Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет91/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   120
Байланысты:
0bb643b3eadc5d8ca84637975cb483a4

Микроскопты күту. Микроскоп — өте нақты және күрделі құрал. 
Тек жіті күтім кезінде ғана ол ұзақ уақыт жұмыс істейді. 
Оптикалық шыныларды басқа еш нәрсеге қолдануға болмайтын 
арнайы фланельді немесе мақта-мата жұмсақ таза майлықпен сүрту 
керек. Көздіктің және объективтердің айналарын баспай-ақ сүртеді. 
Объективтерді бұрап шығаруға тыйым салынады, себебі олар 
бүлінеді. 


162 
Жұмыстан кейін микроскоптың барлық бөліктерінің бүтіндігін 
тексереді және оны жіті сүртеді. Жұмыс уақытында микроскопты 
реактивтердің әсерінен қорғайды. 
Механикалық бөліктердің жұмысында қиыншылықтар туған кезде, 
күш қолдануға болмайды. Микроскоптарды шаң-тозаң түспейтін жабық 
шкафтарда, реактивтерден бөлек сақтайды.
Жұмыстың аяқталуы. Микроскоп қолданылатын әрбір жұмыстан 
кейін револьвердің көмегімен көп есе үлкейтетін объективті болмашы 
есе үлкейтетін объективке ауыстырады, үстелден препаратты шешеді,
жарық түсіргішті сөндіреді, айнаны қырынан бұрып қояды, 
микроскопты қаппен жабады және арнайы шкафқа алып қояды. 
Жұмыс үстелді ретке келтіреді, іреуіш құралдарды (инелер, шыны 
таяқшалар, скальпельдер, кішкентай қысқыштар және т.б.) орнына 
қояды, шыныларды жуады және құрғақ таза майлықпен сүртеді. 
Жұмыс орнын міндетті түрде ылғалды матамен жіті сүртеді. 
Микропрепараттардың суретін салу. Микропрепараттың бейнесін 
сипаттамамен ауыстыруға болмайды.
Оқу суреті анық және қарапайым, техникалық сызбаға ұқсас болуы 
тиіс. Бейнелеу құралдар ретінде тек қана нүктелер мен сызықтар бола 
алады. Әдеттегідей, қарындашпен өңдеуге болмайды. Сонымен қатар, 
абайлап бояу керек.
Анатомиялық суреттің екі түрі бар.
Схемалық суретте тек тіндердің шекаралары көрсетіледі, ал 
жасушалар суреттелмейді. 
Толық жете суретте барлық егжей-тегжейлер көрсетіледі. 
Схемаларда уақытты орынды жұмсап және жеке тіндердің суретін 
салмай-ақ, анық және тез тіндердің жалпы пропорцияларын, ара 
қатынастарын және орналасуын көрсетуге болады. Схемаларды 
қосымша суреттермен толықтырады. 
Оқу суретін орындау үшін: 
■ 
сурет салатын құралдар: сурет салуға арналған үлкен форматты (20 х 
30 см) қағаз, орташа жұмсақты қарандаш, жұмсақ өшіргіш, түрлі-
түсті қарындаштар жинағы (алты түс) болу; 
■ 
тек қана препаратта көрінетін заттардың суретін салу; 
■ 
сурет салу алдында қағаз бетінде суреттердің орналасуын ойлау; 
■ 
суреттердің өлшемі тек бейнелеуге жататын бөлшектердің өлшеміне 
сәйкес келуі; 
■ 
мүшенің, тіндердің және жасушалардың өлшемдері арасындағы 
пропорцияларды бұзбау қажет. 


163 
Толық жете және схемалық суреттерді орынды үйлестіреді. 
Схемаларда тек тіндердің шекараларын көрсетеді. Сурет қара 
қарындашпен орындалғаннан кейін түрлі-түсті қарындаштарды 
қолданады. Толық жете суреттерде препараттың табиғи бояуын 
көрсетеді. Схемаларда түстер географиялық картада сияқты шартты 
болуы мүмкін. Мысалы, ксилеманы әрқашан қызыл түспен, флоэманы – 
көк түспен, тығынды – күрең түспен көрсетеді. 
Суреттер анық және таза болуы тиіс. 
Суреттерге қатысты жазуларды қалыпты шрифтпен, суреттің оң 
жағында жасайды. 
№1 зертханалық-практикалық жұмыс 
ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНЫҢ 
ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ. ЦИТОПЛАЗМА 
ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет