Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет104/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   162
БАЛҒЫНБЕК ПЕН МҰХТАР
Балғынбек:
Аралды Арал десем кім білмеді,
Алшаңдап топырағында кім жүрмеді?
Атасына ас берген арда жұртқа,
мен келдім құрметімді білдіргелі.
Астанада жатыр ем, Жүрсін ерман
Қоймастан осы айтысқа «жүр, жүрледі».
Қоймаған соң, қайтейін, келіп тұрмын,
Әперетін шығар деп бір жүлдені.
«лондоннан» бастайыншы әңгімемді,
Қызуы суып әлі үлгірмеді.
илья ильин – Жақайым деп естіп ем,
Бұл сөзді айтқаным жоқ күлдіргелі.
екі мәрте олимпиада чемпионы:
«сырды туып, сырда өскен ұлмын» деді.
Жеңісінің себебін сұрағанда,
«Қазы жеп, қымыз ішіп жүрмін» деді.
Қазақша «Құдай қаласа, Бразилиядан,
үшінші алтын алғалы тұрмын» деді.
«Құдай қаласа» дегенге ішім жылып,
Қуантты орыс ұлдың тіл білгені.
Ағайын, соның бәрі сенің арқаң,
топырағың құм емес, жырдың кені.
Қасиетіңнен айналдым, орысты да,
Құдайшыл қып өсірген сырдың жері.
Астарың қабыл болсын, ал, Жақайым,
намысы наркескендей нар Жақайым.
ішім толып қалыпты айтыс болмай,
ендеше қызыл тілді сарнатайын.
Болғанда жағым – садақ, тіл – адырна,


283
Айтыс VI том
Жырымды жебе қылып жамбы атайын.
Атасына ас берсе ат шаптырып,
Ағайын, одан асқан бар ма тойың?
Алыспақ керек пе, әлде атыспақ па?
мұхтаржан, оны саған таңдатайын.
Атыссаң оқтарымды заулатайын,
Алыссаң қызыл құмға аунатайын.
Аралға тұңғыш рет келіп тұрмын,
сондықтан ұзағырақ толғатайын.
ұрпағы қара ормандай Жақайымға,
Қара өлеңнен ескерткіш орнатайын.
ежелден өлең сөзге атам құмар,
«сыр елі – жыр елі» деп мақал қылар.
сахнаға Жүрсін, мұхтар, Балғынбек боп,
сап етіп шыға келді сақалдылар.
Әйтеуір сыр елінің әдеті жоқ,
сақалдыны «террорист» атандырар.
Армысың, мұхтар бала, сырда туып,
Жетісудың сарынын мақам қылар.
Құдайдың құдіретін көрмейсің бе,
Біреуді ұзын, біреуді тапал қылар.
Шынашақтай мұхтардың шамасы бар,
Балғынбектің костюмін шапан қылар.
өзі нар болмаса да бұл мұхтардың,
сөзі бар екпінінен атан құлар.
тойларың құтты болсын, Аралдықтар,
Әуелі сұрайтыным амандық хал.
сырдан бесеу алдырып, қырдан бесеу,
Жұптап жатқан қазыда адалдық бар.
Қызылорда мен Қазақстан құрамасы
Айтысты деп айтып жүр тәмам жұрттар.
Жаманақтың асында той бастауға,
Жарап қапты кешегі жаман мұхтар.
нұрдәулетпен шықпағаным жақсы болды,
ол бала екпінінде шабандық бар.
ержеңіспен шықпағаным жақсы болды,
Баланың өлеңінде балаңдық бар.
Шынбергенмен шықпағаным жақсы болды,
ол жігітте әншілік мамандық бар.


284
Қазақ өнерінің антологиясы
Қайратпен шықпағаным тіпті дұрыс,
Жершілдік жасайды ғой адамға ықпал.
Қазыларға рахмет шын жүректен,
Бір молда тауып берді маған жұптар.
Халықты зәмзәм жырға қандыршы бір,
Қажыға барып келген халал мұхтар.
Мұхтар:
менің де бар қарқыным бір байқалад,
Ағамның көкірегінен сыр байқалад.
«Бір молда тауып берді» деп отырсың,
мұныңды ағайын жұрт тыңдай қалад.
сол молда шығармасын жаназаңды,
Күн сайын бере бермес мұндай талап.
өзіңнің мақамыңмен айтысайын,
Қашан да удың бетін у қайтарад.
Балғынбекке ағам деп жай қарасам,
деп отыр «сахнада сойқан ашам».
Кәдімгі піл аунаған шалғындай қып,
Жарар ед жан-жағыңды жайпамасаң.
таспен ұрған адамды аспен ұрып,
мен бәрібір құшақты айқара ашам.
«Жаманақтың тойында жаман мұхтар»,
деген сөзді болмайды қайталасаң.
өзім жаман болсам да халқым жақсы,
тарқамаған жұртпыз ғой той тамашам.
Жоңғарға қан жұттырған сартай құсап,
Жас та болсам сенімен тайталасам.
сыр елінің мұхтары боламын ба,
Ауылдың алты ауызын айта алмасам.
Қомпайтып, қомнан ауған шаңырақтай қып,
Қасымда қарсыласты шайқамасам.
сен менсінбей, теңсінбей отырғанмен,
Байқа енді күшіме қайта басам.
елемеген бұтақтың өзі кейде,
екі көзіңді ояды байқамасаң.
Бұл Балғынбек «серімін, салмын» депті,
«Алла айдап, Аралға кеп қалдым» депті.


285
Айтыс VI том
Келдім ғой «бір жүлдеңді бересің» деп,
Жүкеңе де қиғылық салғың кепті.
Қою, жылтыр сөзімен алдағанмен,
өзіне қарата алмас бәрібір көпті.
Аралдың көні кеуіп жатқан кезде,
Бір рет табан тіреп, хал білмепті.
енді кеп той үстінде көлік сұрап,
Бір-ақ күнде көрмекші бар құрметті.
Көптен бері қолыма түспей жүр ед,
Алаңсыз қайтарайын ал бір кекті.
Ағайын, дегенменен мықтысыңдар,
орындадың ойға алған бар міндетті.
Қамырдың орынына көлік салып,
Қармаққа түсірдің-ау Балғынбекті.
сахнада бірі қалып, бірі өлетін,
мықты айтыс бастағандай міне ретің.
өйткені, Жақайымның тойы ғой бұл,
Жауына жауар бұлттай түнеретін.
Хас дұшпанның алдына келген кезде,
үзеңгісі үзілгенше шіренетін.
Бұл халық сөз тыңдайды, себебі оның,
Арғы атасы Жетеске тірелетін.
сондықтан Жүкеңді де алдырып тұр,
Жырменен жұлмалаймыз жүрек етін.
Ассалаумағалейкүм, Аралдықтар,
Көңіліңді көктем қып, гүл егетін.
Алдыңа ақындарың келіп қалды,
Буырқанса бұрымдай жыр өретін.
сүйексіз тілімен ақ айтқан сөзін,
сүйегіңнен өткізіп жіберетін.
Шай ішіп боп қалдың ба, дәу Балғынбек,
Әр сөзіне құратын ау Балғынбек.
«Қызыл құмға аунатам» деп отырсың,
ойыңыз адалдықтан сау Балғынбек.
түйенің жығылуы қойдан оңай,
Қаншама жасасаң да шоу Балғынбек.
Жолықтық бір сом, елу тиын құсап,
Біздер төбе болғанда тау Балғынбек.


286
Қазақ өнерінің антологиясы
тәуекел деп, тас жұтып, топқа түстім,
тауыңды да тұрғандай аударғым кеп.
маңдайың болмағанмен маң даладай,
тіліңіз тістеп шаққан қандаладай.
Ақынның жолбарысы, Жүкең айтқан,
Жататын жатағына аң жоламай.
Қасқырдың ішіндегі арланысың,
Қарыны қампаймайтын қан жаламай.
танауыңа жүруші ед, таяқ бойлап,
таңқайып басқа жерде паң қарап-ай.
Аралға кеп отыр ма рухың қашып,
Шынжыр балақ, шұбар төс шомбал ағай.
Жылтырап екі көзің бара жатыр,
Абдырап отырсың ғой аңғал ағай.
Аралға ағып келіп абайсызда
Каналға түсіп кеткен камбаладай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет