпалар гипоксиясы мен гипок-
семия байқалады. Өрмелеу кардиореспираторлық жүйелерге үлкен 
сұраныстар артады, осыған орай өкпелік вентиляция, ТЖ, ЖЖЖ 
дереу артады. Жұмыс аэробты-анаэробты режимдерде өтеді, алай-
да, неғұрлым биіктік жоғары болған сайын, соғұрлым анаэроб-
ты жұмысқа қабілеттілік пайызы көп болып келеді. Қанда лактат 
мөлшері дереу артады, оттектік қарыздылық көп болады. ЖЖЖ 160-
190 екп/мин жəне одан жоғары мəнге жетуі мүмкін. 
Неғұрлым биіктік артқан сайын, соғұрлым парциалдық қысым 
айтарлықтай азаяды. Мəселен, 2500 м биіктікте қалыптағыдан 
(норма – 760 мм cынап бағанасы) 2/3 дейін, 5500 м биіктікте – 1/2, 
ал 7500 м биіктікте 1/3 дейін, яғни 280 мм сынап бағанасы дейін 
түседі. Жұмысқа қабілеттілікке температураның төмендеуі, төмен 
абсолютті ылғалдылық, жоғары күн радиациясы, күшті жел жəне т.б. 
факторлар ықпал жасайды. Барлық аталмыш факторлардың үйлесуі 
биік таулы климатты сипаттайды. 
Атмосфералық ауадағы оттегінің парциалдық қысымының 
төмендеуі барысында ол альвеолалық ауада да азаяды. Осыдан 
ұлпалар гипоксиясы мен гипоксемия туындайды. Бұған əсіресе, 
дене жүктемелерін орындау кезінде бұлшық ет ұлпалары мен жəне 
одан да жоғары дəрежеде ми ұлпалары ұшырайды. 
Ұлпаларда гипоксемия мен гипоксия туындауына организм 
компенсациялық реакциялар арқылы жауап береді. Бұл, біріншіден, 
өкпе вентиляциясы (ТЖ жиілеуі, тыныс алу тереңдігі ұлғаяды) 


494
күшеюі арқылы көрініс береді. Гипервентиляцияға жауап ретінде 
қандағы рН жоғарылауы жəне оксигемоглобин түзілуі орын алады. 
Екіншіден, қанның оттектік сыйымдылығы жоғарылайды, қанның 
қордағы мөлшерден (деподан) рефлексті түрде айдалуы жүреді. 
Үшіншіден, қан ағымы артады, яғни рефлексті түрде жүрек соғуы 
жиілейді жəне минуттық қан көлемі жоғарылайды. Осылардың 
барлығы ұлпаларға, əсіресе, миға, жүрекке жəне бұлшық еттерге 
оттегінің (О
2
) жеткізілуіне əкеледі. 
Гипоксияға бейімделу үшін спортшыларды дайындауда орта 
биіктік жағдайында жүргізілген жаттығуларды қолданады. Əсіресе, 
мұндай жаттығуларды адаптогендер пайдалана отырып, циклдік 
спорт түрлерінде қолданылу көрсетілген. 
Д. М. Мельников еңбегінде гэль футболына арналған алаңда 
өткізілетін көгалдағы хоккейге ұқсас ирландтардың байырғы ойы-
ны керлинг (ағыл. curling, curl – айналдыру) спорттық ойынының 
физиологиялық сипаттамасы берілген. Керлинг жарысы ациклдік 
жəне циклдік қозғалыстардан тұрады. Бұл ойынның басты ерекше-
лігі ойын кезеңдерінің қатаң тəртіппен кезектесуі болып табылады. 
Ойын əрекетінің үнемі ауысып отыруынан олжарылыстық спорт 
түріне жатады. Барынша энергия жұмсалатын кезең – ойын алаңын 
жалтырату кезінде ЖЖЖ 170-190 екп/мин. болады жəне энергия 
жұмсау субмаксималды қуаттылықты (450 Вт дейін) жұмыстарға 
сəйкес келеді. Жүрек-тамыр жүйесінің қызметі де орындалатын 
жұмыс қуаттылығымен синхронды өзгеріп отырады. Сонымен 
қатар жас балаларда берілген жұмысты орындау кезінде қан айна-
лым мүшелерінің қызметтік қорларын пайдалануының аз тиімділігі 
орын алады. Оттегіні пайдалану көрсеткіштері өзгерістері (0,25-тен 
1,40 л/мин-қа дейін) айтарлықтай емес. Бұл жарыста анаэробты 
режимнің басым болатындығын дəлелдейді. Төзімділіктің аралас 
типін дамытатын спорт түрлерімен ұзақ уақыт жаттыққан спортшы-
лар неғұрлым жақсы көрсеткіштерге жеткен. 


495


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет