Қазақ өнерінің антологиясы
міне, осындай емес пе,
Біздің егемен елдің шаттығы.
егемендік, тәуелсіздік,
осылай айтады жақсыны.
Ал сені болса, қарашы,
Бай атам беріп
тыншымайды санасы.
Әлбетте, төріңе жеткен кезімде,
еліңе келген кезімде,
Жеріңе келген кезімде,
мен жаман сөзді айтпайын,
Әлбетте, қазақ халқының
Жақсы жағын да мақтайын.
Бауырға жақсы сөзді
Айтуға тілек дап-дайын.
мен бүгін сенің төріңе
Шабысқалы келмедім,
өйткені қылышым жоқ қолымда.
сайысқалы келмедім,
Автоматым жоқ жонымда.
сіздерге құттықтау айтып келгенмін,
Жақсы тілек қана ойымда.
Бірақ, қырғызға қарай өзіңнің
Жаман сөз шықты бойыңда.
Кейінгіде бұл сенің
Болып тұрсын ойыңда.
Қазір ғана деп айттың,
Қырғыздан көрі қазақтар
Жырлап жатамыз деп айттың.
оны білмеймін неге айттың.
Шетелге қырғыз қарызы,
санасақ екі миллиард доллар,
Шетелге қазақ қарызы
неше миллиард доллар?
Білмесең досым, ендеше,
Көңіліңе түйіп ал.
осы жерден күйіп ал.
Кеше мен интернеттен іздедім,
Жүз жиырма төрт миллиард сыртқа
доллар қарыз екен, біліп ал!
е, Бауырым, бауырым,
267
Айтыс VI том
егерде қарыз алғанда,
Біз де қилы жолға бармақпыз.
мырзатай аға, білесіз,
Қырғыздардың мінезін.
Жұлдыздай көкте жанбақпыз.
Шетелден жүз жиырма төрт миллиард қарыз алсақ
Астанадай қаладан
Алтауын қатар салмақпыз.
Әлбетте, ақындыққа баласа.
Бұлардың бәрін санаса
мен бүгін жақсылықтарды көп ойлаймын.
Білесің бе, нені ойлаймын?
Астананың қаласында
Жамандықты неге ойлаймын.
Бұйырса тәуелсіздік күндері
Болашақта, алдыда.
124 миллиард қарыздан
Қазағым құтылса екен деп ойлаймын.
Әлбетте, менің қазағым,
сенімен бірге жатамын,
Асу асу қырларды
сенімен бірге асамын.
Күніге түнде жатқанда
оңалсын деп қазағым,
Алладан сұрап жатамын.
өйткені қазақ бір туған,
Алыстап қайда қашамын?
Кеше мырзатай ағам айтқандай,
іштарлықпен дұшпандар
Әлбетте, бізді көре алмайды.
Қазақ пенен қырғыздай
Басқа ешкім бола алмайды.
Қазақ пенен қырғызға
ешкім жәрдем бере алмайды.
мұндай жерге келгенде
Ақындар қатты өре алмайды.
демек, қазақтармен ешқашан
Қырғыздардан басқаға
ешкім жәрдем бере алмайды.
Біздің ортамызды
Алатау ғана бөлмесе
268
Қазақ өнерінің антологиясы
ешқашан дұшпан бөле алмайды.
содан кейін деп айттың:
россия менен АҚШ-қа
Шоқынып едің деп айттың.
ельцинге қойып ескерткіш
ол жөнінде көп айттың.
Біз деген кең пейіл қырғыз елденбіз,
талай зорды көргенбіз.
Қалпағымызды кидіріп,
Басымызды алдырмай
Қара қалмақты жеңгенбіз.
сол үшін де осындай
Алатау-биік төрденбіз.
Биік жерге жайғасып біз дағы,
Биік болып өнгенбіз.
егемендік, тәуелсіздік үшін біз дағы
Қанша жерде жеңгенбіз.
Қанша жерде өлгенбіз.
содан, ескерткіш құрып орысқа,
Қазақты ештеңе бермеді деп ойлама.
Қазақ та жақын бауырым деп,
Қарсылап төрді бергенбіз!
Ринат:
Бізге рас береді көмекті кім,
Қарыз жайлы айттың ғой деректі мың.
екі-ақ миллиард қарызыңыз бар болса егер,
себебі де көп шығар демек мұның.
Біз жүз жиырма миллиардтан құтылармыз,
Қазағым жоғалтпаса өр екпінін.
Шетелдегі адамдар біледі ғой,
Кімдерге қарыз беру керектігін.
Келгенде екеуіміз керіскелі,
Айып емес ақындардың тебіскені.
ол рас сауда жасап қазақ әйел,
өз елінде қылар күн көріс тегі.
өзге түгіл менің де шешем сатқан,
Жаңағы өзің айтқан семішкені.
Біздің елде әрқашан міне осылай,
Келеді бостандықтың жеңістері.
269
Айтыс VI том
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Жасап жатыр жиырма жылдық анық той.
тұңғыш рет көріп тұрсың сен оны,
нағыз қазақ осы міне, танып қой.
Қазақ осы алтын, мұнай қазатын,
Қазақ осы биікке қол созатын.
Қазақ осы, қай бәйгеге салсаң да,
оқ бойымен дара келіп озатын.
Қазақ осы дара келіп озатын,
Қазақ осы, өзі батыр, өзі ақын.
Қазақ осы қатпар-қатпар тарихын,
Қағаз емес тасқа басып жазатын.
Қазақ осы, бір Аллаға сенетін,
Қонағына қолда барын төгетін.
Қырғызға да «қазақ жоқ» деп сөйлеген,
Астанада төрден орын беретін.
Қазақ осы, Абай, мұхтар, Шәкәрім,
еш ұмытпаған ұлылықтың қаһарын.
Бар әлемге мәшһүр қылып атағын,
Болашаққа жасап жатыр сапарын.
Қазақ осы, Кенесары, Абылай,
ер Қабанбай, Бөгенбай мен Ағыбай.
Қазақ осы таудай болып алатын,
Қанша шашып тастасаң да тарыдай.
Қазақ осы дінмұхаммед Қонаев,
Бір-ақ істің арнасында болайық.
Қыран құс тұр көк аспанның астында,
Қуаныштың омырауын соғайық.
Қазақ осы, сексен алты, Желтоқсан,
Бостандықтың темір торын серпе ашқан.
Құлағымды саған кесіп берейін,
Бұл қазақтан артық туған ел тапсаң.
270
Қазақ өнерінің антологиясы
Қазақ десе бал төгілер тілімнен шын,
сөйледік ел құлағы түрілгенсін.
Аалы, қолыңды бер, қоштасайық,
ринат енді саған сырын берсін.
мен жақсылық тілеймін қырғыздарға,
Жамандық енді сенен қырын болсын.
Бейбітшілік мәңгі кеп Бішкегіңе,
ынтымақ ұлтыңызға ырым болсын.
тоқтардай батыр тауып жеңгелерің,
ғарышқа да тігілер туың болсын.
Қырғыздың көшін оңға бастайтындай,
Құдайым нұрсұлтандай бір ұл берсін.
Келешекте Құдайым Қырғызстанға
Қазақстанның бүгінгі күнін берсін!
Аалы:
Әлбетте, сенің жақсы екен,
Аалыға айтқан мақсатың.
сақталып қалсын қазақта
ринат деген жақсы атың.
егер де елің күрессе
Бүліктер қайта атпасын.
Қазақтың күнін берсін дейді қырғызға
Әлбетте жолдарын ашсын да
Жаман жол ешкім баспасын.
Қырғыздан келе жатқан сұр бұлт
лезде мұнда келе жатады,
одан Құдай сақтасын.
Айналып өтсін сіздерден,
Ашығын мен айтпасам
Халқыма құнды сөзімді.
енді менің айтарым,
еліме міне, қайтамын.
өздеріңе келгенде
өкпелегендер тағы бар.
«мен төкпемін мінсіз» деп,
төкпелегендер тағы бар.
менің айналайын, бауырым,
Ашық сөз айтсам қабыл ал.
Білгің келсе шынығып,
Қырғыздың талай төріне барып ал,
271
Айтыс VI том
ілгеріде қырғыз деп айтқан,
Қазақта тағы көп айтқан,
Білесің бе,нені айтқан?
«Ауылы жақын күшіктің
Құйрығы қайқы» деп айтқан.
енді ашық болар а, бәлкім,
осындай деп сені айтсам.
енді басқаға сөзді бұрайын,
мен қырғыздан келген баламын.
Әлбетте, қазақ бір туған,
одан мен қалай танамын.
Жаным да бірге сенімен,
сенің жаныңда шығып қарадым.
рұқсат енді берсеңдер,
Құдай тағалам бұйырса мен
Бішкекті көздей барамын.
Қазақтар мындай екен деп,
Жаңалықтардан саламын.
содан қасында жырлап жатамын,
Асанәлідей ағаның.
Бекежанды көрдім деп,
Бұйырса қырғызға айта барамын!
2011 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |