Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет53/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Қажудың түрлері
Қажу дене жəне ой еңбектерінде пайда болады. Ол жедел (қысқа 
мерзімде туады) жəне созылмалы (ұзақ мерзімде – айлар немесе 
жылдар бойы) əртүрлі физиологиялық жүйелер мен тұтас организм-
де байқалады. Қажу жалпы жəне жергілікті болып бөлінеді. Жалпы 
қажуда тұтас организмнің əрекеттері өзгереді, ал жергілікті қажуда 
кейбір бұлшық еттердің, жеке талдағыштардың, т.б. қызметтері 
төмендейді.
Дене 
жүктемесінен 
кейінгі 
жергілікті 
қажу 
жүйке 
орталықтарында, синапстарда жəне бұлшық еттің өзінде туатын 
өзгерістерге байланысты. Жүйке орталықтары қызметі өзгерістері 
олардың белсенділігі мен ширақтығының төмендеуінен, қозу-тежелу 
үдерістері байланыстарының бұзылуынан туады. 
Реципроктық қарым-қатынастың нашарлауынан қосарлас (си-
нергист) бұлшық еттердің өзар үйлесу тəртібі жойылады. Сондықтан 
бұлшық еттердің ширақтығы мен қозғыштығы төмендейді жəне 
оның күші мен жиырылу жылдамдығы əлсірейді. Қажу кезінде 
еттің энергия қоры азайып, кальций мен калий иондарының балан-
сы өзгереді, синапстың ацетилхолинге сезімталдығы төмендейді. 
Қажудың пайда болуы бұлшық ет қан айналысына да байланысты. 
Өте жақсы жаттыққан бұлшық еттер шыдамды (төзімді) келеді. 
Жергілікті өзгерістер нəтижесінде организмнің жалпы қажуы туа-
ды. Ол орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдерінен басталады. 
Өйткені қозғалыс орталығы мен вегетативтік жүйелер қызметін 
реттейтін орталықтардың өзара əрекеттесу үйлесімі бұзылады. Со-
нымен қатар жалпы қажу кезінде оны сана арқылы ерікті үйлестіру 
нашарлайды. Бұлшық еттің жиырылу күші мен жылдамдығы, 
шыдамдылығы төмендейді. Жалпы қажу кезінде жүректің жиы-
рылу күші əлсірейді, жиілігі артады. Қанның систолалық көлемі 
өсіп, диастолалық қысымы көтеріледі. Осыған байланысты жұмыс 
атқарушы мүшелер қанмен нашар қамтамасыз етіледі. Сонымен 
бірге өкпе вентиляциясы, оттегіні пайдалану азаяды. Организмнің 
энергия қоры сарқылады, əсіресе, гликоген жетіспейді.
Жалпы қажу статикалық қимылдарда, бұлшық еттің үздіксіз 
жиырылуы кезінде пайда болады. Бұл жағдайда кенеттен жүрек 
əлсіреп, əртүрлі аймақтарда қан айналысы бұзылады, демікпе, циа-
ноз, үйлесімсіз қимыл байқалады. ОЖЖ мүшелер мен жүйелерді 
бірлестіріп, əрі олардың қызметтерін үйлестіріп үлгермейді. 


112
Сондықтан вегетативтік жүйе организмді дер кезінде қоректік зат-
тармен, энергиямен қамтамасыз ете алмайды. 
Жедел (жіті) қажу дағдыланбаған адамдарда ұзақ жұмыстың 
алғашқы сəтінде кездеседі. Ол мүшелер мен жүйелерді бұрынғы 
қалпына келтіру қоры азайғандықтан жəне реттеуші механизмнің 
олқылықтарынан туындайды. 
Бұл қажу қоршаған орта температурасы мен ылғалдылығы 
жоғары болған жағдайда тез пайда болады. Өйткені адам қатты тер-
леп, организм маңызды микроэлементтерден арылады. Қажудың бұл 
түрі кəрі адамдарда айқын көрінеді, олардың организмі бұрынғы 
қалпына баяу келеді. 
Созылмалы қажу жүйке-бұлшық ет жəне вегетативтік 
жүйелердің өзгерістеріне əкелетін қарқынды жұмыстардан кейін 
байқалады. Мұнда орталық жүйке жүйесінің меңгеру əрекеті 
өзгеріп, организмнің күш салу мүмкіндігі, жұмыс қабілеттілігі, 
күрделі үйлесімдігі əлсірейді. Тахикардия байқалып, диастолалық 
қысым көтеріледі. Сонымен қатар жүйке үдерістерінің балансы 
өзгереді, жұмыс жəне тұрмыс жағдайындағы төзімділік пен сақтық 
жойылады. Организмнің қолайсыз жағдайларға бейімделу қабілеті 
төмендейді, сондықтан ол жиі ауруларға шалдығады. 
Ақыл-ой жұмыстарында қажу тез басталады. Мұнда зейін, 
зерде (ес) əлсірейді, тез шешім қабылдау, анық қисынды сөйлем 
құрау, дерексіз ойлау қабілеті төмендейді. Ақыл-ой қажуы да же-
дел жəне созылмалы болып бөлінеді. Жедел ой қажуында негізгі 
физиологиялық көрсеткіштер тəулік ішінде бұрынғы орнына келеді. 
Ми қыртысында шектен тыс тежелу байқалады, қан айналысы 
өзгереді, талдағыштардың орталық бөлімінің қызметі нашарлайды. 
Жалпы физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дене мен 
ой еңбегінен туындайтын қажудың айырмашылығы шамалы. 
Сондықтан оны болдырмау шаралары бірдей болады.
Қажуды анықтау үшін объективті жəне субъективті белгілер 
қолданады. Субъективтік белгіге шаршау түйсігі жатады. Ол 
белсенді жұмыс істеп отырған жүйке орталықтарының тежелуінен 
туады. Объективті белгілер жұмыс қабілеттілігінің өзгеруінен жəне 
қажумен қатар білінетін əртүрлі жүйелердің өзгерістерінен тұрады. 
Біріншіден, жұмыс қабілеттіліктің сандық көрсеткіштері, нақтылы 
мерзімдегі жұмыс өнімі төмендейді. Мұны корректуралық кесте-
лер немесе эргографиялық зерттеулер арқылы тексереді. Екіншіден, 
жұмыс қабілеттілік сапасы, арнайы бақылау тапсырмаларын орын-


113
дау нашарлайды. Үшіншіден, жұмысқа байланысты үйлесімді 
əрекеттер бұзылады.
Жұмысқа қабілеттілік сапасына əлеуметтік жағдайлардың 
(тұрмыс салты, молшылық жəне т.б.) мəні зор. Сонымен бірге 
оған кейбір ішкі факторлар: денсаулық күйі, жүйке жүйесінің 
ерекшеліктері де əсер етеді. Ал жүйке жүйесінің қызметі ішкі секре-
ция бездерінің қызметімен байланысты болады. 
Қажудың түрлері, оның даму сатылары адамның жеке қасиетте-
ріне, жұмыс жағдайлары мен тəртіптеріне байланысты келеді. 
Сондықтан оны болдырмау үшін қоршаған ортадағы санитарлық 
жəне гигиеналық шараларды жақсарту керек. Жаттықтыру жəне жа-
рыс өткізілетін орындардың (спорт залдар, гимнастикалық, бокс зал-
дары жəне т.б.) арнайы гигиеналық талаптарға сай жабдықталуына 
аса мəн берілу қажет. Жұмысты қолайлы ұйымдастырудың да 
(жұмыс орны, тұлға қалпы, бірсарынды еңбекті азайту) маңызы 
бар. Жұмысқа қабілеттілікті үнемі жаттығу, жұмыс дағдыларын 
қалыптастыру, кəсіби үйрету, тиімді тынығу арқылы жоғарылатуға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет