131
уақытша байланыстар базасы негізінде қимылды орындау техника-
сын біртіндеп күрделендіре отырып, элементтер бойынша үйрету
қолданылады.
Бұрын берік қалыптасқан дағдылар
қимыл актісі өзінің сипа-
ты бойынша жаңа дағдылардың түзілуіне ықпал ете отыруымен
қатар кейбір жағдайларда, əсіресе, егер жаңа қозғалыс құрылымы
ескі дағдының қайта жасалуымен байланысты болса, олардың
қалыптасуына кедергі келтіруі де мүмкін.
Сондықтан спорттық
жаттығуларды үйрету барысында дұрыс қозғалыс дағдысын
қалыптастырудың маңызы зор. Себебі толық қанды емес берік
бекітілген қозғалыс əрекеттерін қайта жасау ұзақ уақытты жəне көп
тер төгуді қажет етеді.
Динамикалық стереотип жəне экстраполяция қимыл
дағдысының физиологиялық негіздері
Қимыл дағдысы элементарлық емес, бір-бірімен байланыс-
ты бірнеше фазалардан тұратын кешенді біртұтас қимыл актісі.
Ациклдік жаттығуларда жеке фазалар белгілі тəртіпте бірізділікпен
бір-бірін алмастырып отырады. Циклдік жаттығулардың да əр
циклінде фазалардың қайта-қайта бірнеше рет қайталануымен
жүретін белгілі бір заңдылықты байланыс болады (толығымен
3-та-
рауда баяндалған).
Қимыл дағдыларының қалыптасуы
барысында қозғалыстың
жеке фазалары өзіне тəн реакциялар тізбегін түзіп, динамикалық
стереотип (лат. динамика – қозғалыстың, əрекеттің көптігі; грек. сте-
рео – қатты, типос – таңдау, із) қалыптасады. Сыртқы ортадан ор-
ганизмге жүйелі жəне дəлме-дəл бірізділікпен белгілі бір мерзімде
əсер ететін тітіркендіргіштердің əрқайсысы ми қыртысындағы тиісті
қозу мен тежелу үдерістері арқылы организмнің белгілі бір реак-
циясын туғызады. Сондықтан сыртқы стереотипті (таптаурынды)
тітіркенуге сəйкес, мида осы сияқты функциялық қатынастардың
бірізді өзгерісі пайда болады. Олар сол тəртіппен бірнеше рет
қайталанған жағдайда біртұтас біріккен рефлекстер жүйесіне ай-
налады. Мұндай қозу мен тежелудің мидағы бекітілген белгілі
бірізділікпен қалыптасуы
динамикалық стереотип деп аталады.
Дене жаттығуларында динамикалық
стереотип қозғалыс
132
фазаларының жүзеге асырылуының тек бірізділігіне қатысты екенін
атап өткен жөн. Мəселен, жүгіру, жаяу жүру, жүзу жəне т.б. бары-
сында бұл фазалардың бірізділіктері ғана бəрінде бірдей бола-
ды, ал олардың арасындағы уақыт қатынастары, қадам жиілігі мен
ұзындығы үнемі түрленіп отырады. Қозғалыстың ішкі құрылымы,
яғни қозғалыс əрекетіне қатысатын бұлшық еттің құрамы жəне
сол бұлшық еттегі қимыл бірлігінің жиырылу саны ұдайы өзгеруі
мүмкін.
Динамикалық стереотип сыртқы құрылымдық фазалардың
бірізділігі белгілі стандарт бойынша өтетін дағдыларға (циклдік
жаттығуларға) тəн болып табылады. Сонымен қатар жиі өзгерістердің
болуына орай жаңа қозғалыстардың қайталануын қажет ететін
басқа да дағдылар (ациклдік жаттығулар) кездеседі.
Мұндай тек-
тес дағдыларға жекпе-жек түрлері бокс, семсерлесу, күрес пен
спорттық ойындар футбол, хоккей, баскетбол жəне т.б. жатады.
Оларда қозғалыс фазаларының алмасуы тұрақты біртұтас жүйе
ретінде болатын динамикалық стереотип түзілмейді. Тұрақтылық
күрделі қозғалыс комбинацияларынан көрінбей, тек жеке құрам
элементтерінен (мысалы, баскетболда айып добын лақтыру кезінде)
көрінеді.
Адамның қимыл – əрекеті көп түрлілігімен сипатталады.
Жаңа құрылымдық моторлық актінің
көп бөлігі ОЖЖ жоғары
серпімділігінің арқасында
экстраполяция жолымен жүзеге асыры-
лады. Ол дағдылардың тасымалдануын қамтамасыз етеді жəне «сол
орыннан» жаңа қозғалыстарды іске асыруға мүмкіндік береді.
Экстраполяция дегеніміз жүйке жүйесінің бұрын болған
тəжірибе негізінде келесі туындаған қозғалыс міндеттерін барабар
шешу қабілеті болып табылады. Меңгерілген қозғалыс қорларының
артуы адамның бұрын шешілген міндеттерге ұқсас жаңа қимыл
міндеттерін арнайы үйретусіз дұрыс шешу мүмкіндігінің
айтарлықтай жоғарылауына ықпал етеді.
Экстраполяция түрлері сан алуан.
Олар тек жаңа қозғалыстар
ғана емес, сонымен қатар үйреншікті қозғалыс əрекетін орындау
кезінде де (мысалы, жаяу жүріс кезінде) кең қолданылады.
Экстраполяцияның қозғалыс əрекеті сыртқы сипатының
айтарлықтай вариацияларымен қатар жүретін қимылдарды орындау
барысында маңызы орасан зор. Мысалы, футболшы допты аяғының
ұшымен де, түрлі қырларымен де, өкшемен де, əртүрлі күшпен жəне
133
əртүрлі бастапқы жағдайда тұрып тебе алады. Осындай əр алуан
қозғалыс міндеттері тəсілдердің салыстырмалы шектеулі санын
үйретуден соң экстраполяция арқасында шешіледі.
Қимыл актілерін меңгерудегі адамның экстраполяция қабілеті
біраз дəрежеде ғана тұқым қуалайтын
ақпарат негізінде пайда
болған. Бұл ретте уақытша байланыстың қалыптасуының маңызы
зор. Қозғалыс əрекетін біркелкі орындау кезінде экстраполяция
мүмкіндігі төмендесе, ал əркелкі орындау барысында бұл мүмкіндік
кеңейеді. Сондықтан тек спорттық ойындар мен жекпе-жектерде ғана
емес, циклдік қозғалыстар кезінде де жаттықтыру (жылдамдығы,
ұзақтығы, салмақтары бойынша) түрліше өткізілуі қажет.
Экстраполяция диапазоны үнемі біршама шектелген. Мəселен,
футболист меңгерген дағдылар экстраполяция жолымен күрескер
немесе боксшылардың (жəне керісінше) тəсілдерін орындау үшін
қолданылмайды. Сондықтан экстраполяцияны даярлық жаттығулары
кешендерін таңдауда ескеру керек. Бұл кешен негізгі жаттығуларды
меңгеруге жағымды ықпал ететін жаттығуларды қамту қажет. Егер
бірнеше көмекші жаттығулар экстраполяция механизмі бойынша
бірдей нəтиже берсе, онда олардың санын кеміткен жөн. Даярлық
жаттығуларын таңдауда экстраполяция механизмі бойынша қозғалыс
əрекеттерін қамтамасыз ететін вегетативтік қызметтің (қан айналу,
тыныс алу, т.б.) дамуына ықпал ететін əсерлерді əрқашан ескеру
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: