Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Субмаксималды анаэробтық қуаттылықты



Pdf көрінісі
бет55/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Субмаксималды анаэробтық қуаттылықты жаттығуларды 
орындау кезінде фосфагендер ресинтезі жеткілікті жылдамдықпен 
жүреді, сондықтан жұмыс соңында олардың айтарлықтай 
шығындалуы байқалмайды. Бұл жаттығулардағы қажудың басты 
механизмі (энергия өндірілудің негізгі жолы ретінде) қарқынды 
гликогенолизбен байланысты бұлшық ет пен қандағы лактаттың 
жинақталуы жəне соның салдарынан бұлшық ет пен қанда рН 
төмендеуі болып табылады. Бұл фактордың екеуі де бұлшық 
еттегі гликогенолиз жылдамдығының төмендеуіне əкеледі жəне 
ОЖЖ қызметіне теріс ықпал етеді. Субмаксималды анаэробтық 
қуаттылықты жаттығулар кезінде жұмысқа қабілеттілікті лимиттеуші 
қосымша (дегенмен, өте мəнді емес) фактор оттегі тасымалдау 
жүйесінің қызметтік мүмкіндіктері болып табылады. Сондықтан 
осындай жұмыстарды орындау кезіндегі қажу механизмдерінің бірі 
бұлшық еттің оттегімен жеткіліксіз жабдықталуы болып саналады. 
Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орын-
дау кезінде қажу ең алдымен, жұмысқа қабілеттілікті лимиттеуші 
фактор болып табылатын оттегі тасымалдау жүйесімен байла-
нысты. Аталмыш жағдайда қажудың басты механизмдерінің бірі – 
жұмысшы бұлшық еттердің оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. 


115
Мұндай жұмыс үдерісінде бұлшық еттер энергияның айтарлықтай 
үлесін бұлшық ет пен қанда жинақталуы (рН төмендеуі) қажудың 
дамуында маңызды рөл атқаратын сүт қышқылының түзілуімен 
жүретін анаэробтық гликогенолиз нəтижесінде алады.
Максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларды 
орындау да негізінен оттегі тасымалдау жүйесінің мүмкіндікте-
рімен лимиттеледі. Оларды орындау үдерісінде фосфагендер кон-
центрациясы айтарлықтай емес төмендейді, бұлшық ет пен қандағы 
лактат концентрациясы салыстырмалы көп болмайды. Қажу жүрек-
тамыр жүйесінің, əсіресе, жүректің қызметінің төмендеуімен бай-
ланысты. Жүрек қызметі бұлшық еттің оттегімен жабдықталуын 
лимиттеуші басты фактор болып саналады. Жұмыс негізінен гликоге-
нолиз арқылы қамтамасыз етіледі. Бірақ оны жалғастыруды тоқтатуы 
организмнің көмірсу ресурсының түгесілуімен байланысты емес. 
Бұлшық ет пен қандағы сүт қышқылының жоғары концентрация-
сы оны максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығуларды 
орындау кезіндегі қажудың маңызды механизмдерінің бірі ретінде 
қарастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет