Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет59/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Оттегі қорының қалпына келуі. Бұлшық еттерде оттегі мио-
глобинмен химиялық байланысқан түрде болады. Бұл қорлар өте 
үлкен емес, мəселен, бұлшық ет массасының əр килограммында 
11 мл-ге жуық О
2
болады. Сəйкесінше, «бұлшық еттік» оттегінің 
жалпы қоры спортшыларда 40 кг бұлшық ет массасына есептеген-
де 0,5 л-ден аспайды. Бұлшық ет жұмысы үдерісінде ол жылдам 
шығындалып, ал жұмыстан кейін тез қалпына келуі мүмкін. Оттегі 
қорының қалпына келу жылдамдығы тек оның бұлшық еттерге 
жеткізілуімен байланысты. 
Жұмысты тоқтата салысымен бұлшық ет арқылы өтетін артерия 
қанындағы оттегінің парциалдық кернеуі (мөлшері) жоғары болады, 
сондықтан О
2
-миоглобиннің қалпына келуі бірнеше секундта жүруі 
ықтимал. Шығындалған мұндағы оттегі жəне сонымен қатар вена 
қанындағы оның қалыпты мөлшерін толтыруға апаратын оттегінің 
(0,2 л-ге дейін) кішкене мөлшері оттектік қарыздылықтың жылдам 
фракциясының біраз бөлігін құрайды.
Сонымен, жұмысты тоқтатқаннан бірнеше секундтан соң-
ақ, бұлшық ет пен қандағы оттегі «қорлары» қалпына келеді. 
Альвеолалық ауа мен артерия қанындағы оттегінің парциалдық 
кернеуі тек жұмыс алдындағы деңгейге жетіп ғана қоймай, одан асып 
та түседі. Жұмыстан кейінгі кезеңде оттегімен жеткілікті қамтамасыз 
етілуін көрсететін жұмыс істейтін бұлшық еттер жəне басқа белсенді 
дене мүшелері мен ұлпаларынан келетін вена қанындағы О
2
мөлшері 
де тез қалпына келеді. Сондықтан қалпына келу үдерістерін жыл-
дамдату үшін жұмыстан кейін таза оттегімен немесе оттегінің көп 
мөлшері бар қоспалармен тыныс алуды қолданудың ешқандай 
физиологиялық негізі жоқ.
Фосфагендердің (АТФ жəне КрФ) қалпына келуі. Фосфаген-
дер, əсіресе АТФ өте жылдам қалпына келеді. Жұмысты тоқтатқан 
соң 30 секунд ішінде-ақ шығындалған фосфагендер 70%-ға дейін 
қалпына келеді, ал олардың толық толтырылуы аэробтық метабо-
лизм энергиясы есебінен, яғни оттегі қарыздылықтың жылдам фа-
засында тұтынылған оттегі арқасында бірнеше минутта аяқталады. 
Шынында да, егер дереу жұмыстан кейін жұмыс атқарушы аяқ-
қолды бұрау (жгут) арқылы бұлшық еттерге қан арқылы оттегінің 
баруын тежесе, онда КрФ қалпына келуі жүрмейді.


121
Неғұрлым жұмыс кезінде фосфагендер шығыны көп болса, 
соғұрлым олардың қалпына келуіне оттегі көбірек қажет болады. 
Мəселен 1 моль АТФ-ты қалпына келтіру үшін 3,45 литр О

ке-
рек. Оттегі қарыздылықтың жылдам (алактатты) фракциясының 
мөлшері жұмыс соңында бұлшық еттерде фосфагендердің төмендеу 
дəрежесімен тура байланысты. Сондықтан аталмыш мөлшер жұмыс 
үдерісінде шығындалған фосфагендер санын көрсетеді.
Жаттықпаған ер адамдарда оттегі қарыздылықтың жылдам 
фракциясының максималды мөлшері 2-3 литрге жетеді. Əсіресе, бұл 
көрсеткіштің жоғары мөлшері жылдамдықты-күштік спорт түрлері 
өкілдерінде тіркелген. Мəселен, жоғары білікті спортшыларда 7 лит-
рге дейін болады. Бұл спорт түрлерінде бұлшық еттердегі фосфаген-
дер мөлшері жəне олардың шығындалу жылдамдығы жаттығудың 
максималды жəне арақашықтық қуаттылығын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет