Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Афференттіліктің қозғалыс дағдыларының қалыптасуы мен



Pdf көрінісі
бет70/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Афференттіліктің қозғалыс дағдыларының қалыптасуы мен 
сақталуындағы маңызы
Қозғалыс актілері қалыптасуының жəне оны басқарудағы күрделі 
жүйкелік механизмінде сыртқы ортадан жəне организм жүйелері 
мен түрлі дене бөлімдерінен алынған ақпараттың орны зор. 
Кері байланыс жəне оның қозғалыс техникасының 
қалыптасуы мен жетілуіндегі маңызы. Жүйке жүйесі қандай да 
бір əрекетті қозғалыс жəне вегетативтік жүйкелер арқылы туды-
ра отырып, кері байланыстың болуының арқасында басқарылған 
мүшелерден (бұлшық ет, жүрек-тамыр жүйесі жəне т.б.), сонымен 
қатар сыртқы ортадан атқарылған əсер туралы ақпаратты сол сəтте-
ақ ала бастайды. Н. А. Бернштейн бойынша кері байланыс сигнал-
дары қозғалыс корреляциясының маңызды факторы болып табыла-


142
ды. Оларды орталық жүйке жүйесіне сезім мүшелері арқылы келетін 
болғандықтан сенсорлық (сезгіш) коррекция деп атайды. 
Кері байланыс ішкі жəне сыртқы болып ажыратылады. Ішкі кері 
байланыс бұлшық ет, жүрек жəне организмнің басқа жүйелерінің 
жұмысы сипаты туралы, ал сыртқы кері байланыс сыртқы ортадан 
əрекет туралы (лақтыру дəлдігі, футболдағы доптың қозғалу бағыты, 
күресте қарсыластың дене күйінің өзгерісі, т.б. сияқты) хабар беріп 
отырады. 
Дене жаттығуларын орындау кезінде ішкі кері байланыстар 
қозғалыс (пропиоцептивтік), вестибулярлық жəне интероцептивтік 
сенсорлы жүйелер арқылы, ал сыртқы кері байланыс көру, есту жəне 
тактильді (жанасу) сезім мүшелері арқылы орындалады. 
Қозғалыс техникасын жетілдіру үшін жаттығуды бақылап 
тұрған жаттықтырушы немесе басқа тұлғалардан алынған қосымша 
ақпараттың айтарлықтай мəні бар. Қазіргі кезде бақылаудан 
басқа қозғалыс актісінің кеңістіктік жəне уақыттық параметрлерін 
бағалауға мүмкіндік беретін түрлі аспаптық техника, гензометрия, 
электромиография, кино, бейнежазбалар, т.б. кең қолданылады.
В. С. Фарфель бойынша алынған мəліметтер «жедел» болса, яғни 
қозғалыс техникасын арттыру үшін тікелей жаттығуларды орындау 
барысында немесе оны келесі қайталау кезінде қолданылса, осы 
мəліметтер ерекше құндылыққа ие. 
Жоғарыда қарастырылған қозғалыс дағдысының қалыптасу 
ерекшеліктері ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын жоққа 
шығармайды. И. М. Сеченов негізін салғаннан кейін И. П. Пав-
лов пен оның шəкірттері дəлелдеген рефлекстік теорияның негізгі 
заңдылықтары өз күшін жоймаумен қатар жəне автоматты (дағдылы 
əрекеттенген) ерікті қозғалыстар кезіндегі орталық жəне орындау-
шы мүшелер арасында өзара байланысты зерттеу жұмыстарында да 
расталып дəлелдене түсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет