141
бір
уақытта көрініс берсе, салыстырмалы баяу қозғалыстарда
олардың арасында реципроктылық (ілеспелілік) байқалады жəне
биоэлектрлік белсенділік кезекпен туындай бастайды. Деген-
мен, тіпті, қалыптасқан дағдының кезінде де
реципроктылық аго-
нист жиырылуы кезінде антагонист белсенділігінің төмендеуінде
ғана көрініп толық айқындалмауы мүмкін. Мұнда қозғалыс темпі
неғұрлым жылдам болған сайын, соғұрлым агонисттің биоэлектрлік
белсенділігі бір мезгілдегі антагонист белсенділігімен үйлеседі.
Кейбір жағдайларда антагонист-бұлшық еттердің бір мезгілдегі
əрекеті сол қозғалыс дағдысы жетілуінің жоғары дəрежесі кезінде
байқалатын координацияның ерекше түрі ретінде көрінеді. Соның
ішінде бұл дене буындарының бірқалыпты ауысуын қажет ететін
баяу қозғалыстарда, мысалы, атқыштардағы шүріппені басу кезінде
орын алған.
Əртүрлі тұлғаларда қозғалыс дағдыларының қалыптасуы кезінде
түрлі бұлшық ет қозғалысына қатысу дəрежесін
айғақтайтын
биоэлектрлік белсенділік бірдей жүрмейді. Бұл тура сол қозғалыстың
жұмыс атқарушы бұлшық еттер қызметтерінің бірнеше ерекше
үйлесімде орындалуымен түсіндіріледі.
Осыған
орай
біліктіліктері
бірдей
спортшылардың
биоэлектрлік белсенділіктерінің ортақ қасиеттерімен бірге мəнді
айырмашылықтарының да болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: