Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Түрлі спорттық жаттығуларды орындау кезіндегі қажу



Pdf көрінісі
бет54/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Түрлі спорттық жаттығуларды орындау кезіндегі қажу
Түрлі жаттығулар үшін қажу механизмдерінің жəне жетекші 
жүйелердің (локализация) арнайы комбинациясы тəн. 
Максималды анаэробтық қуаттылықты жаттығуларды 
орындау кезінде қажудың дамуында ОЖЖ мен орындаушы жүйке-
бұлшық ет аппаратында жүретін үдерістер маңызды рөл атқарады. 
Бұл жаттығулар кезінде жоғары моторлық орталықтар жұмыс 
атқаратын бұлшық еттердегі жұлын мотонейрондарының макси-
малды санын белсендіріп жəне жоғары жиіліктегі импульсация-
сын қамтамасыз ету керек. Осындай қарқынды «моторлық топ» 
тек бірнеше секунд ғана болады. Əсіресе, импульсация жиілігі 
ерте төмендейді жəне жылдам мотонейрондардың істен шығуы 
жүреді. Жұмысшы бұлшық еттердегі фосфагендер, əсіресе, кре-
атинофосфат тез шығындалады, демек, осы жаттығуларды орын-
дау кезіндегі қажудың жетекші механизмдерінің бірі осындай 
жұмысты қамтамасыз ете алатын негізгі субстраттар ретіндегі 
фосфагендердің түгесілуі болып табылады. Анаэробтық гликолиз 
баяу дамиды, сондықтан жұмыстың бірнеше секундында жиырыла-


114
тын бұлшық еттердегі лактат концентрациясы елеусіз жоғарылайды. 
Вегетативтік қамтамасыз ету жүйелері бұл жаттығуларды орындауда 
жəне сəйкесінше, қажудың дамуында шешуші рөл атқармайды. 
Максималдыға жуық анаэробтық қуаттылықты жатты-
ғуларды орындау кезінде де қажудың дамуын ОЖЖ мен орындаушы 
бұлшық ет аппаратында жүретін өзгерістер анықтайды. Максимал-
ды анаэробтық жұмыс кезіндегі сияқты бұл жаттығуларда да ОЖЖ 
негізгі жұмыс бұлшық еттерін жүйкемен жабдықтайтын көптеген 
жұлын мотонейрондарының жоғары жиіліктегі импульсациясы 
мен белсенуін қамтамасыз ету қажет. Бұлшық ет жасушаларының 
өзінде анаэробтық метаболизм субстраттары – фосфагендер мен 
бұлшық ет гликогенінің қарқынды шығындалуы жүруінен қанға сүт 
қышқылының айтарлықтай мөлшері шығарылады. Максималдыға 
жуық анаэробтық жұмыс кезінде қажудың маңызды себебі 
фосфагендердің түгесілуімен қатар бұлшық ет пен қанда сүт 
қышқылының жинақталуы болып табылады. Бұл бір жағынан, 
бұлшық етте гликогенолиз жылдамдығын төмендетсе, екінші 
жағынан, ОЖЖ қызметіне жағымсыз ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет