Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет48/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

30-сурет. Орындалатын жүктеме қуаттылығымен ЖЖЖ «дрейф» 
жылдамдығы мен өлшемінің (амплитудасы) байланысы (Я. М. Коц 
бойынша)
Организмнің квази тұрақты күйі кезеңінде жүрек-тамыр, 
тыныс алу, жүйке-бұлшық ет, эндокриндік жəне т.б. жүйелер 


99
қызметінің біртіндеп қайта құрылулары жүреді. Осы кезең бары-
сында систолалық көлем баяу төмендейді, бірақ ЖЖЖ өтемелі 
жоғарылайды, сондықтан жүректің минуттық қан көлемі өзгеріссіз 
қалады (29-суретті қараңыз). Қан айналымдағы қан көлемі 
төмендейді, содан соң біртіндеп, бірақ толық емес қалпына келеді. 
Жылу шығарудың күшеюіне əкелетін тері қан айналысының ар-
туымен қан айналысының қайта таратылуы жүреді. Осы жəне т.б. 
жылу реттеуші қайта құрылуларға қарамастан дене температура-
сы үздіксіз (толассыз) жоғарылайды. Квази тұрақты күй кезеңінде 
сонымен қоса артериялық, əсіресе, систолалық қан қысымы үнемі 
өзгеріп отырады. 
Жаттығуды орындау үдерісінде барлық уақытта тыныс жиілігі 
сияқты тыныс тереңдігінің де есебінен ӨВ жоғарылайды. Оттегі 
бойынша альвеолалық-артериялық айырмашылық өседі. СО
2
парциалдық кернеуі мен артериялық қанның рН төмендеу тенден-
циясы байқалады. Салыстырмалы өзгеріссіз жүректің минуттық 
қан көлемінде О
2
пайдалану жылдамдығының біраз жоғарылауын 
қамтамасыз ететін, ал жүректің минуттық қан көлемінің төмендеу 
тенденциясы кезінде салыстырмалы О
2
пайдалану жылдамдығын 
тұрақты ұстайтын АВА-О
2
біртіндеп артады. 
Жұмысты аэробтық қамтамасыздандыруға қатысатын тотығуға 
ұшырайтын майлар үлесінің артуын жəне сəйкесінше, көмірсу 
үлесінің кемуін көрсететін тыныс коэффиценті квази тұрақты күй 
кезеңі барысында біртіндеп төмендейді.
Жаттығуды орындау үдерісінде бұлшық еттің жұлын мотонейрон-
дары импульсациясының күшеюін айғақтайтын олардың электрлік 
белсенділігі үздіксіз өседі. Бұл күшею бұлшық еттің қажуын өтеу 
үшін жаңа қозғалыс бірліктері (ҚБ) рекрутирлеу үдерісін көрсетеді. 
Мұндай қажу белсенді ҚБ бұлшық ет талшықтарының жиырылу 
қабілетінің біртіндеп төмендеуімен аяқталады.
Жаттығуды орындау барысында ішкі секреция бездері 
кейбіреулерінің қызметі күшейсе, басқаларының қызметі əлсірейді. 
Соның ішінде қандағы адреналин жəне норадреналин мөлшерінің 
жоғарылауымен көрінетін симпатикалық-адреналдық жүйенің 
белсенділігі өседі. 
Қозғалыс жəне вегетативтік қызметтердің реттелуін жəне осы 
қызмет күйінің өзгерістерін жүзеге асыратын жүйелер белсенділігі-
нің біртіндеп күшеюінің көрінісі жаттығуды жалғастыру шамасы 


100
бойынша жүктеме ауырлығын үздіксіз жоғарылатуды субъективті 
сезіну болып табылады.
Квази тұрақты күй жаттығуларына орындалатын жаттығулар 
қуаттылығының жоғарылауына орай мөлшері өсіп отыратын оттектік 
қарыздылықтың болуы тəн. Бұл жаттығулардың физиологиялық си-
паттамасы ретінде квазитұрақты күй кезеңінің басында (көбіне, 5-10 
минутта) тіркелетін көрсеткіштер қолданылады. 


101


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет