Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет47/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Анаэробтық қуаттылықты жаттығуларда екінші жұмыс кезе-
ңін бөліп көрсетуге болмайды, өйткені оларды орындау барысын-
да барлық уақытта оттегі пайдалану жылдамдығы тез жоғарылайды 
жəне басқа да физиологиялық қызметтердің өзгерістері жүреді. Осы 
мағынада анаэробтық қуаттылықты жаттығуларда тек бабына келу 
кезеңі бар деп айта аламыз. 
Кез келген аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындаудың 
екінші кезеңі барысында (оттегі пайдалану жылдамдығы бойынша 
анықталатын шынайы, шартты немесе жалған тұрақты күй) көптеген 
жетекші физиологиялық көрсеткіштер баяулап өзгереді (29-сурет).
29-суретСубмаксималды аэробтық жұмыс барысында жүрек-тамыр 
жүйесі қызметі («дрейф») көрсеткіштерінің өзгерістері (0-ге жұмыстың 10 
минутында көрсеткіштер алынған) (Я. М. Коц бойынша)


98
Осы салыстырмалы баяу функциялық өзгерістер «дрейф» 
деп аталады. Неғұрлым жаттығудың қуаттылығы артқан сайын
соғұрлым функциялық көрсеткіштер «дрейфі» жылдамдығы жоғары 
болады (30-сурет) жəне керісінше, неғұрлым жаттығу қуаттылығы 
төмен болған сайын (ұзақтау болған сайын), соғұрлым «дрейф» 
жылдамдығы төмен болады.
Сонымен О
2
пайдалану деңгейі ОМП-дан 50% асатын аэробтық 
қуаттылықты жаттығулардың барлығында басқа барлық анаэробтық 
қуаттылықты жаттығулардағы сияқты О
2
пайдалану жылдамдығы 
мен басқа да көрсеткіштер бойынша қызметтері өзгермейтін күймен 
сипатталатын шынайы тұрақты жұмыс кезеңін бөліп көрсетуге бол-
майды.
Мұндай үлкен аэробтық қуаттылықты жаттығулар үшін негізгі 
жұмыс кезеңін псевдо немесе жалған (квази) тұрақты күй неме-
се баяу функциялық өзгерістер («дрейф») жүретін кезең ретінде 
қарастыруға болады. Осы өзгерістердің көпшілігі жұмыс барысында 
қажу үдерісі дами отырып, сол жүктемені орындауға организмнің 
бейімделуінің күрделі динамикасын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет