492
құралдарсыз жасалатын гимнастикалық қозғалыстардан кейін 85%-
ға жетсе, ал снарядтармен орындалатын жаттығулар кезінде 98%-ға
дейін жоғарылайды.
Мəнерлеп сырғанау. Мəнерлеп сырғанауда орындалатын
элементтердің темпі, ырғағы, күрделілігі музыканың қостауымен
қатар жүреді. Мəнерлеп сырғанау жеке сырғанау (ерлер мен əйелдер),
жұптасып сырғанау мен мұзда орындалатын
спорттық билерден
тұрады. Энергия шығыны орындалатын жаттығулардың түріне,
олардың күрделілігіне, темпіне жəне т.б. басқа факторларға байла-
нысты. Мысалы, мұзда билеуге қарағанда жеке сырғанауда (еркін
программа) жəне жұптасып сырғанауда (ерлерде) энергия шығыны
жоғары болады.
Энергия шығыны 3000-4100 ккал дейін болуы ықтимал. ОМП 58
мл/мин/кг тең. Өкпелік вентиляция 80-160 л/мин. жəне одан жоғары
болуы мүмкін, оттегіні пайдалану 4,0-4,5 л/мин. болады. Əсіресе,
жеке сырғанаудағы сияқты жұптасып сырғанудағыдай еркін про-
граммаларды орындау кезінде оттектік қарыздылық тəн келеді.
ЖЖЖ тыныштық күйде 45-50 екп/мин, ал сырғанау кезінде 160-180
екп/мин жəне одан да жоғары мəнге жетуі ықтимал. Қандағы лактат
концентрациясы 14-18ммоль/л жəне одан жоғары мəнге дейін арта-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: