116
Бұл дене температурасының критикалық жоғарылауын тудыруы
мүмкін. Қосымша қан айналымының қайта таратылуы (тері қан
айналымының күшеюі мен жұмыс атқаратын бұлшық еттердегі қан
айналымның төмендеуі) нəтижесінде жылу шығару жоғарылайды.
Жұмысшы бұлшық еттерге оттегі жеткізілуінің төмендеуі бұлшық
ет қажуына əкеледі.
Аз аэробтық қуаттылықты жаттығулар да орташа аэробтық
қуаттылықты жаттығулар кезіндегі қажу локализациясы мен
механизмдері сияқты сипатталады. Айырмашылығы сипатталған
үдерістердің неғұрлым баяулап өтуінен жəне майлардың көп
шығындалуынан тұрады. Толық тотықпаған өнімдер қанға түсіп
қажудың маңызды факторы болуы мүмкін.
Қалпына келу
Жаттығуды тоқтатқан соң сол жаттығудың орындалу-
ын қамтамасыз ететін физиологиялық жүйелер қызметінің кері
өзгерістері жүреді. Осы кезеңдегі өзгерістер жиынтығының барлығы
қалпына келу түсінігіне келіп саяды. Қалпына келу кезеңі барысын-
да жұмыс метаболизмі өнімдері жойылады жəне бұлшық ет əрекеті
кезінде шығындалған энергиялық қор, пластикалық (құрылымдық)
заттар (белок жəне т.б.) мен ферменттер толтырылады, яғни бұзылған
гомеостаз жұмысының қалпына келуі жүреді. Бірақ қалпына келу
организмнің тек жұмыс алдыңғы күйіне оралу үдерісі ғана емес.
Осы кезеңде организмнің қызметтік мүмкіндігінің жоғарылауын,
яғни жаттықтыру əсерінің тиімділігін қамтамасыз ететін өзгерістер
де жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: