179
Қозғалыс қарқыны белгілі бір уақыт аралығында орындалған
қозғалыс жиілігімен есептеледі.
Жоғарыда көрсетілген қозғалыс түрлері бір-бірімен тығыз
байланыста болмайды. Мысалы, сыртқы
тітірткендіргішке жауап
жылдамдығы өте тез болғанымен, қажетті қозғалысты орындау баяу
болуы ықтимал.
Спорттық практикада жылдамдық түрлерінің бір-бірімен
қосылатындығын көруге болады. Мысалы, спринттік жүгіруде
сөреде берілген дыбыс белгісімен, сөреден ытқып шығу жəне жыл-
дам жиі аттаудың барлығының өзара қосындысын көруге болады.
Жылдамдық түрлерінің бір-біріне берілуін өзара ұқсас қозғалыс
түрлері кезінде байқауға болады. Мысалы, орында тұрып секіруді
жақсы орындау, қысқа қашықттыққа жылдам жүгіру, ядро итеру
т.б. жаттығуларының сапалы болуына əкеледі.
Себебі көрсетілген
барлық спорт түрлерінде аяқтың жылдам серпіліп-жазылуы шешуші
рөл атқарады, бірақ дəл осы көрсеткішнің суға жүзуге, боксқа,
клавиштерді басуға қатысы шамалы.
Спорт түрлерінде кездесетін күрделі жаттығу түрлерінің
барлығындағы жылдамдық түрлерінің қосындысы шапшаңдықтың
дəрежесін көрсетеді.
Адам
организмінің
морфологиялық,
физиологиялық,
психологиялық ерекшелігі жəне спорттық шеберлігі дайындығы
деңгейі спортшының
жылдамдық, шапшаңдық қабілетін анықтайды.
Жылдамдық дене сапасын анықтайтын көрсеткіштер
Адамның жылдамдық қабілеті көрсеткіштері оның туа біткен
морфологиялық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерімен
қатар, оған əсер етуші арнайы педагогикалық жаттықтыру
жұмыстары сапасынан тұрады.
Морфологиялық көрсеткіштер:
– адамның антропометриялық ерекшелігі (дене салмағы, бойы);
– адам денесі бұлшық етінде туа біткен ерекшелігі бойынша
жылдам талшықтардың көп болуы.
Жылдам талшықтар
бойында гликоген көп болады, төзімділігі
аз, капилярлар мен миоглобин мөлшері аз болғанымен, қысқа уақыт
аралығында жылдам жəне күшті қозғалыстар жасауға бейім келеді.
Физиологиялық факторлар:
– жүйке жүйесіндегі қозу жəне тежелу үдерістерінің жылдам
өтуі;
180
– орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттерге команда келу
жылдамдығы;
– бұлшық еттің күші (АТФ адинозинтрифосфат), АТФ-
тың бөліну жылдамдығы жəне
АТФ-тың қайта қалыпқа келу
жылдамдығы. АТФ-тың бастапқы қалпына келу жылдамдығына кре-
атинфосфат (КФ) əсер етеді.
Психологиялық жағынан, жылдамдыққа əсер етуші фак-
тор ретінде жүйке жүйесінің бұлшық еттердің жиырылуы мен
босаңсуына команда беру жылдамдығымен байланысты келеді.
Осы жағдайды ескере, спортшыны
психологиялық жағынан бола-
тын алдағы жұмысқа дайындау негізгі үлкен жұмыс болып табыла-
ды. Жылдамдық сапасының əртүрлі болып келуі бұлшық еттердің
биомеханикалық ресинтездік жұмыстарды атқару мүмкіндігі жəне
адамның ерік-жігерінің күштілігімен анықталады.
Қимыл бірлігінің құрамына əртүрлі мөлшердегі бұлшық ет
талшықтары кіретіндігі белгілі. Мысалы, көз алмасының сыртқы
бұлшық еттерінде талшықтар саны 3-6, саусақта 10-25, қол бұлшық
етінде 500, балтыр бұлшық еттерінде 2000-7000 аралығында бола-
ды. Спортшылардың бұлшық ет талшықтары түрлерінің
санына
қарай стайер жəне спринтерлер деп ажыратады. Стайер спортшы-
ларында баяу ет талшықтарының мөлшері 70%-дан кем болмайды.
Марофоншылардың балтыр бұлшық етінде баяу ет талшықтарының
мөлшері 93-99% жетсе, спринттік қашықтықжелаяқтарының балтыр
бұлшық етінде баяу ет талшықтарының мөлшері 23%-ды құрайды.
Спорттық шеберлікті жоғары дəрежеде меңгеру, оны үнемді түрде
жылдам жəне уақытында орындай білу жүргізілген педагогикалық
жұмыстардың сапасына байланысты болып келеді (Д. Оңғарбаева
жəне əріпт., 2013).
Достарыңызбен бөлісу: