181
төзімділік
арнайы, демек, əр адамда əрекеттің белгілі, арнайы түрін
орындау кезінде көрінеді.
Орындалатын дене (бұлшық ет) жұмысы типі мен сипатына бай-
ланысты төзімділік:
1. Статикалық жəне динамикалық төзімділік, яғни сəйкесінше
статикалық немесе динамикалық жұмысты ұзақ орындау қабілеті;
2. Жергілікті (локалды) жəне ауқымды (глобалды) төзімділік,
яғни сəйкесінше жергілікті (бұлшық еттің аз санының қатысуымен)
немесе ауқымды (бұлшық ет массасының жартысынан көбірек
бұлшық еттер тобының қатысуы кезінде) жұмысты ұзақ жүзеге асы-
ру қабілеті;
3. Күштік төзімділік, яғни көп бұлшық ет күшінің көрінуімен
қатар жүретін жаттығуды бірнеше рет қайталау қабілеті;
4. Анаэробтық жəне аэробтық төзімділік, яғни энергиямен
қамтамасыз етілудің анаэробтық немесе аэробтық типтерінің ба-
сым келуімен ауқымды жұмысты ұзақ орындау қабілеті деп 4-топқа
жіктеледі;
Спорт физиологиясында төзімділікті көбіне, бұлшық ет
массасының көп (дененің барлық бұлшық ет массасының жарты-
сына жуық жəне одан асатын) бөлімінің қатысуымен орындалатын
жəне көбірек немесе толығымен аэробтық жолмен жұмыс істейтін
бұлшық еттерде энергия өндірілуін қамтамасыз ететін организмнің
оттегіні үнемі пайдалануы арқасында үздіксіз 2-3 минут созылатын
осындай спорттық жаттығулардың орындалуымен байланыстырады.
Басқаша айтқанда, спорт физиологиясында төзімділікті аэробтық си-
патты ауқымды бұлшық ет жұмысын ұзақ орындау қабілеті ретінде
анықтайды.
Төзімділікті қажет ететін спорттық жаттығуларға барлық
циклдік сипаттағы аэробтық жаттығулар, атап айтқанда, 1500 м
арақашықтыққа жеңіл атлетикалық жүгіру, спорттық жүріс, тас жол
веложарыстары, барлық арақашықтықтағы шаңғы жарыс, 3000 м
арақашықтыққа конькимен жүгіру, 400 м арақашықтыққа жүзу жəне
т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: