Байланысты: О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми
Дағдының тұрақтылығы жəне оның сақталу ұзақтығы.
Қозғалыс дағдылары басқа да уақытша байланыстың көріністері
сияқты басында тұрақтылығы жеткіліксіз болып, кейін біртіндеп
неғұрлым тұрақты бола бастайды. Олар неғұрлым өздерінің
құрылымы бойынша қарапайым болған сайын берік болады.
Күрделі үйлесімділіктен тұратын дағдылар соғұрлым тұрақсыздау
болып келеді. Осы себепті тіпті, жоғары білікті спортшыға күрделі
қозғалыстарды қайталау кезінде өзінің жоғары нəтижелерін əр рет
сайын көрсету оңайға түспейді. Егер жаттығудың сапалы орын-
далуына себепші қандай да бір фактордың толықтау болмаған
жағдайының өзінде нəтиже төмендейді. Дағдының тұрақтылығын
төмендететін факторларға жүйке жүйесінің жалпы күйінің нашарла-
уы (мысалы, қажу кезінде), гипоксия, белдеу сағатының айтарлықтай
өзгерістеріне бейімделудің жеткіліксіздігі, күшті қарсыласының ал-
дында өзіне деген сенімсіздігі, т.б. жатады. Бұл ретте жүйке жүйесі
типтерінің айтарлықтай мəні бар.
Жүйелі жаттықтыру тоқталған соң дағды жоғала бастайды. Бірақ
бұл оның түрлі бөлімдерінде əртүрлі көрінеді. Неғұрлым күрделі
қозғалыс бөлімдері тіпті, бірнеше күндік үзілістің өзінде де нашар-
лай бастауы мүмкін. Ал ұзақ уақыттық үзілістер (апта, ай) кезінде
соғұрлым дағды тез жоғала бастайды. Сондықтан жоғары нəтижелі
жетістіктерге жету үшін жаттықтыру жүйелі əрі ұзақ уақыттық ин-
тервалсыз жүргізілуі қажет. Дағдының күрделі емес бөлімдері ай-
лар, жылдар жəне ондаған жылдар бойы сақталуы мүмкін. Мысалы,
жүзумен айналысқан, коньки немесе велосипед теуіп үйренген адам-
дарда осы қарапайым түрдегі дағдылар тіпті, ұзақ уақыттық интер-
валдардан кейін де сақталатыны белгілі.
Қан айналу, тыныс алу жəне т.б. қызметтердің реттелуімен байла-
нысты дағдының вегетативтік бөлімдерінің қозғалыс бөлімдерінен
көптеген айырмашылықтары бар. Бір жұмыс түрін басқа əрекет
түріне қысқа мерзімде ауыстыру кезінде қозғалыс бөлімдеріне
қарағанда вегетативтік бөлімдер баялау құрылады. Ұзақ үзілістер
(айлар, əсіресе, жылдар) кезінде дағдының вегетативтік бөлімдері
қозғалыс бөлімдеріне қарағанда толығымен өшуі мүмкін.