Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Қоңыржай белдеудің қылқанды ормандары



Pdf көрінісі
бет86/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   120
Байланысты:
0bb643b3eadc5d8ca84637975cb483a4

Қоңыржай белдеудің қылқанды ормандары. Қоңыржай белдеудің 
қылқанды ормандарының аймағы Солтүстік жарты шарда, Солтүстік 
Америкада және Еуразияда кездеседі. Оңтүстік жарты шарға қылқанды 
ормандардың басқа түрі – тропиктік ормандар тән. 
Температуралық режим
: орташа жылдық температура -3-тен +3 °С-ге 
дейін. Шілде айының орташа температурасы +12-ден +18 °С-ге дейін, 
қаңтар айының орташа температурасы -12-ден -50 °С-ге дейін жетеді. 
Жауын-шашын режимі
: жылына 400 — 800 мм (ерекшелік 1 000 мм 
дейін —Скандинавияның тайгасы, Қиыр Шығыстың оңтүстігі).
Ылғалдандыру коэффициенті
: іс жүзінде барлық тайгада 1-ден көп. 
Топырақ
— құрамында қарашірік аз (1-ден 4 %-ға дейін) ақшыл 
сұрғылт түсті топырақ, әдетте, pH < 7 (қышқыл орта). 
Өсімдік ерекшеліктері
Тайгаға қылқан жапырақты ағаштардың 
үстемдігі тән. Ағаш ярусы – монодоминантты. Әдетте майда ағаштар 
(
арша, таңқурай, орман бөріжидегі
) нашар дамыған. Әсіресе бұташық-шөп 
ярусы қалың (кейде 
аршагүл, итбүлдірген, қаражидек, терістік линнея, сібір 
уширмауық
). Әрқашан дерлік мүкті-қыналы жамылғысы бар. Ағаш 
діңдерінде – эпифиттік қыналар.
Ресейде тайгалар күңгіртқылқанды және ақшылқылқанды тайгалар 
деп бөлінеді. 
Күңгіртқылқанды тайга
– 
Майқарағай 
(
Abies
), 
Шырша 
(
Pi- 
cea
) тұқымдарының түрлерінен түзілген. Кейде күңгіртқылқанды тайга 
Еуразияда қарағай тұқымының түрлері – 
сібір қарағайдан (сібір 
балқарағайы); 
Қиыр Шығыста – 
кәріс (маньчжур) балқарағайынан
түзіледі.
Ақшылқылқанды тайга 
Балқарағай
,
Қарағай 
тұқымдарының 
түрлерінен түзілді. 
Еуразияда ақшылқылқанды түрлер (климаттың континенттілігіне 
байланысты), Америкада – күңгіртқылқанды түрлер мол. 
Қылқанды ормандар өсімдіктерінің жарықтың жетіспеушілігіне 
бейімделуінің ерекшелігі мынада:
■ 
қоректенудің микотрофтық тәсілі;
■ 
саңырауқұлақтарда 
паразиттік 
өкілдер 
(
шыршақұлақ, ұяшөп, жапырақсыз орашық
)
бар; 
■ 
көп мәңгі жасыл түрлер (
жылдық сушырмауық, итбүлдірген, аршагүл,
баранец, аюқұлақ, алмұртшөп
);


156 
■ 
жазғы-қысқы жасыл түрлер (өсімдіктер әрқашан жасыл, бірақ бір 
жылдан артық өмір сүрмейді); 
■ 
споралы өсімдіктер (солтүстік шоқшабас, Линнея жалаңтұқым, 
аналық таға; Усасыр, Фегоптерис тұқымдарының түлері (оңтүстік 
аудандарда); Эльб сабақжапырағы және Қыранот; орман 
Қырықбуыны және жайылма Қырықбуыны; 
■ 
өсімдіктердің гүлдері ақ (жәндіктер аз және жарық жетіспеушілік), 
тұқымдармен емес, жерасты жерсабақтармен (еуропа жылқышөбі), 
не өрмелеуші тамыр сабақтармен (қарға көзі, меруертгүл, 
шолпанкебіс); түйнектермен (қосжапырақты жұпаршөп, клобукты 
неоттианта) көбейеді. 
11.2.4. Полярлық климаттың 
өсімдік аймақтары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет