Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Зертханалық-практикалық жұмыстар



Pdf көрінісі
бет88/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   120
Байланысты:
0bb643b3eadc5d8ca84637975cb483a4

158 
Зертханалық-практикалық жұмыстар
 
Зертханалық-практикалық жұмыстардың мақсаттары мен 
міндеттері. Зертханалық-практикалық жұмыстар оқушылардың оқу 
материалын тереңірек меңгеруі, практикада «Ботаника және 
өсімдіктердің физиологиясы» пәні курсының теориялық білімін бекітуі 
үшін арналған. Зертханалық-практикалық сабақтардың курсы 
аяқталғаннан кейін оқушы: 
■ 
бақылауы, мұғалім ұсынған алгоритммен аналогияға сәйкес немесе 
ол бойынша әрекет етуі, жұмыстың күтілетін нәтижелерін болжауы, 
оларды талаптарға сәйкес ресімдеуі, тиісті есептерді орындауы және 
алынған деректерді талдауы, қорытындылар шығаруы; 
■ 
микроскоптаудың, 
өсімдік 
объектілерінің 
уақытша 
микропрепараттарын дайындаудың, өсімдіктерді анықтаудың, 
өзіндік эксперименттік қызметтің практикалық тәжірибесінің бар 
болуы тиіс. 
Жасушалық, 
тіндік 
және 
ағзалық 
деңгейлерде 
өсімдік 
объектілерімен жұмыс жасау меңгерілген материалды көрімдеуге, түрлі 
ғылымдардың: 
анатомияның, 
морфологияның, 
физиологияның, 
жіктеудің, өсімдіктер географиясының позициясынан өсімдік 
ағзаларының ұйымдасуының және тіршілік әрекетінің ерекшеліктері 
туралы объективті түсінік қалыптастыруға жол береді.
Алгоритм және зертханалық-практикалық жұмыстарды орындау 
талаптары. 
1. Жұмыстың мазмұнымен танысу. 
2. Зертханалық альбомға жұмыстың тақырыбын және мақсатын 
жазу. 
3. Жұмыстың барысын қысқаша конспектілеу. 
4. Жұмыс орнын ұйымдастыру: қажетті жабдықтарды, өсімдік 
объектілерін дайындау. 
5. Жұмыста көрсетілген тапсырмаларды орындау. 
6. Нәтижелерді зертханалық альбомда ресімдеу: қажетті есептерді 
өткізу, кестелерді толтыру, графиктер мен диаграммаларды құру, 
объектілердің суретін салу, суреттерге тиісті жазулар жасау. 
7. Қойылған мақсаттарға сәйкес жұмыс бойынша қорытындылар 
жасау. 
8. Өз жұмыс орнын және жабдықтарды реттеу. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет