159
Уақыт бойынша баяу қимыл бірліктері бірінші, ал жылдам қажитын
бірліктер соңғы орынды иеленген.
Жылдам қажитын-резистентті
бірліктер екі көрсеткіш бойынша да орташа мəнді көрсеткен.
Координациялық (орталық-жүйкелік) факторларға бұлшық
ет аппаратын басқарудың орталық-жүйкелік координациялық
механизмдері – бұлшық ет ішілік жəне бұлшық ет аралық координа-
ция механизмдері жиынтығы жатады.
Бұлшық ет ішілік координация механизмдері сол бұлшық
еттердегі мотонейрондар импульсациясы саны мен жиілігін жəне
олардың импульсациясының уақытпен байланысын анықтайды.
ОЖЖ осы механизмдер көмегімен сол бұлшық еттердің максимал-
ды ерік күшін (МЕК)
реттеп отырады, яғни осы бұлшық еттердің
ерікті жиырылу күшінің қаншалықты оның максималды күшіне
(МК) жуықтығын анықтайды. Кез келген бұлшық ет тобының, тіпті,
бір буынның МЕК көрсеткіші көптеген бұлшық еттердің жиырылуы
күшіне тəуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: