Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


V ТАРАУ СПОРТШЫЛАР ҚАЖУЫНЫҢ ЖƏНЕ ҚАЛПЫНА



Pdf көрінісі
бет49/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

ТАРАУ
СПОРТШЫЛАР ҚАЖУЫНЫҢ ЖƏНЕ ҚАЛПЫНА 
КЕЛУІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қажу түсінігі
Қажу үдерісі – дене жұмысын орындау кезеңінде түрлі мүшелер, 
жүйелер жəне тұтас организмде жүретін ақыр аяғында оны 
жалғастырудың мүмкін болмауына əкелетін өзгерістер жиынтығы. 
Қажу күйі жұмыс əсерінен шаршауды субъективті сезінумен көріне-
тін жұмысқа қабілеттіліктің уақытша төмендеуімен сипатталады. 
Адам қажу күйінде қажетті жұмыс қарқындылығы деңгейін жəне 
(немесе) сапасын (орындау техникасын) ұстап тұруға мүмкіндігі 
жетпейді немесе оны жалғастырудан бас тартуға тура келеді. 
Қажу – жұмыс салдарынан жəне қайта қалыптасу үдерістерінің 
жеткіліксіздігінен туатын жағдай. Ол жұмысқа қабілеттіліктің 
төмендеуі реттеуші механизмдер мен жүйелердің, мүшелердің өзара 
əрекеттестігінің бұзылуы жəне шаршау түйсігі арқылы сипатталады.
Қажу жұмыс кезінде организмді əлсіретпеу жəне оны əсіресе, 
стрестен сақтау əрекеттерін жасайды. Сонымен бірге ол организмнің 
қосалқы мүмкіндіктерін іске қосып, жұмысқа қабілеттілікті көтеретін 
қайта қалыптастыру үдерістеріне аса зор ықпалын тигізеді. 
Қажу күштің жəне төзімділіктің азаюымен, қозғалыс 
координациясының төмендеуімен, сол бір жұмысты орындау 
кезінде жұмсалатын энергияның артуымен, ақпаратты қайта өңдеу 
жылдамдығының баяулауымен, естің (зерденің) төмендеуімен жəне 
зейіннің шашырауымен, т.с.с. көрінеді. Қажу критерийі жұмыстың 
сандық жəне сапалық көрсеткіштерінің, сонымен қатар жұмыс 
кезіндегі дене қызметінің немесе арнайы қойылатын сынақтарға 
(тест) жауап берудегі өзгерістер болып табылады. 
Кез келген жұмыс түрінде қажудың алдын алудың тиімді тəсілі 
еңбек мотивациясын жəне дене дайындығын жоғарылату болып са-
налады. 
Шаршау – ұзақ немесе қарқынды жұмыс кезінде туындайтын 
физикалық, биохимиялық жəне психофизиологиялық қызметтер 
өзгерістерінің жиынтығымен көрінетін қажуды субъективті сезіну.


102
Сол бір жүктемеге туындаған қажудың тереңдігі белгілі 
бір жұмыс түріне бейімделу мен спортшының жаттықтырылу 
дəрежесіне, физикалық пен психикалық күйіне, мотивация жəне 
жүйке-эмоциялық абыржу деңгейіне байланысты. Дене еңбегінде, 
кез келген ауырлықта (қарқындылықта) орындалатын жаттығуларда, 
сонымен қатар ой еңбегінде қажу дəрежесі жалпы дене жұмыс 
қабілеттілігінің деңгейі төмен болған сайын жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет