Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Максималды анаэробтық қуаттылық көрсеткіштерінің



Pdf көрінісі
бет90/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Максималды анаэробтық қуаттылық көрсеткіштерінің 
жіктелуі (кгм/с)*
Жіктелуі
(классификация)
Жас, жылмен
15-20 20-30 
Ер адамдар:
Нашар
Орта
Орташа
Жақсы
Өте жақсы
113-тен аз
113-149
150-187
188-224
224-тен көп
106-дан аз
106-139
140-175
176-210
210-нан көп
Əйел адамдар:
Нашар
Орта
Орташа
Жақсы 
Өте жақсы
92-ден аз
92-120
121-151
152-182
182-ден көп
85-тен аз 
85-111
112-140
141-168
168-ден көп
*1 кгм/с=9,8 Вт
Спортшыларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда 
максималды оттектік қарыздылықтың орташа мөлшері жоғары, 
ол ерлерде 10,5 л (дене салмағына 140 мл/кг), ал əйелдерде 5,9 л 
(дене салмағына 95 мл/кг). Спортпен айналыспайтын ер адамдар-
да олар 5 л (дене салмағына 68 мл/кг) жəне əйелдерде 3,1 л (дене 
салмағына 50 мл/кг). Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің айту-
лы тұлғаларында (400 жəне 800 м-ге жүгіретін желаяқтарда) макси-
малды оттектік қарыздылық Н. И. Волков мəліметтері бойынша 20 


177
л-ге жетуі мүмкін. Оттегі қарыздылықтың мөлшері өте өзгермелі, 
сондықтан нəтижені нақты болжауда қолданылмайды.
Оттегі қарыздылықтың алактацидті (жылдам) фракция-
сы өлшемі бойынша жылдамдықты-күштік сипаттағы (спринт) 
өте қысқа мерзімдік жаттығуларды қамтамасыз ететін анаэробтық 
(фосфагендік) сыйымдылық бөлігін бағалауға болады. Ол арнайы 
формуламен есептеледі.
Оттегі қарыздылықтың «фосфагендік фракциясының» типтік 
максималды өлшемі дене салмағына 100 кал/кг жуық немесе 1,5-2 
л О
2
. Жылдамдықты-күштік сипаттағы жаттықтыру нəтижесінде ол 
1,5-2 есеге артуы мүмкін.
Шекті ұзақтығы бірнеше ондаған секундқа созылатын жұмыстан 
кейін оттегі қарыздылықтың едəуір (баяу) фракциясы анаэробтық 
гликолизбен, яғни жылдамдықты-күштік жаттығуларды орын-
дау үдерісінде сүт қышқылының түзілуімен байланысты жəне 
сондықтан лактацидті оттектік қарыздылық деп белгіленеді. Бұл 
оттектік қарыздылықтың бөлігі СО
2
мен Н
2
О дейін тотығу мен гли-
когенге дейін ресинтезі арқылы организмнен сүт қышқылын жоюға 
қолданылады.
Анаэробтық энергияның лактацидті компонентінің максималды 
сыйымдылығы жас жаттықпаған ер адамдарда дене салмағына 200 
кал/кг жуық, ол қанда 120 мг% (13 ммоль/л) жуық сүт қышқылының 
максималды концентрациясымен сəйкес келеді. Жылдамдықты-
күштік спорт түрлерімен шұғылданатын айтулы спортшыларда 
қандағы сүт қышқылының максималды концентрациясы 250-300 
мг%-ға дейін жетуі мүмкін. Ол дене салмағына 400-500 кал/кг мак-
сималды лактацидтік (гликолиздік) сыйымдылыққа сəйкес келеді. 
Мұндай жоғары лактацидті сыйымдылықтың бірнеше себептері 
бар. Ең алдымен, спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда 
спортшылар неғұрлым жұмыстың жоғары қуаттылығын дамытуға 
жəне оны барынша ұзақ сақтауға қабілетті. Бұл, атап айтқанда, 
жұмысқа көп бұлшық ет массасының қатысуымен (рекрутир-
леу), соның ішінде жоғары гликолиздік қабілеттілікке ие жылдам 
бұлшық еттер талшықтарының жұмысқа қатысуымен қамтамасыз 
етіледі. Жоғары білікті спортшыларда – жылдамдықты-күштік 
спорт түрлері өкілдерінде бұлшық еттердегі бұл талшықтардың 
көп мөлшері жоғары гликолиздік қуаттылық пен сыйымдылықты 
қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Бұдан басқа жаттықтыру 


178
сабақтары үдерісінде, əсіресе, анаэробтық қуаттылықты қайталама-
интервалдық жаттығуларды қолдану кезінде спортшының жоғары 
жұмыс қабілеттілігін сақтай отырып, қанда жəне дененің басқа 
сұйықтықтарында сүт қышқылының едəуір жоғары концентра-
циясына (жəне сəйкесінше рН едəуір төмен мəні) оның «шыдауы-
на» мүмкіндік беретін механизмдер дамиды. Əсіресе, бұл орташа 
арақашықтық желаяқтарына тəн.
Н. Н. Яковлев мəліметтері бойынша күштік жəне жылдамдықты-
күштік жаттықтыру жаттықтырылған бұлшық еттерде белгілі 
бір биохимиялық өзгерістер тудырады. Жаттықпаған адамдарға 
қарағанда, оларда АТФ жəне КрФ мөлшері біршама жоғары (20-
30%-ға) болса да, оның жоғары энергиялық мəні жоқ. Фосфагендер 
(АТФ, АДФ, АМФ, КрФ) айналымының (ыдырау жəне ресинтез) 
жылдамдығын анықтайтын ферменттердің, соның ішінде миокина-
за мен креатинфосфокиназаның белсенділігінің жоғарылауы көбірек 
маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет