Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет101/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162
Аманжол:
Астанам ардақ тұттым бақ мекен деп,
Азаттықтың мекені шат мекен деп.
Әсемжан, саған қарап жұртым отыр,
Шіркінді қандай ана тапты екен деп.
Жүрсін аға қасына тығылмақсың,
Аманжолдың азуы қатты екен деп.
Апыр-ай, Жүкең көкем қайтер екен,
Жанына тығылғанда ақбөкен кеп.
ол кісі шұбар жонды жолбарыс қой,
Жұтып қойып жүрмесін тәтті екен деп.
Шабыттың арқасында шалқаралы,
сайрасам қызыл тілден бал тамады.
Баянтауға қашып сен бара алмассың,
Болмаса ар жағында Қарқаралы.
себебі, машкьевич сатып алған,
ділдәсі көп болған соң қалтадағы.


275
Айтыс VI том
Әкесінің малындай жұмсап жатыр,
Қазба байлықтарымды картадағы.
еріккен олигарх ұстап алар,
ойланып көрсең қайтед, қалқа, тағы.
тарихта Біржан салдың аты қалған,
Шоқанның мәңгілікке хаты қалған.
Киелі Көкшетаудың жер шұрайын,
Кулагин деген әкім сатып алған.
солтүстіктің егінін, қоймаларын,
терещенко, лужковтар тартып алған.
мәскеулік алтын қалпақ лужков мырза,
Жыл сайын бидайын кеп артып алған.
Көкшетауға барғанмен орындалмас,
Әсем қыз, кеудеңдегі асыл арман.
өр Алтай, Қарт Шыңғыстау арлы мекен,
табиғат көрік берген жалды мекен.
Қара ертіс бойлай аққан сулы мекен,
Қара орман, қарағайлы, талды мекен.
төрт түлігі тел өрген малды мекен,
Атомнан зардап көрген зарлы мекен.
Көктемде ауыл халқын састыратын,
сай-саласын қар басар қарлы мекен.
Храпунов сатып-сатып қашып кеткен,
сен баратын дұрыс жер қалды мекен?!
тұяғын кер төбелдің тағаладым,
Арасын талай жердің араладым.
Алтайға алты аттап баратын қыз,
мән беріп әр сөзіңді сараладым.
Ағалар атып алар дегеніңді,
Асығыстау айтты-ау деп шамаладым.
ойланбай ата салар, жарып салар,
вахабит емес шығар ағаларың?!
Алтайға бара қалсам жақындағы,
отыр ма маған да оғың атылғалы.
Атады деген сөзді айтпа, Әсем,
Аз ба еді ақындардың атылғаны?!


276
Қазақ өнерінің антологиясы
рухты көк түріктің тұқымдары,
Қасқырша атылмап па еді ғасырдағы.
Хан Кенені кескілеп өлтіргенмен,
Қырғыздың хан туған жоқ қатындары.
Қарақшының қолынан кесілмеп пе ед,
ғазиз бас махамбеттей батырдағы.
Азаттықтың жолында мерт бомап па ед,
Қазақтың рухы мен ақылдары.
тәуелсіздік алғанда қазақ елі,
Қазақтың атылмасын ақындары.
сұлатқан құрбы-құрдас қатарыңды,
Құлатқан алтын өркеш атаныңды.
Жайратып нКвд жалғыз оқпен,
Құдыққа тастамап па ед Шәкәрімді.
марғасқа мәдиді атып өлтіргенде,
Кебін ғып жаппап па едің шапаныңды.
Алаштың арыстарын атпап па еді,
сиретіп ақ бөкендей қатарыңды.
сағынып азаттыққа жеткен қазақ,
енді ешкім бөгемесін сапарыңды.
Көзінде жас ұрпақтың от болса екен,
рухани қазынасы тоқ болса екен.
Бүгінгі ақ орданың маңайында,
рухты арлан қазақ көп болса екен,
Храпунов секілді қашып кетер,
екіжүзді шенеунік жоқ болса екен.
Әсем:
Жан емес Жүрсін ағам киік қуған,
ол сіз ғой бізді көріп күйіп тұрған.
Алашты айтысымен қауыштырып,
Халқына өнегелі күй ұқтырған.
Жеп қоймас Әсем қызды тәтті екен деп,
Күтпейді ел ондай қылық сүйікті ұлдан.
Қобыланды ұрпағы ғой Жүрсін ағам,
тұлғасы пенделіктен биік тұрған.
Байлығы ән менен күй, жыр елімнің,
еліме арналады тілегім мың.


277
Айтыс VI том
Алтайда түк жоқ деген бұл ағама,
Қажырын көрсетейін білегімнің.
мастанбай машкьевичтар нағылады,
Ақ адал болмаған соң ұлы елімнің.
сенімін үмітімен ақтамады,
ел сенген елбасыдай тірегімнің.
ойрандап кетсе-дағы опасыздар,
туған жер төріндесің жүрегімнің.
Шыңғыстау, өр Алтаймен үнін тыңда,
түлеген тұғырынан түлегіңнің.
Байлығын Храпунов жеп кеткенмен,
Ай-күні аспанында тұр елімнің.
ол рас, кер бестіні тағаладың,
тау-тасын туған жердің араладым.
сіңіріп өсиетін өткенінің,
Қасиетін топырағының бағаладым.
Алаштың астанасы ару семей,
Әлихан, сәкен жүрген дара бағым.
Ахмет, міржақып пен сұлтанмахмұт,
оятқан қараңғы елдің саналарын.
сол жерде Әуезовтей ұл толғатқан,
Құрсағы құтты, алып аналарым.
оқытып Шәкәрімнің «Ар ілімін»,
Баптаған байыпты ғып балаларын.
ұрпақты ізгілікке жетелеген,
дәрия жүрегі кең даналарым.
ұлтына қай кезде де жоқшы болған,
вахабит емес менің ағаларым.
Алысқа мен кетпеспін адал болсаң,
ізгілік нәрі боп тамар болсаң.
мен сізден қашып, аға, қайда барам,
Жаныма жақсы іспен жағар болсаң.
мағжандай маңғаз туған ақын дер ем,
Жұлдыздан «жүзік, алқа» тағар болсаң.
Қайтер ең, осы қазір дәл қасыңа,
еліктей ерке басып барар болсам.
Алдында мына келген ағайынның,
осындай жомарттыққа бара болсаң.


278
Қазақ өнерінің антологиясы
Әсемдей қыз көңілін қалдырмассыз,
сал-сері шыныменен ағам болсаң.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет