Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет60/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Гликогеннің қалпына келуі. Басында Р. Маргарий жəне оның 
əріптестерінің мəліметтері бойынша жұмыс кезінде шығындалған 
гликоген сүт қышқылынан жұмыстан соң 1-2 сағат барысын-
да ресинтезделеді делінген. Қалпына келудің осы кезеңінде 
шығындалған О
2
оттегі қарыздылықтың екінші, баяу немесе лак-
татты фракциясын анықтайды. Дегенмен, қазіргі уақытта бұлшық 
еттердегі гликогеннің қалпына келуі 2-3 күнге дейін созылатыны 
анықталған. Гликогеннің қалпына келу жылдамдығы жəне бауыр 
мен бұлшық еттегі қалпына келетін қорларының мөлшері екі негізгі 
факторларға:
1. Жұмыс үдерісінде гликогеннің шығындалу дəрежесіне; 
2. Қалпына келу кезеңіндегі ас рационы сипатына байланысты.
Күнделікті қарқынды жəне ұзақ жаттықтыру сабақтары кезінде 
жұмысшы бұлшық еттер мен бауырдағы гликоген мөлшері күннен 
күнге айтарлықтай төмендейді. Сондықтан кəдімгі ас рационы 
кезінде жаттықтыру арасындағы тəуліктік үзілістің өзі гликогеннің 
толық қалпына келуіне жеткіліксіз. Спортшының ас рационын-
да көмірсулар мөлшерін арттыру келесі жаттықтыру сабағына 
дейін организмнің көмірсу ресурстарының толық қалпына келуін 
қамтамасыз етуі мүмкін.
Сүт қышқылының жойылуы. Қалпына келу кезеңінде 
жұмысшы бұлшық ет, қан жəне ұлпа сұйықтығынан сүт 
қышқылының жойылуы неғұрлым жұмыс кезінде сүт қышқылы аз 
түзілсе, соғұрлым жылдамырақ жүреді. Жұмыстан кейінгі режим 


122
де маңызды рөл атқарады. Мəселен, максималды жүктемеден кейін 
жинақталған сүт қышқылын толық жою үшін толық тыныштық 
күйінде, яғни отырғанда немесе жатқанда (пассивті қалпына келу) 
60-90 минут қажет. Бірақ егер мұндай жүктемеден кейін жеңіл 
жұмыс (активті қалпына келу) орындалса, онда сүт қышқылының 
жойылуы айтарлықтай жылдамырақ жүреді. Жаттықпаған адам-
дарда «қалпына келтіруші» жүктеменің оптималды қарқындылығы 
шамамен, ОМП-дан 30-45% (мысалы, жортақтап жүгіру), ал жақсы 
жаттыққан спортшыларда ОМП-дан 50-60%, жалпы ұзақтық ша-
мамен, 20 минут болады. Сүт қышқылының жойылуының негізгі 4 
жолы бар:
1. СО
2
жəне Н
2
О дейін тотығу. Осы жолмен барлық жиналған сүт 
қышқылының 70%-ы жойылады.
2. Бұлшық ет пен бауырда гликогенге жəне бауырда глюкозаға 
айналу арқылы сүт қышқылының 20%-ға жуығы жойылады.
3. Белокқа айналу жолымен барлық жиналған сүт қышқылының 
10%-дан азы жойылады.
4. Зəрмен, термен бөліну арқылы барлық жиналған сүт 
қышқылының 1-2 %-ы жойылады.
Активті (белсенді) қалпына келу кезеңінде аэробты жол-
мен жойылған сүт қышқылының үлесі артады. Дегенмен, сүт 
қышқылының тотығуы əр алуан мүшелер мен ұлпаларда (қаңқа 
бұлшық еті, жүрек бұлшық еті, бауыр, бүйрек жəне т.б.) жүруі 
мүмкін болса да, оның көпшілік бөлімі қаңқа бұлшық еттерінде
əсіресе, олардың баяу талшықтарында тотығады. Бұл неліктен ауыр 
жүктемеден кейін орындалған жеңіл жұмыстың (бұған негізінен 
баяу бұлшық ет талшықтары қатысады) лактаттың неғұрлым тез 
жойылуына əкелетіндігін түсіндіреді.
Оттегі қарыздылықтың баяу (лактатты) фракциясының 
айтарлықтай бөлімі сүт қышқылының жойылуымен байланысты. 
Неғұрлым жүктеме қарқынды болған сайын, соғұрлым бұл фракция 
жоғары келеді. Жаттықпаған адамдарда ол максималды 5-10 литр-
ге жетеді, ал спортшыларда, əсіресе, жылдамдықты-күштік спорт 
түрлері өкілдерінде 15-20 литр болады. Оның ұзақтығы 1 сағатқа 
жуық. Оттегі қарыздылықтың лактатты фракциясының мөлшері мен 
ұзақтығы активті қалпына келу кезінде төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет