Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет61/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Активті (белсенді) тынығу. Жұмыстан кейін бұрынғы күйге 
жетудің маңызды əдісі – активті тынығу. Активті тынығу феноменін, 


123
яғни активті əрекеттен демалыс кезінде жұмыс қабілеттілігінің 
жоғарылауын И. М. Сеченов ашқан болатын. 
Қалпына келу үдерістерінің сипаты жəне ұзақтығы жұмыстан 
кейін қалпына келу кезеңінде спортшы əрекетінің режимімен бай-
ланысты өзгеруі мүмкін. И. М. Сеченовтың тəжірибелері бойын-
ша, қажыған бұлшық еттердің жұмыстан кейін бұрынғы қалпына 
келуі толық тыныштық сақтағаннан гөрі, басқа бұлшық еттерді 
жұмысқа қосқан кезде тезірек жүреді. Ол бұлшық еттердің өзара ал-
масып, нəтижелі жұмыс істеу сапасын көтереді. Қол эргографында 
жұмыстан қажыған қолдың жұмыс қабілеттілігі тынығу кезеңінде 
басқа қол жұмысымен айналысқанда тезірек жəне толығырақ 
қалпына келетінін байқаған. Бұл феноменді И. М. Сеченов талдай 
отырып, тынығу кезінде басқа жұмыс атқарушы бұлшық еттерден 
түсетін афферентті импульстер оларды энергиямен зарядтай оты-
рып, жүйке орталықтарының жұмыс қабілеттілігінің жақсы қалпына 
келуіне себепші болатындығын жорамалдады. «Энергиямен заряд-
талуды» қажыған жүйке жасушаларының жұмыс қабілеттілігі мен 
белсенділігінің жоғарылауына əкелетін торлы құрылымның үлкен 
ми сыңарлары қыртысының қозғалыс орталықтарына арнайы 
емес ықпалы ретінде қарастырған жөн. Активті тынығу феномені 
жүйке орталықтары арасындағы индукциялы қатынаспен де 
түсіндірілуі мүмкін. И. П. Павлов теріс индукцияны қажыған жүйке 
орталықтарын «энергиямен зарядтауды» жүзеге асыратын потенци-
алды резерв ретінде көрді.
Сонымен қатар бір қолдың жұмысы басқа қол тамырындағы 
қан айналымының артуын тудыра отырып, қажыған бұлшық 
еттердің жұмыс қабілеттілігінің неғұрлым жылдам қалпына келуіне 
мүмкіндік береді.
Тынығудың мəні орындалатын жұмыстың сипатына байланыс-
ты. Жалпы алғанда, пассивті (селқос) тынығу тиімсіз келеді, өйткені 
одан кейін іске қосылу баяулайды жəне қиындайды. Бұл кезеңде 
бұлшық еттердің жұмысқа қабілеттілігі төмендегенмен, олардың өте 
жоғары электрлік белсенділігі байқалады. Сонымен қатар пассивті 
тынығудан кейін ол баяу қалпына келеді.
Сондықтан пассивті тынығу ауыр жəне қолайсыз өндіріс 
жағдайларында істелетін жұмыстан кейін орынды. Тынығу кезінде 
шаршаған бұлшық еттерге демалыс беру үшін, дене қалпын өзгертіп 
отыру керек. Ал ой еңбегінен кейінгі тынығу кезінде, керісінше, 


124
дене жүктемелері қосылуға тиіс. Мұндай жағдайда жұмысқа 
кіріскен бұлшық еттердің рецепторлары жүйке орталығына им-
пульстер жіберіп, оларды қоздырады. Ал қозу толқыны жайылған 
ми қыртысының аймақтары индукция заңына сəйкес теже-
лу үдерістерін жаңғыртады, сөйтіп қайта қалыптасу жақсарады, 
олардың қозғыштық қасиеті артады.
Тынығуды белсендіру іс-əрекет түрлерін өзгерту мен өндірістік 
гимнастика арқылы қамтамасыз етіледі. Жұмысқа қабілеттілікті 
жоғары деңгейде сақтау мен денсаулықты нығайту үшін үнемі 
дұрыс қолданылатын өндірістік гимнастика көп пайдалы болады. 
Ол əсіресе, аз қимылдайтын жұмыстарда, ақыл-ой еңбектерінде өте 
тиімді.
Ал жүйкеге тиетін жəне зор зейінді талап ететін жұмыстарда, 
саусақтың жоғары ырғақты, дəлме-дəл, ұсақ қимылдарында, 
бірсарынды істерде жиі жəне қысқа (5-10 мин) үзілістер енгізілу ке-
рек. Өте қатты қажытатын жұмыстарда үзілістер жиі жəне ұзаққа 
созылуы тиіс. Жұмыстың статикалық түрлерін динамикалық 
түрлеріне, қол еңбегін ой еңбегіне алмастырып отыру қажет. Жұмыс 
қабілеттілікті көтеру үшін қолайлы гигиеналық, эргономикалық 
жəне психологиялық жағдайлар толық жасалуы керек. Бұл шаралар 
организмнің апталық немесе тəуліктік физиологиялық ырғақтарына 
сəйкес ұйымдастырылуға тиіс. Активті тынығудың оң əсері тек 
жұмысқа басқа бұлшық ет топтарының қайта қосылуы кезінде 
ғана емес, сол жұмыстың өзін азырақ қарқындылықпен орындау 
кезінде де көрінеді. Мысалы, жоғары жылдамдықпен жүгіруден 
жортақтап жүгіруге ауысса, неғұрлым тезірек қалпына келу үшін 
тиімді болады. Пассивті тынығу кезіне қарағанда, активті тынығу 
кезінде, яғни төмен қуаттылықты жұмыс жағдайында сүт қышқылы 
қаннан тезірек жойылады. Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда 
жұмыс соңында немесе жарыстан кейін орындалатын жоғары емес 
қуаттылықты аяқтау жұмысының оң əсері активті тынығу феномені 
көрінісі болып табылады. Активті тынығу спорт практикасында 
бұлшық ет жұмысының бір түрінің басқаға, қарқынды жүктеменің 
аз қарқынды жүктемеге ауысуы ретінде қолданады. Активті тынығу 
ретінде оптималды қарқынды жаттығулар ұсынылуы мүмкін. Деген-
мен, ұзақ бірсарынды (монотонды) жұмыстардан қажу кезінде қысқа 
мерзімдік қысқа жаттығулар неғұрлым тиімдірек болады. Спорт-
шылар жаттығулар арасында активті үзілістермен қатар пассивті 


125
тынығу да қолданады. Жарыстың үзіліс кездерінде кейбір спортшы-
лар аутогендік жаттығу жəне қысқа мерзімдік ұйқыны қолдана оты-
рып толығымен қалпына келуге үлгереді. Активті тынығу əдістерін 
қолдану бойынша тəжірибелік ұсыныстар беруде спортшылар-
да активті жəне пассивті тынығу түрлерін кезектестіре отырып, 
қалпына келу үдерістері өтуінің жеке-дара ерекшеліктерін ескеру 
қажет. 
Қазіргі кезде спорт жəне еңбек физиологиясында адамның 
əртүрлі функциялық күйін жəне сырқатқа шалдығуын болжау өте 
маңызды орын алады. Əсіресе, бұл организм мен қоршаған ортаның 
арақатынасы өзгергенде, төтенше факторлар əсер еткенде, еңбек 
жəне жаттықтыру жүктемелерінен кейінгі қажу пайда болғанда 
қолданылады. 
Организмнің 
əртүрлі 
функциялық 
күйі 
вегетативтік 
(энергиялық), соматикалық немесе бұлшық ет (орындаушы) жəне 
психофизиологиялық (меңгеруші) жүйелер арқылы анықталады
(П. К. Анохин, В. И. Медведев).
Қызметтердің энергиялық деңгейін ішкі мүшелердің (жүрек-
тамыр, тыныс, эндокриндік, қан жүйесі, т.б.) қызметі арқылы 
бағалайды. Оның орындаушы деңгейін рефлексометрия əдісімен 
бұлшық ет пен орталық жүйке жүйесінің психомоторлық 
көрсеткіштері арқылы бағалайды. Ал қызметтердің меңгеруші 
(психофизиологиялық) деңгейін ойлау, зейін, зерде ерекшеліктері 
көрсеткіштері арқылы тексереді. Осы комплексті əдістерді 
қолданып, адамның іс-əрекетіне, спортпен айналысуға мүмкіндігін 
жəне қабілетін болжауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет